Об утверждении стандарта бухгалтерского учета Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бухгалтерлiк есепке алу стандартын бекiту туралы Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есепке алу туралы 26.12.95 ж. N 2732 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi: 1. Ұсынылып отырған мұнай мен газды барлауды, өндiрудi жүзеге асыратын мердiгерлерге арналған бухгалтерлiк есепке алудың 20-шы "Мұнайгаз өндiру қызметiн есепке алу және есептiлiк" стандарты бекiтiлсiн.
Басқа 1. Бухгалтерлiк есеп стандарты N 20
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 21 қарашадағы N 7 қаулысымен бекiтiлген Бухгалтерлiк есеп стандарты N 20 Мұнай-газ өндiру қызметiнiң есебi мен есепкерлiгi БЕЖҰК БЕС 20 Мазмұны Параграфтар Iс-әрекеттiң мақсаты мен сапасы 1-7 Анықтау 8-18 Мұнай барлау және өндiру есебi 19-32 Қорларға және тиiстi операцияларға беру құқығы 33-35 Айқындау 36-45 Күшiне ену мерзiмi 46 Iс-әрекеттiң мақсаты мен сапасы
Тармақ 1
1. Бұл стандарттың мақсаты мұнай мен газды барлауға және өндiруге байланысты iс-әрекеттiң бухгалтерлiк есебiнiң және қаржы есепкерлiгiнiң ерекшелiгiн айқындау болып табылады.
Тармақ 2
2. Стандарт мұнай мен газды барлауды және өндiрудi жүзеге асыратын барлық мердiгерлермен жүйелiлiк негiзде қолданылады.
Тармақ 3
3. Жалпы мөлшерде мұнай мен газ өндiруде айтарлықтай үлес салмағы жоқ заңдық тұлғалар бұл стандарттың 36-45 параграфына сәйкес бөлiмiн айқындауға бұл стандарт қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Бұл стандарттың мақсаты ретiнде заңдық тұлғалар айтарлықтай мұнай мен газ өндiру көлемi бар болған жағдайда қарастырылады, егер олардың көрсеткiштерi мына талаптардың ең болмағанда бiреуiне жауап беретiн болса:
Тармақша 1
1) мұнай мен газ өткiзуден түскен табыс, салалас кәсiпорындардың мұнай және газ өткiзуiн қоспағанда, жалпы табыс сомасының 10 және одан жоғары процентiн құраса;
Тармақша 2
2) мұнай және газ өндiру қызметiнiң таза пайдасы (шығын) жалпы табыс (шығын) сомасының 10 және одан жоғары процентiн құраса;
Тармақша 3
3) мұнай мен газ өндiруге байланысты қызметке қатысты негiзгi қорлар құны негiзгi қорлардың жалпы құнының 10 және одан жоғары процентiн құраса. Талаптар әр жыл үшiн жеке қолданылады.
Тармақ 5
5. Бұл стандарт мұнай мен газды тасымалдау, өңдеу және сату бойынша, геотермальды суларды және iлесе жүретiн геотермальды қорларды өңдеу кезiнде тақта тастан көмiрсутегi гудронға бай құмдарды, көмiрдi немесе соған ұқсас өнiмдердi айыру бойынша қызметтерге қолданылмайды.
Тармақ 6
6. Бұл стандарттағы мұнай мен газ өндiру бойынша мердiгерлердiң қызметтерiне байланысты келтiрiлген айқындау, қаржы есепкерлiгiнде пайдалану үшiн қажеттi жалпы мәлiметтiң тек бөлiгi ғана болып табылады.
Тармақ 7. Анықтау
7. Мердiгер басқа бухгалтерлiк есептердi, егер олар бұл стандартқа қайшы келмесе, қолданады. Анықтау
Тармақ 8
8. Мердiгер - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес тиiстi органдармен шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушы.
Тармақ 9
9. Пайда болу жерi - кез келген үлгiдегi геологиялық шұңқырларда көмiрсутегiлердiң бiр немесе бiрнеше табиғи жинақталуын бiлдiредi.
Тармақ 10
10. Барлау - мұнай iздеуге және барлауға байланысты кез келген операцияны бiлдiредi, және оған, далалық геологиялық-геофизикалық зерттеулер, құрылымдық бұрғылаулар, iздеу және барлау ұңғыларын бұрғылау, сондай-ақ барлау кен орындарындағы тәжiрибе өндiрiстiк жұмыстар қосылады.
Тармақ 11
11. Шығару - мұнайды жер бетiне шығаруға байланысты кез келген операцияны бiлдiредi және сонымен қатар оған мыналар қосылады: жер асты және жер үстi өндiрiстiк жабдықтар мен құрылыстарды салу және пайдалану; мұнайды жер бетiне шығару, ұңғыларды пайдалану процесiн ұйымдастыру және жүргiзу; мұнайды өңдеу және тазарту; мұнайды бөтен қоспалардан айыру.
Тармақ 12
12. Коммерциялық табу - шарт жасалған бiр немесе бiрнеше аймақтан игеруге пайдалы кен орнының табылуын бiлдiредi.
Тармақ 13
13. Дәлелденген қорлар - бұл коммерциялық табу кен орнына жататын, оны игеру қазiргi уақытта экономикалық пайдалы болып табылатын А, В, С1 санаттарының қорлары.
Тармақ 14
14. Пайдалы (игерiлетiн) қорлар - бұл қазiргi тексерiлген технология мен техниканың егер қойнауы және қоршаған орта талаптарына сай қолдана отырып игерiлуi экономикалық тиiмдi қорлар. Геологиялық қорлардың бұл бөлiгi алынған мұнайдың, газдың және конденсаттың коэффициентiмен анықталады.
Тармақ 15
15. Тиiмсiз қорлар - бұл, игерiлуi, қазiргi уақытта экономикалық тұрғыдан қарағанда тиiмсiз қорлар.
Тармақ 16
16. Мұнай - бұл, шикi мұнайды, шикi газды тазартудан және жанғыш сланцыларды немесе смолалы құмдарды өңдегеннен кейiн алынған шикi мұнай, табиғи газ, сондай-ақ көмiрсутегiлер.
Тармақ 17
17. Барлау ұңғысы - бұл, жаңа кен орындарының құрылысын тiркеу және зерттеу үшiн бұрғылау, кен орнын игеруге даярлау мақсатында болашақтағы пайдалы қорларды айқындау.
Тармақ 18. Мұнайды барлау және өндiру есебi
18. Пайдалану ұңғысы - бұл, мұнай өндiруге байланысты кез келген операция үшiн бұрғыланған ұңғы. Мұнайды барлау және өндiру есебi
Тармақ 19
19. Мұнай-газ өндiру қызметiнiң өзiндiк ерекше қызметi айрықша түрдегi активтер құру болып табылады: тiкелей лицензия алу және шарт жасасу немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа жолдармен пайдалы кен орындарында барлауды жүзеге асыру және игеру құқы, (қорларға одан әрі иелiк құқы); мұнайды өндiруге, жинауға және даярлауға қажеттi пайдалану ұңғыларының және техникалық құрылыстардың жиыны.
Тармақ 20
20. Көрсетiлген активтер құруға байланысты барлық шығындар, олар туындаған сәтте ескерiледi.
Тармақ 21
21. Қорларға иелiк құқын есептеу тәртiбiн анықтау мақсатында былайша сыныпталады: дәлелденбеген қорларға иелiк құны; дәлелденген қорларға иелiк құны.
Тармақ 22
22. Дәлелденбеген қорларға алынған иелiк құнының құны мерзiм сайын бағаланып, оған келтiрiлген зиян шығындар сомасы ретiнде танылуы керек.
Тармақ 23
23. Дәлелденбеген қорларға иелiк құқы дәлелденген қорларға иелiк құнына қайта сыныпталуы керек, егер дәлелденген қорлар табылса.
Тармақ 24
24. Дәлелденген қорларға иелiк құқын алуға жұмсалған капиталдандырылған шығындар өндiрiстiк әдiстер бойынша амортизаторлануы керек. Амортизация әр иелiк құқы бойынша жеке есептеледi. Егер, қорларға иелiк құқы бөлiгiне қатысты қорлар мөлшерiн бағалау үшiн мәлiмет болмаса, амортизацияларды тiкелей құндық есептен шығару әдiсi бойынша есептеудi қолдануға болады.
Тармақ 25
25. Дәлелденбеген қорларға иелiк құқынан бас тартқан жағдайда оны алуға жұмсалған шығындар қорды бағалау есебiнен есептен шығарылуы керек, егер мұндай қорлар құрылса немесе шығындар ретiнде танылса, егер қорлар құрылмаса немесе оның сомалары адеквативтi емес шығындарға жұмсалса.
Тармақ 26
26. Мердiгерлердiң геологиялық және геофизикалық жұмыстарға жұмсаған шығындары тәртiп бойынша шығындарға жатады. Бiрақ, егер мердiгер тек барлау жұмыстарын жүргiзу құқына ғана ие болса, онда бұл жұмыстардың нәтижелерiн алғанға дейiнгi барлық шығындар одан әрі аяқталмаған шығындарға немесе коммерциялық табу табылған немесе табылмағандығына байланысты орнын толтыруын көрсету ретiнде ескерiледi және мердiгер мұнай өндiру бойынша жұмыстарды одан әрi жүргiзуге мүдделiгiне немесе мүдделi еместiгiне байланысты есептеледi.
Тармақ 27
27. Барлау ұңғыларын бұрғылауға жұмсалған шығындар, бұл ұңғы құрылысы аяқталғанға дейiн, одан кейiнгi шығындарды мойындай отырып (егер ұңғы тиiмсiз болып табылса), аяқталмаған құрылыс ретiнде танылады. Сынақ процесi кезiнде өнеркәсiп ағымына ие болған мұнай бойынша ұңғыларды барлау негiзгi қорлар құрамына аударылады.
Тармақ 28
28. Егер коммерциялық табу ұңғысы игерудi ыңғайластыруға аз шығын талап етiлетiн, жақын уақытта игеру жұмыстары жоспарланбаған шалғай аудандарда бұрғыланса, онда барлау ұңғысы зақымдалған болып табылып, оның шығындары шығын ретiнде танылады.
Тармақ 29
29. Бұрғылауға және ыңғайластыруға байланысты барлық пайдалану ұңғыларының, оларда мұнайдың табылғанына қарамастан, оның одан әрi шығындарын капиталдауды аяқтағанға дейiн құрылысы аяқталмаған болып табылады.
Тармақ 30
30. Мұнайды игеру жабдықтарына және дәлелденген шығындарға тiкелей қатысты пайдалану ұңғыларын және техникалық құрылыстарды салу иелiгiнiң шығындары өндiрiстiк әдiстердi қолдану арқылы мұнай қорларын игеру шаралары бойынша амортизацияланады. Игеруге арналған амортизаторлық бұл қаржылар мен шығындар мұнай құнының бөлiгiн құрайды. Бiр кен орнына жататын нысан құрылысы топтық негiзде амортизацияландырылуы мүмкiн.
Тармақ 31
31. Мұнай өндiруге қатыспайтын қосымша мақсаттағы негiзгi қаражаттар, дәлiрек айтқанда қондырғылар мен құрылыстар БЕС-ның 6 "негiзгi қорларды есептеуге" сәйкес ескерiледi.
Тармақ 32. Қорларға және тиiстi операцияларға иелiк құқын беру
32. Мұнай-газ өндiру қызметi процесiнде орын алған кейбiр шығындар активтердi, алуды қажет етпейдi, сондықтан шығындарға жатқызылуы керек. Бұл, жұмысы басталмаған және оған иелiк құқы сақталған (дәлелденген және дәлелденбеген қорларға), дәлелденген қорлар табылмаса да барлау ұңғыларын бұрғылау шығындары және 26 тарауда көрсетiлген геологиялық және геофизикалық шығындар мазмұны бойынша шарттық аймақтар шығынына жатады. Қорларға және тиiстi операцияларға иелiк құқын беру
Тармақ 33
33. Қорларға және оның кiрiстерi мен шығыстары бөлiгiн барлық иелiк құқын беру кезi бұл құқықтарды беру сәтi ретiнде танылады.
Тармақ 34
34. Мұнайды барлау және игеру бойынша (заңды тұлғалар құрып немесе құрмай) бiрлескен қызметтер үшiн активтердi беру жағдайында кiрiстер мен шығыстар берiлген күнiмен емес одан кейiнгi мерзiммен танылады.
Тармақ 35. Мұнай және газ қорларының мөлшерiн айқындау
35. Қорларға ие құқын беруге байланысты кейбiр операциялар шын мәнiнде, қарыз ақшалар болып табылып, заем ретiнде есептеледi. Айқындау Мұнай және газ қорларының мөлшерiн айқындау
Тармақ 36
36. Дәлелденген мұнай және газ қорлары мердiгердiң қызмет саласына жататын кен орындары бойынша олардың қайда орналасқандығы географиялық сегменттермен көрсетiлiп жылдың басында және аяғында айқындалуы керек.
Тармақ 37
37. Дәлелденген мұнай және газ қорларының көлемiндегi түрлi факторлар нәтижесiнде жүз берген жыл бойғы өзгерiстерi тиiстi түсiндiрулермен айқындалуы керек. Мұндай факторларға мысал бола алатындар:
Тармақша 1
1) мұнай және газ қорларының бұрынғы бағаларын қайта қарау;
Тармақша 2
2) өндiрудi жетiлдiру, оның нәтижелерiндегi өзгерiстер жеке көрсетiлсе, егер бұл өзгерiстер маңызды болса, егер олар маңызды болмаса, мұндай өзгерiстер бұрынғы бағалауды қайта қарауға енгiзiледi;
Тармақша 3
3) бұрын табылған кен орындарын келiсiм жасалған аймақтарда жаңа коммерциялық табу анықталып, ашылу сәтi мерзiмiнде қосымша бұрғылаумен кеңейту;
Тармақша 4
4) игеру.
Тармақ 38
38. 36-37 параграфтарға сәйкес айқындауға жататын қорларды анықтау кезiнде, егер кен орнын игеру жұмыстарын бiрнеше мердiгер бiрлесiп жүргiзiп жатса, онда олардың әр қайсысы тек өз үлесiндегi қорларды ғана айқындайтынын есте ұстау керек.
Тармақ 39
39. Егер маңызды экономикалық факторлар немесе маңызды анықталмаған жағдайлар жекелеген кен орындарын өндiруге керi әсерiн тигiзетiн болса, түсiнiктеме беру қажет етiледi.
Тармақ 40. Мұнай барлау және игеру қызметтерiне байланысты шығындарды айқындау
40. Егер Үкiмет дәлелденген қорларды айқындауды шектейтiн болса, онда бұл шектеулер фактiсi айқындалады және айқындау оларды есептей отырып жүргiзiледi. Мұнай барлау және игеру қызметтерiне байланысты шығындарды айқындау
Тармақ 41
41. Мердiгердiң мұнай барлау және игеру бойынша қызметтерiне байланысты капиталдандырылған шығындардың жиынтығы, бағалауға есептелген амортизациялар мен қорлар дәлелденген және дәлелденбеген қорларға жататын шығындарды жеке көрсете отырып, жыл соңындағы жағдай бойынша айқындайды.
Тармақ 42
42. Сондай-ақ есеп беру мерзiмi кезiнде мына шығындар түрi, олар пайда болған немесе капиталдандырылған мерзiм шығынына есептелгенiне қарамастан айқындалады: қорларға ие болу құқын алуға; барлауға; игеруге.
Тармақ 43. Мұнай және газ игеруге байланысты операциялар бойынша айқындау нәтижелерi
43. Егер мердiгерлер бұл шығындардың қайсы бiрiне түрлi географиялық сегменттерде, сома әр географиялық алаң үшiн, бұл алаңдағы дәлелденген және дәлелденбеген мұнай және газ қорларын айқындаумен жеке айқындалуы керек. Мұнай және газ игеруге байланысты операциялар бойынша айқындау нәтижелерi
Тармақ 44
44. Мұнай игеруге байланысты қызмет нәтижелерiн бiлдiретiн мәлiметтер түрлi географиялық сегменттерде орналасқан кен орындарының топтары бойынша жеке айқындалады.
Тармақ 45. Күшiне ену мерзiмi
45. Бұл мәлiмет мына көрсеткiштер бойынша айқындалады: кiрiстер; игеру шығындары; барлау шығындары; құнын кемiту және бағалау қорларының амортизациялары; мұнай игеру бойынша операциялардың қаржы нәтижелерi (жалпы шаруашылық шығындарын және проценттердi төлеу шығындарын қосқанда). Күшiне ену мерзiмi
Тармақ 46
46. Бұл бухгалтерлiк есеп стандарты 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енедi.