Қолданыстағы ред. 02.08.2007

Қаратал ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы от 02.08.2007 г. № 54-239 (Қаратал ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы)

0

Қаратал ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне отын сатып алуға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 31- бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің 2007 жылғы 26 маусымдағы № 2-10-446 өтініш хатының негізінде, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қаратал ауданының ауылдық (селолық) жерлерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне 2007 жылғы бюджеттің қаражаты есебінен отын сатып алуға әлеуметтік көмек жылына 6ip рет 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бюджеттен 2930 мың (екі миллион тоғыз жүз отыз мың) теңге көлемінде төленсін.

2

2. Аудандық қаржы бөлімі (Б.Б. Мәдібеков) әлеуметтік көмектің қаржыландыруын, аудандық білім бөлімі (Н.Б. Тортаев) мен аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ш.С. Қаймолдина) әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.