Об утверждении Временного положения о профессионально-технической школе Республики Казахстан и Перечня профессии профессионально-технического образования и их специализации Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы кәсiптiк-техникалық мектебi туралы Уақытша ережесiн және кәсiптiк-техникалық бiлiм мамандықтары мен оны мамандыру тiзбесiн бекiту
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнің 2003 жылғы 13 тамыздағы № 554 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1996 жылы 27 қаңтардағы N 2829 "Қазақстан Республикасында бiлiм туралы кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Жарлығы және Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң 1996 жылғы 14 наурыздағы N 2/1 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын бiлiм беру мекемелерiнiң жүйесi мен құрылымын барынша ұтымдыландыру туралы бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы кәсiптiк-техникалық мектебi туралы Уақытша Ережесiн және мамандықтары мен оны мамандандыру Тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Кәсiптiк-техникалық бiлiм басқармасы /Бөрiбеков Қ./:
Тармақ 2.1
2.1. Қазақстан Республикасы кәсiптiк-техникалық мектебi туралы Уақытша ережесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде қаттаудан өткiзсiн.
Тармақ 2.2
2.2. 1996 жылдың 15 тамызына дейiнгi мерзiмде, кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың регламенттейтiн жаңа нормативтi құжаттар әзiрлесiн.
Тармақ 3
3. Министрлiктер мен ведомстволардың, кәсiптiк-техникалық мектеп басқару органдары, облыстық және Алматы қалалық бiлiм басқармалары /департаменттерi/, кәсiптiк-техникалық мектеп директорлары оқу Жарғысын Уақытша ережесiне сәйкес келтiрiп 1996 жылдың 1 тамызына дейiнгi мерзiмде жергiлiктi бiлiм органдарында белгiлi тәртiп бойынша қаттаудан өткiзсiн.
Тармақ 4
4. КСРО мемлекеттiк бiлiм комитетiнiң 1989 ж. N 565 Уақытша
кәсiптiк-техникалық училище туралы ережесiн бекiту туралы" бұйрығы күшiн жояды.
Тармақ 5. Қазақстан Республикасы кәсiптiк-техникалық мектебi туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды министрдiң орынбасары Беркiмбаева Ш.Қ. жүктелсiн.
Енгiзген: Келiсiлдi:
Кәсiптiк-техникалық бiлiм Министрдiң орынбасары
басқармасы Жоғары бiлiм және ғылым
"___"________ 1996 ж. бас басқармасы
"___"________ 1996 ж.
Орта бiлiм беру бас басқармасы
"___"________ 1996 ж.
Экономика және қаржы бас
басқармасы
"___"________ 1996 ж.
Орта арнаулы бiлiм басқармасы
"___"________ 1996 ж.
Заң бөлiмi
"___"________ 1996 ж.
Қазақстан Республикасы кәсiптiк-техникалық мектебi туралы УАҚЫТША ЕРЕЖЕ I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының кәсiптiк-техникалық мектебi қоғамды және мемлекеттi қажеттiлiгiне қарай кәсiптiк-техникалық бiлiммен қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына денсаулығына және қабiлетiне, мүддесiне сай кәсiптiк мамандықтармен бiлiктiлiк алуға тең мүмкiндiктер жасайтын жалпы орта бiлiм беру жүйесiнiң оқу орны болып табылады.
Тармақ 2
2. Кәсiптiк-техникалық мектеп жеке тұлғаны дамытуға, оның талабын ашуға, кәсiптiк шеберлiгiн қалыптастыруға және әлеуметтiк қорғауға қолайлы жағдайлар жасайтын ұлттық бiлiм жүйесiнiң маңызды құрамдас бөлiгi болып табылады.
Тармақ 3
3. Кәсiптiк-техникалық мектептiң басты мiндеттерi:
- жастар мен ересектердiң нарықтық-экономика жағдайында қоғамға пайдалы және өнiмдi еңбекке араласуына қажеттi жұмысшы мамандығын және кәсiптiк-техникалық бiлiм алуына жағдай жасау;
- болашақ жұмысшы кадрларын жоғары сапалы кәсiппен және орта бiлiммен қамтамасыз ету;
- нарықтық экономика жағдайында жастарды белсендi көзқарасқа тәрбиелеу, қоғамдық және өндiрiстiк еңбек байланыстарын жетiлдiруге қатыстыру;
- еңбекпен қамтамасыз ету қызмет орындарымен, мекемелерiмен, түрлi формалы меншiктегi кәсiпорындармен және азаматтармен келiсiм шартқа отыру арқылы өзiнiң базасында жұмысшы кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жұмысына әдiстемелiк көмек көрсету, оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Кәсiптiк-техникалық мектеп кәсiпорындармен, түрлi меншiктегi жұмыспен қамту орындарымен және азаматтармен шартқа отыру арқылы мемлекеттiк тапсырыс бойынша оқытудың күндiзгi, кешкi /сменалы/ түрлерiмен өндiрiстен қол үзiп және қол үзбей оқитын, сонымен қатар жекелей оқытумен жұмыссыздармен жұмыстан босатылған жұмысшы кадрларын даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыруды негiзгi оқу орны болып табылады, сонымен қатар жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң негiзгi сатысын бiтiрген жастарды.
а/ 3 жылдан кем емес оқу жалпы орта бiлiммен;
б/ 2 жыл оқу мерзiмiнде жалпы орта бiлiмсiз;
в/ жалпы орта мектептiң жоғарғы сатысын бiтiрген азаматтарды 2 жылға дейiнгi мерзiмде оқытады.
Кәсiптiк техникалық мектепте Жарғы мен Ереже негiзiнде кешкi /сменалы/ бөлiмдер /топтар/ мен бөлiмшелер /филиалдар/ құруға /ашуға/ болады және ол оның құрылымы болып табылады.
Тармақ 5
5. Бiлiм /мекемелерi/, мемлекеттiк кәсiпорындар, мекемелер, кооперативтер, акционерлiк қоғамдар, қоғамдық ұйымдар, азаматтар, шет ел азаматтары мен фирмалары кәсiптiк-техникалық мектептiң құрылтайшылары бола алады. Мемлекет өз тарапынан барлық құрылтайшыларға тең дәрежеде құқықтық жағдай жасайды. Кәсiптiк-техникалық мектептi қалыптастыру, қайта құру және жабу тәртiбi Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңына сай жүргiзедi. Кәсiптiк-техникалық мектеп Қазақстан Республикасының заңында көрсетiлгендей бiлiм /мекемелерiнiң/ лицензиясын алған сәттен бастап ағартушылық қызметiн бастауға және жеңiлдiктерiн пайдалануға құқылы.
Тармақ 6
6. Кәсiптiк-техникалық мектептi аттестациялау бiлiм мекемелерi бекiткен тәртiппен бес жылда бiр рет өтедi.
Тармақ 7
7. Бекiтiлген тәртiппен тiркелген кәсiптiк-техникалық мектеп заңды ұйым болып саналады, оның өз балансы, банкте есеп айырысу шоты, валюталық және басқа есептерi болып, мөрiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленуi керек.
Тармақ 8
8. Кәсiптiк-техникалық мектеп Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы" Заңының негiзiнде Уақытша ережеге сәйкес Жарғысын дайындап бекiткенде мiндеттi түрде:
- құрылтайшысы;
- кәсiптiк-техникалық мектептiң құқықтық ұйымдастыру қалпы;
- оқыту процесiнiң мақсаты, қолданылатын оқу бағдарламаларының
түрлерi мен үлгiлерi;
- оқу процесiн ұйымдастырудың негiзгi сипаттамалары;
- қаржы және шаруашылық қызметiнiң құрылымы;
- оқу орнын басқару тәртiбi;
- оқыту процесiне қатыстылардың құқықтары мен мiндеттерi;
- оқу орнының жұмыс тәртiбiн шектейтiн актiлердiң тiзбегi
(бұйрықтар, жарлықтар т.б.) көрсетiлуi керек.
Оқу орнының Жарғысы құрылтайшылардың келiсiмiмен жасалып
қабылданады.
Тармақ 9
9. Кәсiптiк-техникалық мектеп өзiнiң құрылымын, өндiрiстiк, кооперативтiк және басқа еңбек түрлерiн Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ұйымдастыруға құқылы.
Тармақ 10
10. Кәсiптiк-техникалық мектептер басқа оқу орындарымен, кәсiпорындармен, ұйымдармен бiрiгiп, оқу өндiрiстiк, оқу-сауда өндiрiстiк бiрлестiктер, ұйымдар, оқушылардың шағын кәсiпорындарын, оқушылар мен жұмысшылардан құралған еңбек ассоциацияларын құра алады. Сонымен қатар олар заңдық және қаржы-шаруашылық тәуелсiздiгiн сақтай отырып, жоғары бiлiм оқу орнының құрамына ене алады.
Тармақ 11
11. Кәсiптiк-техникалық мектеп оқушылардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға жағдай жасайды. Оқушыларға медициналық қызметтi денсаулық сақтау мекемелерi қамтамасыз етедi. Медицина қызметкерлерiне арнайы жабдықталған жай берiледi. Оқушылардың оқу, еңбек және демалысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Заңына, оқу орнының жарғысына сәйкес оқу орнының басшыларына жүктеледi.
Тармақ 12
12. Кәсiптiк-техникалық мектеп оқушыларды еңбек нарқының талабына сай жұмыс ұсынушылармен шартқа отыру арқылы қабылдайды. Кәсiптiк-техникалық мектепке қабылдаудың ретi жалпы Ережелермен анықталады.
Тармақ ii. II. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
II. Оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру
Тармақ 13
13. Кәсiптiк-техникалық мектептегi оқу-тәрбие процесi оқушы мен педагогтардың арасындағы бұқаралық және гуманистiк принципке негiзделiп, және тұлғаның рухани бостандығын қамтамасыз ету арқылы, оқушыны бiлiмге ынталандыруда теориялық, өндiрiстiк оқытуды, өндiрiстiк практиканы және оқушылармен тәрбиелiк жұмысты қамтиды. Бiлiм берудiң мазмұны жастардың кәсiби бiлiм алуына, бiлiктiлiгiн арттыруға, жалпы мәдени және арнайы дайындығын кеңейтуге бағытталған.
Тармақ 14
14. Кәсiптiк-техникалық мектепте маман жұмысшыларды даярлау, қайта даярлау және кәсiби бiлiмiн арттыру оқу орнының кәсiпорынмен, жұмыспен қамту орындарымен, жеке азаматтармен келiсiлген мамандықтар бойынша мамандықтар тiзiмi негiзiнде және Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi бекiткен кәсiби мамандықтардың сипаттамасына сай жүргiзiледi.
Мамандықтар тiзiмiнде көрсетiлмеген кәсiби мамандықтарға даярлау, қайта даярлау және бiлiмiн арттыру үшiн қосымша лицензия жасалынады.
Тармақ 15
15. Кәсiптiк-техникалық мектеп қосымша бiлiм беретiн бағдарламалар жасап оқу бағдарламаларынан тыс қосымша бiлiм берудi жүзеге асырады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әскери борышты өтеуге дайындық жүргiзедi.
Оқу-тәрбие процесiнiң сапасын және тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қоғамдық-педагогикалық және экономикалық (тәжiрибелер) жүргiзедi.
Тармақ 16
16. Кәсiптiк бiлiмнiң бұқаралық, көп салалық, ұлттық, аймақтық және өндiрiстiк ерекшелiктерi жалпы орта және кәсiптiк-техникалық бiлiм беру циклының пәндерiн қамтитын оқу жоспары мен бағдарламаларының мазмұны және құрылымымен анықталады (қамтамасыз етiледi).
Тармақ 17
17. Кәсiптiк-техникалық бiлiм стандарты мен тiзiмiнiң мақсаты жалпы орта және кәсiби бiлiм беретiн оқу бағдарламаларына қойылатын талаптарды қадағалау, құжаттардың республика мен шет ел баламалық, конверсиялық сапасы мен деңгейiн қамтамасыз ету.
Кәсiптiк-техникалық бiлiм стандартын жасау және бекiту Қазақстан Республикасы Үкiметi анықтайды.
Тармақ 18
18. Оқытудың қай тiлде жүретiнi кәсiптiк-техникалық мектептер өз және оқушы мүмкiндiктерiне сай өздерi шешедi.
Тармақ 19
19. Кәсiптiк-техникалық мектепте оқу жылы (күндiзгi оқу) әдеттегiдей 1-қыркүйектен басталып, 1-шi шiлдеде аяқталуы тиiс. Оқу орны жергiлiктi жағдайға байланысты оқу жылының басталу мерзiмi мен аяқталу мерзiмiн өз беттерiмен белгiлей алады. Жекелеген оқушылар үшiн оқудың басталуы оқу топтарын жинақтау мерзiмiне сәйкес немесе сұраныс жасаушы өнеркәсiптiк келiсiм шарттарына сай жүргiзiледi. Оқушылардың апталық оқу жүктемесi 36 сағаттан аспауы керек. Оқу жылына шаққанда каникул мерзiмi 10 аптадан кем болмауы тиiс.
Тармақ 20
20. Оқу топтары кәсiбiне сай жүктелуiн, оқушы саны 25-тен кем болмай жинақталуы тиiс.
Ауылдағы кәсiптiк-техникалық мектептерге жергiлiктi бiлiм беру басқармасының келiсiмiмен бюджеттен тыс қаржыға сүйенiп, 15 оқушыдан кем емес оқу топтарын құруға рұқсат етiледi.
Жұмысшы кадрларын даярлау, қайта даярлау сұраныс жасаушылар тарапынан қаржыландырылатын топтардың оқушы саны келiсiм шартқа сай оқу орны белгiлейдi.
Тармақ 21
21. Кәсiптiк-техникалық мектепте теориялық және өндiрiстiк оқудың негiзгi формасы сабақ болып саналады. Сонымен қатар лекциялар, семинар, әңгiме сабақтары, практикумдар, қосымша сабақтар, өз беттiк және лабораториялық iс-тәжiрибе жұмыстары, факультативтiк сабақтар жүредi.
Жекелеген пәндердiң теория мен iс-тәжiрибе сабақтарында, дене тәрбиесiмен тiл сабақтарында топтар бөлшектенуi мүмкiн. Бөлiнiп оқытылатын пәндердiң тiзiмi оқу жоспарында көрсетiледi. Теориялық оқыту сабағының уақыты 45 минут, қажеттi жағдайларда бiр пәннен екi сабақ қатар өткiзуге болады, үзiлiс 5 және 10 минут екi сабақтан кейiн. Теориялық және iс-тәжiрибелiк сабақтардың ретi оқу жоспарымен анықталады.
Тармақ 22
22. Оқушылардың өндiрiстiк оқыту оқу-өндiрiстiк шеберханаларда, лабораторияларды, полигондарда, оқу орнының шаруашылықтарында, бөлiмшелерде, құрылыс объектiлерiнде, егiндiкте, сұраныс жасаушы кәсiпорын фермаларында жүредi.
Оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес өндiрiстiк оқыту барысында және оқудан тыс уақытта оқушылар өндiрiстiк және ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiре, халық тұтынатын өнiмдер шығара, халыққа ақылы қызмет көрсете, сондай-ақ сатылуға тиiстi өнiмдер шығара алады.
Барлық мамандықтар бойынша өндiрiстiк оқыту 12-15 адамнан тұратын топтарда, күрделi жабдықтармен, қауiптi кәсiптердi меңгертетiн оқу қолда бар мүмкiндiктерге сүйенiп жүргiзiледi.
Тармақ 23
23. Оқушылардың өндiрiстiк практикасы жеке жұмыс және арнайы қызмет орындарында, өте сирек жағдайда кәсiптiк-техникалық мектептiң жұмыс орындары жабдықталған шеберханаларында өтуге тиiс.
Тармақ 24
24. Оқушылардың бiлiм сапасына, бiлiм мен шеберлiгiне көрсеткiш болатын бағалар "5" (өте жақсы), "4" (жақсы), "3" (қанағаттанарлық), "2" (қанағаттанарлықсыз). Қорытынды баға емтиханда немесе жүргiзiлген бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша жүргiзiледi. Оқу орны оқушылардың бiлiмдерiн тексеретiн әдiстер мен тәсiлдердi, түрлi бақылау түрлерiн өздерi енгiзуге құқығы бар.
Тармақ 25
25. Кәсiби дайындықты жүйелi бақылау мақсатымен кәсiптiк-техникалық мектептерде кезеңдiк аттестация жүредi. Аттестация қорытындысына сүйенiп оқушыларға кәсiби дайындығының сол кезеңдегi деңгейiне сәйкес квалификация (разряд, класс, дәреже)
берiледi.
Оқушылар бiтiрер кездерiнде квалификациялық емтихан тапсырады.
Тармақ 26
26. Оқушыны келесi курсқа өткiзу, квалификациялық емтиханнан өтуге рұқсат беру, кезеңдiк аттестация мен квалификация (разряд, класс, дәреже) бекiту Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бекiткен Нұсқаумен анықталады.
Тармақ iii. III. Кәсiптiк-техникалық мектеп оқушылары
III. Кәсiптiк-техникалық мектеп оқушылары
Тармақ 27
27. Оқушылар таңдаған мамандығына сәйкес:
- бiлiм стандартына сай кәсiптiк-техникалық бiлiм алуға;
- жеке оқу жоспарымен оқып жедел немесе шұғыл түрде емтихан
тапсыруға;
- оқу барысында оқу орнының оқу-өндiрiстiк, библиотекалық, спорт және мәдени базасын ақысыз пайдалануға;
- оқудан тыс уақытында бiлiм алуын жұмыспен ұштастыруға;
- оқу орнының өзiн-өзi басқару ұйымдарының жұмысына қатысуға;
- оқудағы, ғылыми-өндiрiстiк, творчестволық жетiстiктерi үшiн сыйлықтар алуға құқылы.
Тармақ 28
28. Кәсiптiк-техникалық мектеп оқушылары - кәсiби шеберлiктi адам меңгеруге, ғылым негiздерiне сүйенiп қабiлеттерiн жетiлдiруге, бiлiмдерiн өз беттерiмен жетiлдiрiп оны iс жүзiнде көрсете бiлуге, ұжымның қоғамдық өмiрiне белсене араласуға;
- iшкi тәртiп ережелерi мен кәсiптiк-техникалық мектептер Жарғысында көрсетiлген басқа да талаптарды орындауға мiндеттi.
Тармақ 29
29. Кәсiптiк-техникалық мектеп оқушыларды құрылтайшының шешiмiмен бүгiнгi мөлшерге сай стипендиямен, киiммен, тегiн тамақпен, жатақханадағы орынмен, көпшiлiк жол көлiгiнде жүру жеңiлдiгiмен, тағы да басқа жеңiлдiктермен, қаржылай көмектер алуға қамтамасыз етiледi.
Тармақ 30
30. Жетiм балаларды, ата-ана орнындағылардың қамқорлығынан тыс қалған балаларды оқыту қаржысын толығымен мемлекет көтередi.
Тармақ 31
31. Оқушыларды оқыту процесiне байланысы жоқ жұмыстарға сабақтан қол үздiрiп пайдалануға тыйым салынады. Оқу тек түрлi апаттар кезiнде ғана үзiлуге тиiс. Сонымен қатар табиғаттағы жайсыз жағдайларға байланысты облыс, қала, аудан әкiмдерiнiң шешiмiмен оқу уақытша тоқтатылады.
Тармақ 32
32. Iшкi тәртiп пен оқу орнының Жарғысын жиi бұзып, сабақтарға себепсiз қатыспайтын және үлгермейтiн оқушыларға оқудан шығару шаралары қолданылады.
Тармақ 33
33. Оқудың толық курсын бiтiрiп, барлық кәсiби саладағы пәндерден және өндiрiстiк iс-тәжiрибеден жақсы қорытынды бағалары бар кәсiптiк-техникалық мектеп оқушыларды бiтiру квалификациялық емтихандарына жiберiледi.
Оқушылар теориялық пәндердiң емтихандарынан денсаулығы жайлы дәрiгерлiк комиссияның ауруға байланысты бекiткен анықтамасына сүйенiп босатылады.
Емтихандардан босатылуға құқық беретiн аурулар Тiзiмiн Бiлiм министрлiгi мен Денсаулық министрлiгi бiрiгiп бекiтедi.
Тармақ 34
34. Кәсiптiк-техникалық мектептi бiтiрiп, мемлекеттiк аттестациядан өткендерге Қазақстан Республикасының кәсiптiк бiлiм мен квалификацияға сай дәрежедегi үлгiсiмен бекiтiлген құжат берiледi.
Тармақ 35
35. Кәсiптiк-техникалық мектептiң өндiрiстiк iс-тәжiрибеден, кәсiби және жалпы техникалық пәндерден және басқа пәндерден 75%-тен кем емес мөлшерде "5" (өте жақсы) бағаға ие, ал қалған пәндерден бағасы "4" (жақсы) болған, мемлекеттiк аттестациядан "5" (өте жақсы) бағамен өткен бiтiрушiсiне үздiк үлгiде бiтiргендiгi белгiсi көрсетiлген құжат берiледi.
Тармақ 36
36. Кәсiптiк-техникалық мектептегi оқу уақыты жалпы еңбек стажына енедi, сондай-ақ кәсiптiк-техникалық мектептi бiтiргеннен кейiн бастап жұмысқа тұрғанға дейiнгi уақыты бiр айдан аспаса үзiлiссiз еңбек стажына енедi.
Тармақ 37
37. Кәсiптiк-техникалық мектептiң күндiзгi оқу түрiн бiтiрушiлерге, 10 ай көлемiнде және одан да көбiрек оқып бiтiрушiлерге сұраныс берушi өнеркәсiп және басқа да жұмыс орнын берушiлер жұмысқа шығар алдында бекiтiлген разрядына (класы, дәрежесi) сай тарифтiк төлем мөлшерiмен заңға сәйкестендiрiлген ақылы еңбек демалысын беруге тиiстi.
Тармақ iv. IV. Кәсiптiк-техникалық мектептiң инженер-педагог қызметкерлерi
IV. Кәсiптiк-техникалық мектептiң инженер-педагог қызметкерлерi
Тармақ 38
38. Инженер-педагог қызметкерлерге басшылар, оқытушылар, өндiрiстiк оқыту шеберлерi (нұсқаушылар), тәрбиешiлер және оқу орнының еңбек ұжымдарының басқа да мүшелерi жатады. Жұмысшыларды дайындау, қайта дайындау және бiлiгiн арттыру тәрбиелiк жұмыстарды орындаушылар оқыту процесiне әдiстемелiк қамтамасыздық жасап, олардың iс-жүзiне асуына қатысушылардың барлығы "Бiлiм туралы" Заңның педагогтарға арналған барлық жеңiлдiктерiн пайдалана алады.
Тармақ 39
39. Инженер-педагог қызметкерлердi жұмысқа қабылдау конкурстық негiзде жүрiп, контракт жасау арқылы iске асады. Инженер-педагог қызметкерлер қатарына қажеттi кәсiби-педагогикалық бiлiгi бар, бiлiгi оқу орнының саласымен сәйкес және бiлiмi жайлы дипломы бар немесе жоғары өндiрiстiк, инженерлiк (пәндiк), психология-педагогикалық бiлiгi бар азаматтар қабылданады.
Тармақ 40
40. Педагогикалық қызмет атқаруына сот үкiмiмен тыйым салынғандар немесе дәрiгерлiк рұқсат берiлмегендер қызметке қабылданбайды.
Тармақ 41
41. Инженер-педагог қызметкерлерге талап бекiтiлген негiздегi бiлiктiлiк мiнездемелермен анықталады. Кәсiптiк-техникалық мектеп қызметкерi мен әкiмшiлiктiң қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңдарына сәйкес 3 жыл мерзiмге жасалған контрактiмен (еңбек шартымен) көрсетiледi.
Тармақ 42
42. Кәсiптiк-техникалық мектептiң инженер педагогтары мына құқықтарға ие:
- педагогикалық жаңашылдық, оқыту мен тәрбие әдiсiндегi таңдау еркiндiгi;
- еңбекке моральдық және материалдық ынталандыру;
- дайындау, қайта дайындау мен жұмысшылар мен мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру кезiндегi өз шығармашылық деңгейiн таныта бiлу;
- оқу орнының мәлiметтiк қорын, оқытудағы көмегiн, ғылыми-әдiстемелiк, әлеуметтiк-тұрмыстық, дәрiгерлiк қызметiн және басқа да көмектерiн пайдалану;
- кәсiптiк-техникалық мектеп әкiмшiлiгiнiң бұйрықтары мен шешiмдерiмен келiспеген жағдайда шағым арыз беру.
Жеке еңбек педагогикалық шығармашылық әрекетiн iске асырушы инженер-педагог қызметкер өзi оқытатын кәсiптiк-техникалық мектептiң оқушысын жеке мақсатына пайдалануға қақысы жоқ.
Тармақ 43
43. Инженер педагог қызметкерлер Қазақстан Республикасының Заңында бекiтiлгендей белгiленген мөлшердегi жұмыс күнiн, ұзартылған ақылы демалыс алуға құқықты.
Тармақ 44
44. Кәсiптiк-техникалық мектеп инженер-педагогтардың мiндеттерi:
- оқу мен тәрбиенi жоғары кәсiби деңгейде Қазақстан халқының ұлттық дәстүрi рухында жүргiзу;
- болашақ маманның шығармашылық қабiлетiн дамыту үшiн оқушыны белсендi түрде оқу-өндiрiстiк және басқа шығармашылық әрекеттерге жұмылдыру;
- оқушының жеке басын құрметтеп, оны имандылыққа, азаматтылыққа, заңды құрметтеуге тәрбиелеу;
- педагогикалық этиканы сақтау;
- оқытудың қорытынды көрсеткiшiне жауапкершiлiкпен қарау, оқыту бағдарламасына сай оқушы бiлiмi мен бiлiгiн қамтамасыз ету;
- Кәсiптiк-техникалық мектептiң Жарғысының талаптарын сақтау.
Тармақ 45
45. Инженер-педагог қызметкерлерге еңбек ақы, айлық жалақы орындалған жұмыс пен функциональды мiндеттерге байланысты контрактыда көрсетiлгендей төленедi. Қызметкерлердiң орындаған басқа жұмыстары мен мiндеттерi үшiн қосымша ақы қосымша келiсiм арқылы төленедi.
Тармақ 46
46. Инженер-педагог қызметкерлерге оқытудағы, ғылыми-әдiстемелiк, тәрбиешiлiк және басқа жарғыға сай iс-әрекеттерiндегi жетiстiктерi үшiн рухани және материалдық құрметтеу белгiленедi.
Тармақ 47
47. Инженер-педагог қызметкерлердi жұмыстан шығару Қазақстан Республикасының Еңбек заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ v. V. Кәсiптiк-техникалық мектептi басқару
V. Кәсiптiк-техникалық мектептi басқару
Тармақ 48
48. Кәсiптiк-техникалық мектептi басқару-құрылтайшысымен тығыз байланыс жағдайында, оқу орнының өз дербестiгiн, ұжымның өзiн-өзi басқаруын сақтап, барлық оқушылар мен қызметкерлердi бiрiктiрiп, бiр орталықтар үйлестiрiп басқару негiзiнде iске асады.
Тармақ 49
49. Кәсiптiк-техникалық мектептiң өзiн-өзi басқару органы-педагогикалық Кеңес пен кәсiптiк-техникалық мектептiң Жарғысында көрсетiлген басқа органдар.
Тармақ 50
50. Кәсiптiк-техникалық мектептi тiкелей басқарушы-директор, оны мемлекеттiк басқарушы мекеме облыстық (қалалық) бiлiм басқармасы немесе құрылтайшысы тағайындайды.
Директордың жеке басы оқу орнының Жарғысымен педагогикалық Кеңестiң шешiмiн немесе жоғары сатыда тұрған органдардың шешiмiн күтетiн жайлардан басқаның бәрiн шеше алады.
Кәсiптiк-техникалық мектеп директоры:
- оқу орны жұмысының нәтижелерiне толығымен жауап берушi;
- оқу орнының ұжымының атынан iс-әрекет жасаушы, оқу орнының қажеттiлiктерiн барлық органдарға, мекемелерге, өнеркәсiптерге, ұйымдарға жеткiзушi, қазынаны жұмсауды шешушi;
- өз орынбасарларын тағайындап және жұмыстан босатушы, бас бухгалтердi жоғары сатыдағы органдардың келiсiммен, ал басқа қызметкерлерге еңбек заңына сәйкес мiндеттерiн анықтаушы;
- еңбек ақы қорының есебiнен кесiктi қызмет ақы мен еңбек ақыны бiрыңғай тарифтiк мөлшерге сай бекiтушi;
- оқытушылар мен өндiрiстiк оқыту шеберлерiн және оқу орнының басқа қызметкерлерiнiң жұмысын тексерушi.
Тармақ vi. VI. Кәсiптiк-техникалық мектептiң оқу-материалдық базасы
VI. Кәсiптiк-техникалық мектептiң оқу-материалдық базасы
Тармақ 51
51. Кәсiптiк-техникалық мектептiң оқу-материалдық базасына жататындар оқу үйi, ғимараттар, қазыналық комплекстер (оқу, тұрғын, қосымша), оқу шаруашылығының жер участогi, оқу-полигондары, әр түрлi жабдықтар мен безендiрулер, оқу-көрнекi құралдары, техникалық оқыту құралдары, электронды есептеу техникасы, басқа да бiлiм берудiң негiзгi мiндеттерiн орындауға қажеттi оқу құралдары.
Тармақ 52
52. Кәсiптiк-техникалық мектептердiң ережелiк қызметi үшiн құрылтайшы өздерiне бекiтiлген немесе басқа жекеменшiк иелерiнен жалға алған объектiлердi, мекемелердi, құрылыстарды, құрал-жабдықтарды, тұтыну, әлеуметтiк, мәдени және басқа мақсаттағы заттарды бере алады.
Тармақ 53
53. Кәсiптiк-техникалық мектептiң оқу-материалдық базасы белгiленген нормативтердiң талап деңгейiнде болуы керек.
Тармақ 54
54. Кәсiптiк-техникалық мектеп меншiк иелерiнiң алдында өздерiне бекiтiлген меншiктiң сақталуы мен пайдалы қолданылуы үшiн жауапты болады. Кәсiптiк-техникалық мектепке бекiтiлген меншiктi қайтарып алу мен тартып алуға тек басқа келiсiм шарттары жасалмай меншiк иесi мен оқу орнының арасындағы келiсiм мерзiмi аяқталған кезде ғана жол берiледi.
Тармақ 55
55. Кәсiптiк-техникалық мектеп жалға беру құқығына ие бола алады.
Тармақ 56
56. Оқу-материалдық базаның дамуы кәсiптiк-техникалық мектептерде бюджеттiк қор мен бюджеттен тыс өзiндiк қаржылардың есебiнен жүзеге асады.
Тармақ 57
57. Кәсiптiк-техникалық мектептерде өндiрiстiк және ауылшаруашылық өнiмдерi үшiн оқу iсiне керектi шикiзат, материал және жабдықтар өндiру бюджет арқылы және мектеп пайдасындағы бюджеттен тыс қорлардың есебiнен жүзеге асады.
Тармақ vii. VII. Кәсiптiк-техникалық мектептердi қаржыландыру
VII. Кәсiптiк-техникалық мектептердi қаржыландыру
Тармақ 58
58. Кәсiптiк-техникалық мектептердi қаржыландыру жоғарғы басқару мекемесi бекiткен шығыс сметасы негiзiнде, сондай-ақ ғылыми негiзделген нормативтерге сай жергiлiктi бюджет арқылы жүзеге асады. Нормативтердiң нақты мөлшерi инфляцияның өсуiне қарай үнемi белгiлеген отырады.
Бекiтiлген шығыс сметасының шеңберiнде кәсiптiк-техникалық мектептер:
- бюджеттiк қор есебiнен еңбек ақысынан, стипендия және тамақ қорынан басқа шығыстарды бекiтедi және қайта бөледi;
- сметадағы бюджеттен тыс (арнайы) қорларды еңбек ақысы және бюджетке кiрiс төлемдерiнен басқа көрсетiлген бюджеттен тыс қорлардың барлық түрлерiн бекiтедi және қайта бөледi.
Тармақ 59
59. Тұрғындардың еңбекпен қамтылмаған және жұмыстан қысқарып қалған жұмысшыларды дайындау, қайта дайындау және кәсiби шеберлiгiн көтеруi қаржыландыру мемлекеттiк қордың, сондай-ақ мекемелер, ұйымдар, фирмалар т.б. орындардың және
- қоғамдық қайырымдылық ұйымдарынан, азаматтардан, оның iшiнде шетел азаматтары мен фирмалардан түскен қаржы;
- заңға қайшы келмейтiн басқа да қаржы көздерi жатады.
Тармақ 60
60. Кәсiптiк-техникалық мектептердiң бюджеттiк ассигнованияның мөлшерi бюджеттен тыс түсiмдердiң кiрiс мөлшерiне қарай азайып қалмайды немесе оны бөлу тоқтатылмайды.
Тармақ 61
61. Кәсiптiк-техникалық мектеп оперативтiк және бухгалтерлiк есептi iске асырады, статистикалық және бухгалтерлiк есеп берудi белгiленген мерзiмде орындап, құрылтайшыларға қаржы-шаруашылық қызметiне және ұжымның алдында бюджеттен тыс қордың есебiне жауап бередi.
Тармақ 62
62. Кәсiптiк-техникалық мектептiң табыс әкелетiн жұмыспен айналысуға құқығы бар.
Осындай қызметтен түсетiн табыс кәсiптiк-техникалық мектептiң өз үлесiнде қалады. Кәсiптiк-техникалық мектеп Қазақстан Республикасының белгiленген салық төлемiнен басқа бюджетке мiндеттi төлемдердiң барлық түрiнен босатылады.
Тармақ viii. VIII. Халықаралық ынтымақтастық және iшкi экономикалық қызмет
VIII. Халықаралық ынтымақтастық және iшкi экономикалық қызмет
Тармақ 63
63. Кәсiптiк-техникалық мектеп заңда белгiленген тәртiппен шетелдiк кәсiпорындармен, оқу орындарымен, ұйымдармен және фирмалармен тiкелей байланыс орната алады.
Тармақ 64
64. Қазақстан Республикасының кәсiптiк-техникалық мектептерiнде шетел азаматтарын оқыту, дайындау, қайта дайындау және кәсiби шеберлiгiн көтеру Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмiнде негiзделген заңды, жеке тұлғалардың орнымен тiкелей келiсiмi арқылы жүзеге асады.
Тармақ 65
65. Кәсiптiк-техникалық мектеп iшкi экономикалық қызметтi өз еркiмен жүзеге асырады және заңда белгiленген тәртiппен банкте және басқа да несиелiк мекемелерде валюталық есеп аша алады.
Тармақ 66
66. Iшкi экономикалық қызметiнен түскен валюталық кәсiптiк-техникалық мектептiң өз үлесiнде қалады және басқалар иемдене алмайды.
Тармақ 67
67. Шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар оқу орнына қабылданған соң сай құқықтарға ие болып, мiндеттеме алады.