Об оказании безработным гражданам материальной помощи на открытие собственного дела и обеспечение самостоятельной занятости Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және 2006 жылға 26 желтоқсандағы №29/290 «2007 жылға арналған қала бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркеу нөмірі – 8-5-29, 2007 жылы 10 ақпанында №6 «Қазыналы өңір» газетінде жарияланған) Қаражал қалалық Мамлихатының ХХІХ сессиясының шешіміне сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 02/45 «Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы» қаулысымен жетекшіленіп жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау, жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңнамесымен белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен қамту мәселері жөніндегі уәкілетті органға тіркелген жұмыссыз азаматтардың өз істерін ашыға және өздерін жұмыспен қамтуы үшін материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Өз істерін ашыға және өздерін жұмыспен қамтулары үшін материалдық көмек алуға тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарайтын консультативті – кеңесші комиссия құрылсын, қосымшаға сәйкес.
Тармақ 3
3. Комиссиясының жұмыс регламенті айына 2 рет, 2-ші және 4-ші сәрсенбі күніне бекітілсін. Комиссия отырысы қала әкімінің аппаратында, Абай көшесі 9 үйде өткізіледі.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту және әлууметтік бағдарламалар бөліміне (Гармашова Н.Н.)
Тармақша 1
1) өз істерін ашу және өздерін жұмыспен қамтулары үшін материалдық көмек алуға (әрі қарай – материалдық көмек) тілек білдірген жұмыссз азаматтардың өтініштерін қарау және тіркеу, сонымен қатар материалдық көмектң тағайындау (тағайындамау) туралы шешім қабылдау халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілеттік органға жүктелсін.
Тармақша 2
2) материалдық көмекті айлық есеп көрсеткіштің 40 еселік мөлшерінде 43680 (қырық үш мың алты жүз сексен) теңге саомасында бөлу белгіленсін.
Тармақ 5
5. Қаржы бөліміне (Сейпульник М.В.) материалдық көмекті жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органның есептері негізінде, қала бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Жұмыссыз азаматтардың материалдық көмекті мақсатында пайдалануын, жұмыссыздардың өз істерін ашулары мен өздерін жұмыспен қамтулары жөніндегі жүргізілген шаралардың тиімділігін бақылау қызметтері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.
Тармақ 7
7. Қаражал қаласы әділет басқарамасында 2006 жылы 09 маусымда тіркелген 8-5-22 қала әкімінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 112 «Жұмыссыз азаматтарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолдаңысқа өткізіледі.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ.Құрмансейітовке жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ: «Қаражал қаласының қаржы бөліміне» бастығының міндетін атқарушы _____________ Сейпульник М.В. 2007 ж. «18» 07 «Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы _____________ Гармашова Н.Н. 2007 ж. «18» 07
Басқа 12. Өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтулары үшін материалдық көмек алуға тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарайтын комиссия ҚҰРАМЫ
Қаражал қаласының әкімдігінің 2007 жылғы «19» 07 № 688 қаулысынына қосымша Өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамтулары үшін материалдық көмек алуға тілек білдірген жұмыссыз азаматтардың өтініштерін қарайтын комиссия ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Құрмансеиітов Ахат Құрмансеиітұлы – Қаражал қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Тармақ 2
2. Гармашова Наталья Николаевна – «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақ 3
3. Несіпбекова Мейрамгүл Азкенқызы – «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия хатшысы; Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Жамбекова Мақпал Нұрымбетқызы – Жәйрем кенті әкімінің міндетін атқарушы;
Тармақ 5
5. Пак Наталья Робертовна – «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
Тармақ 6
6. Жұманбаев Жасұлан Орынбайұлы – Қаражал қаласы бойынша салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс істеу бөлімінің бастығы; (келсім бойынша);
Тармақ 7
7. Гуляева Елена Игорьевна – «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығының міндетін атқарушы;
Тармақ 8
8. Оспанбекова Динара Жанатқызы – Қаражал қаласы әкім аппаратының кадрлық-ұйымдастыру және іс-жүргізу бөлімінің бас маманы;
Тармақ 9
9. Федосова Тамара Николаевна – Әділет басқармасы бастығының орынбасары, (келісім бойынша);
Тармақ 10
10. Балканова Алмагүл Жарылғасынқызы – Қаражал қаласы әкім аппаратының мемлекеттік – құқықытық жұмыстар бөлімінің бас маманы;
Тармақ 11
11. Сычева Валентина Ефимовна – Ардагерлер кеңісінің төрайымы (келісім бойынша);