О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в частной собственности граждан Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері туралы
Қазақстан Республикасы Жер
кодексінің
50 бабына сәйкес ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты мен Алматы қаласы әкімдігі
ШЕШІМ ЕТТІ
:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының аумағында мемлекет меншігіндегі жерлердің берілуі кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері белгіленсін:
жеке тұрғын үй құрылысы үшін - 0,10 гектар;
бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін - 0,12 гектар.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (О. Ю. Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Я. И. Заяцқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлесіп қабылдаған шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданылады.