Об утверждении Правил доступа к экологической информации, относящейся к процедуре оценки воздействия на окружающую среду и процессу принятия решений по намечаемой хозяйственной и иной деятельности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабындағы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізілсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 25 шілдедегі N 238-ө бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделген шаруашылық және басқа да қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің негізінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесінде қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне жататын экологиялық ақпараттың мазмұнын айқындау және оған қоғамдық бірлестіктер түрдегі барлық мүдделі жеке және заңды тұлғалармен (бұдан әрі - мүдделі тұлғалар) қол жеткізу тәртібін анықтау үшін әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар қоршаған ортаға әсерді бағалауға (бұдан әрі - ҚОӘБ жобасы) жататын көзделіп отырған шаруашылық қызмет бойынша жобалау (жобалау алдындағы) құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде ғана қолданылады.
Тармақ 3
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын ақпарат мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарын қамтиды:
Тармақша 1
1) ҚОӘБ жобасы;
Тармақша 2
2) сыртқы сарапшылардың ҚОӘБ жобасына қорытындылары;
Тармақша 3
3) ҚОӘБ жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы;
Тармақша 4
4) ҚОӘБ жобасы бойынша мүдделі тұлғалардың жазбаша жүгінулері;
Тармақша 5
5) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары. Материалдар конфиденциалды мәліметтерді мазмұндамауы тиіс.
Тармақ 4
4. Шаруашылық және өзге де қызметтің бастамашысы ҚОӘБ жобасын мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберу туралы ақпаратты экология саласындағы арнайы басылымдарда және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында жариялайды. Ақпарат мынадай мәліметтерді мазмұндауы тиіс:
Тармақша 1
1) шаруашылық және өзге де қызметті бастамашының аты, заңды мекен-жайы, орналасқан жері, телефоны;
Тармақша 2
2) ҚОӘБ жобасының атауы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізе бастау мерзімі мен кезеңі;
Тармақша 4
4) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыратын органның атауы, мекен-жайы, телефоны.
Тарау 2. 2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу тәртібі
2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне жататын экологиялық ақпаратқа қол жеткізу тәртібі
Тармақ 5
5. Мүдделі тұлғалар уәкілетті органға жазбаша сұрау жіберіп, осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарына қол жеткізе алады.
Тармақ 6
6. Заңнамаға сәйкес уәкілетті орган 15 күнтізбелік күн ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарымен танысуға болатын жер мен уақыты көрсетіліп, жазбаша жауап береді.
Тармақ 7
7. Шаруашылық және басқа да қызметті бастамашы мүдделі тұлғалар қол жеткізетін, конфиденциалды мәліметтері жоқ жобалау (жобалау алдындағы) құжаттамасын уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 8
8. Мүдделі тұлғалар уәкілетті органға ҚОӘБ жобасына қатысты ұсыныстар мен ескертулерін жазбаша түрде ұсынуы мүмкін. Жазбаша түрдегі ұсыныстар мен ескертулерде мынадай мәліметтер болуы тиіс:
Тармақша 1
1) аты-жөні (қалауы бойынша), пошталық мекен-жайы, қолы;
Тармақша 2
2) заңды тұлға үшін - оның атауы, пошталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні, жүгінуде басшының қолы болуы тиіс;
Тармақша 3
3) ҚОӘБ жобасының атауы және азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер танысқан мемлекеттік экологиялық сараптама материалдарының тізбесі;
Тармақша 4
4) ақпаратты алуға арналған негіздеме көшірмесі (уәкілетті органның жазбаша жауабы);
Тармақша 5
5) дәлелденген ұсыныстар, ескертулер.
Тармақ 9
9. Заңнамаға сәйкес уәкілетті орган 15 күнтізбелік күн ішінде жүгінуді қарап, жауап қайтаруға міндетті. Егер қосымша зерттеу қажет болған жағдайда, үш күнтізбелік күн ішінде өтінім берушіні хабардар етіп, қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 21.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.