Бірлік обьектілерге салық салудың тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы. Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 394 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қазандағы «Тіркелген жиынтық салық ставкаларының ең төменгі және ең жоғарғы базалық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы» №1016 Қаулысына сәйкес, аудандық Мәслихат шешім етті:
Тармақ 1
1. Бірлік объектілерге салық салудың тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін. (Қосымша қоса тіркелді.)
Тармақ 2
2. Жаңаарқа аудандық Мәслихатының 2005 жылғы 13 қаңтардағы XV-ші сессиясының № 15/121 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау аудандық Мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім аудандық әділет басқармасына тіркеліп, ақпарат көздеріне жарияланғаннан кейін күшіне енеді. «КЕЛІСІЛДІ»: 09.07.2007 Жж Жаңаарқа ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы Р.Омаров
Басқа 5
Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы XXXIX сессиясының №32/314 шешіміне қосымша Рет саны № Салық салу объектісінің түрі Бір объектіге бекітетін тіркелген жиынтық салық ставкасының мөлшері АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 1. Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ойын ұтыс автоматы 80 2. Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы 110 3. Ойын өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер 40 4. Бильярд үстелі 130