Об установлении ставок по отдельным видам платежей по Тайыншинскому району Күшін жойған
Басқа 0
Тайынша ауданы бойынша жеке төлем түрлері жөніндегі мөлшерлемелерді (ставкаларын) белгілеу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 373, 394 бабтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. № 1 қосымшаға сәйкес базарларда тауарларды сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың мөлшерлемелері (ставкалары) белгіленсін.
Тармақ 2
2. №2 қосымшаға сәйкес ауық-ауық сипатта болатын жеке тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметінің бір күндік бір жолғы талондардың мөлшерлемелері (ставкалары) белгіленсін.
Тармақ 3
3. №3 қосымшаға сәйкес ойын бизнесінің саласындағы кәсіпкерлік қызмет ететін салық төлеушілер үшін жиынтық салықтың мөлшерлемелері (ставкалары) белгіленсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Базарларда тауарларды сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың мөлшерлемелері (ставкалары)
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 221 шешіміне
№ 1 қосымша
Базарларда тауарларды сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар үшін бір жолғы талондардың мөлшерлемелері (ставкалары)
№
Сатылатын тауарлардың атаулары
Сауданың эр күні үшін бір жолғы талонның қүны (теңгеде)
1
Қолдағы сауда
55
2
Өнеркәсіп тауарларын прилавкадан сату
218
3
Азық-тулік тауарларын прилавкадан сату
218
4
Шұжық өнімдерін прилавкадан сату
350
5
Ет өнімдерін прилавкадан сату
371
6
Азық-түлік тауарларын шатырдан сату
218
7
Әнеркәсіп таурларын шатырдан сату
218
8
Құрылыс материалдарын сату
275
9
Азық-түлік өнімдерін (көкөністерді, жемістерді) сату
218
Басқа 6. Ауық-ауық сипатта болатын жеке тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметінің бір күндік бір жолғы талондардың мөлшерлемелері (ставкалары)
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 221 шешіміне
№ 2 қосымша
Ауық-ауық сипатта болатын жеке тұлғалар үшін кәсіпкерлік қызметінің бір күндік бір жолғы талондардың мөлшерлемелері (ставкалары)
№
Кәсіпкерлік қызметінің түрлері
Сауданың эр күні үшін, бір жолғы талонның құны (теңгеде)
1
Сату (стационарлық бөлмедегіден басқа жүзеге асырылатын қызмет үшін)
1) газет пен журналдар
55
2) тұқымдар сонымен қатар көшет материалдар (тікпе көшеттер, көшет)
218
3) бақша дақылдары
328
4) үй маңындағы учаскелерде және саяжайда өсірілген тірі гүлдер
210
5) саябақтық учаскелердің және бау шаруашылығының, қосалқы ауыл шаруашылығының өнімдерін сату
240
6) құстар мен мал үшін жемшөп
109
7) сыпырғылар, сыпырғыштар
орман жидегі
218
бал
546
балық пен саңырауқұлақ
109
2
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке меншік тракторлар иелерімен көрсетілетін қызметтер
251
3
Жеңіл автомобильдер иелерімен жолаушыларды (лицензиялық тасымалдауларды қоспағанда) тасымалдау
55
4
Құстар мен үй жануарларының өрісі
33
Басқа 7. Ойын бизнесінің саласындағы кәсіпкерлік қызмет ететін салық төлеушілер үшін жиынтық салықтың мөлшерлемелері (ставкалары)
Аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 13 шілдедегі
№ 221 шешіміне
№ 3 қосымша
Ойын бизнесінің саласындағы кәсіпкерлік қызмет ететін салық төлеушілер үшін жиынтық салықтың мөлшерлемелері (ставкалары)
№
Салық салу объектің атауы
Бір ай үшін ЕТЕҚ-тегі жиынтық салықтың мөлшерлемелері (ставкалары)
1
Ойынды бір ойыншымен жүргізу үшін арналған ақшалай үтызсыз ойын автоматы
15
2
Ойынды өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер
10
3
Бильярд үстелі
30
Ескерту: Жиынтық салықтың базалық мөлшерлемелері (ставкалары) салық салу объектісінің бірлігіне бір жылға белгіленген.