О создании государственных учреждений Комитета казначейства и Налогового комитета Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Салық комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы "Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы N 338 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мұнайлы аудандық қазынашылық бөлімі" (бұдан әрі - Қазынашылық бөлімі) және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің Мұнайлы ауданы бойынша Салық комитеті" (бұдан әрі - Салық комитеті) мемлекеттік мекемелері құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазынашылық бөлімін және Салық комитетін қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазынашылық бөлімі және Салық комитеті туралы ережелердің бекітілуін және олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 мамырдағы N 626 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 22, 215-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 155-1-жолмен толықтырылсын: "155-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Мұнайлы аудандық қазынашылық бөлімі";
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы N 1102 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 33, 359-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 159-1-жолмен толықтырылсын: "159-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің Мұнайлы ауданы бойынша Салық комитеті";
Тармақша 3
3) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен)
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.