Об утверждении Правил предоставления социальной помощи студентам из малообеспеченных семей Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аз қамтамасыз етілген отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек беру Ережесін бекіту туралы «Казакстан Республикасындағы жергілікті мемлексттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, жоғары кәсіби білім алу үшін, аз камтамасыз етілген отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коса берілген аз камтамасыз етілген отбасыларыңың студенттеріне әлеуметтік көмек беру Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жоғары оқу орындарында оқыту мерзіміне әлеуметтік көмек алуға тұрмыс жағдайы нашар отбасыларынан жыл сайын және уақытында студенттер іріктеуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Аз қамтамасыз етілген студенттерге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 04 шілдедегі № 216 қаулысымен бекітілген Аз қамтамасыз етілген студенттерге әлеуметтік көмек көрсету Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже аз қамтамасыз етілген отбасыларының студенттеріне ақшалай әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі мен жағдайын белгілейді.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек алу құқығына Тайынша ауданы аумағында тұрақты тұратын және мемлекеттік білім беру гранттарының иесі болған Қазақстан Республикасының азаматы ие болады.
Тармақ 3
3. Берілген Ережеде мынадай түсініктер қолданылады: әлеуметтік көмек - студенттерді кәсіби оқыту үшін төлеуге бағытталған, әлеуметтік көмек түрінде халықты әлеуметтік қорғау нысандарының бірі; әлеуметтік көмекті тағайындауға құқығын анықтау жөніндегі комиссия (одан әрі - аудандық комиссия) - әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдайтын, аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен аудан әкімінің жанында, міндетті түрде оның құрамына Тайынша ауданының білім беру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің өкілдерінің еңгізілуімен құрылған комиссия; алушы - мемлекеттік жалпы білім беру грантының және несиенің (күндізгі оқу нысаны бойынша) иегері бола алмаған және жан басына шыққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасының мүшесі болып табылатын студент; әлеуметтік көмек тағайындау бойынша, әлеуметтік көмек көрсетуге студенттер контингентін анықтау бойынша және төлем бойынша жұмысты ұйымдастыруды іске асыратын уәкілетті орган - (одан әрі -бөлім) ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі; ақшалай қаражатты беру бойынша уәкілетті орган - (одан әрі-банк) екінші деңгейдегі банк.
Тарау 2. 2. Ақшалай қаражатты тағайындаудың шарттары мен тәртібі
2. Ақшалай қаражатты тағайындаудың шарттары мен тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті алу үшін студенттер ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгідегі өтініш (1 қосымша);
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
Тармақша 3
3) отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) отбасының табыстары жөніндегі анықтама;
Тармақша 5
5) білімі жөніндегі құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
Тармақша 6
6) комплексті тестілеуінің нәтижесі туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмесі; оқыту туралы Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орнымен келісім шарт. Әлеуметтік көмекті тағайындауға алушылар арыз жазған кезде көрсетілген құжаттардан басқа жоғары оқу орындарынан олар сол оқу орынының студенті болып табылатынын растайтын анықтаманы, сондай-ақ сынақ кітапшасының көшірмесін ұсынады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттар түпнұсқасында және көшірмесінде ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынылады, бөлім істерді қалыптастырады және өтініш иелерінен олардың толық пакетінің түскен күнінен бес күндік мерзімде әлеуметтік көмек тағайындау туралы не болмаса оны тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын (2 қосымша) әлеуметтік көмек көрсету құқығын анықтау жөніндегі аудандық комиссияға жібереді.
Тармақ 6
6. Аудандық комиссия он күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қарастырады және әлеуметтік көмек тағайындау туралы не болмаса оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады. Комиссия өтініш иелерінің істерін және отырыстар хаттамаларының көшірмелерін ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жібереді.
Тармақ 7
7. Аудандық комиссия әлеуметтік көмек беру туралы шешімді шығарар кезде комплекстік тестілеу кезінде алынған ұпайлар санын, аттестаттардың немесе арнайы орта білімі туралы дипломдардың барын есептейді.
Тармақ 8
8. Осы максаттарға әлеуметтік көмекті тағайындау осы мақсаттарға аудандық бюджетпен көзделген қаржылар шегінде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Шешім қабылданған жағдайда, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен хабарланған алушылар, банкте жеке шоттарны ашады.
Тармақ 10
10. Тағайындаудан бас тартқан жағдайда ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бас тарту себебін нұсқауымен өтініш иесіне құжаттарын қайтарады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартуға негіздеме жоғары оқу орнына түсу туралы алдын-ала жалған мәліметтер және берілген Ереженің 4 тармағында көрсетілген құжаттарда дұрыс емес мәліметтер ұсынуы болып табылады.
Тармақ 12
12. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі екі данада алушылардың тізім-ведомостарын құрастырады, олардың біреуі екінші деңгейдегі банкке жіберіледі.
Тармақ 13
13. Банк ақылы қызмет көрсетуге жасалған келісім және тізім ведомостар негізінде алушылар ашқан жеке шотқа сомаларды аударады.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
3. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 14
14. Студенттерге әлеуметтік көмек көрсету бойынша шығындарды қаржыландыру осы мақсаттарға көзделген жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Әлеуметтік көмек бір студентке жылына бір рет беріледі.
Тарау 4. 4. Бақылауды іске асыру
4. Бақылауды іске асыру
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамалык актілеріне сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау дұрыстығына жауапты болады. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысынан жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмекті тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын бақылау қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізіледі. Аз қамтамасыз етілген отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек беру Ережесіне 1 қосымша Тайынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне _______________________________ Тұратын _______________________________ (Тегі, Аты Әкесінің аты) _______________________________ (төлқүжат, куәлік) _______________________________ (қашан, кіммен берілді) ӨТІНІШ _________________________________________ оқу орнында жоғары кәсіптік білім алу үшін ___________________________________________ теңге сомасында ақшалай қаржыны бөлуді, ____________банкінің филиалында ашылған ____________ жеке шотқа аударуға сұраймын Келесі құжаттарды қосамын; белгіленген үлгідегі өтініш (1 қосымша) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған); отбасы құрамы туралы анықтама; отбасының табыстары жөніндегі анықтама; білімі жөніндегі құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі; комплексті тестілеуінің нәтижесі туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификатының нотариалды куәландырылған көшірмесі; оқыту туралы Солтүстік Қазақстан облысының жоғарғы оку орнымен келісім шарт; «___»___________200_ж. қолы: ______________ Аз қамтамасыз етілген отбасыларының студенттеріне әлеуметтік көмек беру Ережесіне 2 қосымша Шешім ________________ «____»_____________200_ж. (елді мекен) Азаматқа (шаға) _______________________________ (Тегі, Аты Әкесінің аты) ________________________________________________ (елді мекен, үйдің (пәтердің) №, телефоны) Ақшалай қаржыны беру (беруден бас тарту) туралы Ұсынылған отбасының табыстары туралы мәліметтерді, комплексті тестілеуінің нәтижесі туралы мемлекеттік сертификаты қарастырып, аудандық комиссия ШЕШТІ: 1. _______________________________________ азаматқа _______________________________ теңге сомасында жоғары оқу орнында (сома жазбаша) оқуды төлеу үшін ақшалай қаржы бөлінсін. 18. ____________________________________________ _______________________________________________ _______________________________ азаматқа берілсін (бас тарту себебін көрсету) Қолдары: Комиссия төрағасы: ________________ (Т.А.Ә.А.) Комиссия мүшелері: _________________ (Т.А.Ә.А.)