Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по ведению Государственного кадастра захоронений вредных веществ, радиоактивных отходов и сброса сточных вод в недра

Бұйрық · № 237-п · қабылданған 25.07.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-34820/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по ведению Государственного кадастра захоронений вредных веществ, радиоактивных отходов и сброса сточных вод в недра Күшін жойған Бұйрық ·№ 237-п ·25.07.2007
25.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по ведению Государственного кадастра захоронений вредных веществ, радиоактивных отходов и сброса сточных вод в недра

Күшін жойған Бұйрық ·№ 237-п · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по ведению Государственного кадастра захоронений вредных веществ, радиоактивных отходов и сброса сточных вод в недра
Атауы (қаз.)
Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына тастаудың мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
237-п
Қабылданған күні
25.07.2007
Көрсетілген редакция
25.02.2015 AI34820_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004885_
ЭКБ идентификаторы
34820
Редакция идентификаторы
AI34820_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:13

0 Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына тастаудың мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 9 қаңтар 2007 жылғы Экологиялық Кодексінің 17-бабы 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Осы тіркелген Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына тастаудың мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 25 шілдедегі N 237-ө
бұйрығымен бекітілді
Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізу жөніндегі нұсқаулық Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес жасақталған.

2

2. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және ағынды суларды жер қойнауына төгудің мемлекеттік кадастры (Көмудің мемлекеттік кадастры) қалдықтарды орналастырудың әрбір объектісі: зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтар, ағынды сулардың типтері мен түрлері, сандық және сапалық көрсеткіштері көрсетілген заттық құрамы, қоршаған ортаға экологиялық әсері, оларды сақтаудың техникалық шарттары бойынша жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын қысқаша мәліметтер жиынтығын білдіреді.
Зиянды заттардың тізбесін»"Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 557 қаулысы анықтайды.
Мемлекеттік кадастр табиғат пайдаланушылардан түскен есептер, ғылыми зерттеулер, жобалық ізденістер, экологиялық ақпараттың басқа көздерінің деректері негізінде жүргізіледі және есепке алу объектісінің паспорты түрінде рәсімделеді (бұдан әрі - Паспорт).

3

3. Қызметінің барысында зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көметін және жер қойнауына ағынды суларды төгетін пайдаланушылар меншік объектісі мен ведомстволық тиістілігіне тәуелсіз, жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарға осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес рәсімделген паспорттарды табыс етеді.

2 2. Есепке алынатын объектілер

4 4. Көмудің мемлекеттік кадастрына есепке алынады:

1 1) ары қарай пайдалануға жарамсыз уытты қалдықтарды көму және улы химикаттарды, сілтілерді, қышқылдарды, пайдалануға тиым салынған өнімдер мен материалдарды өңдеу орындары;

2 2) келесі топты ағынды сулардың төгілу орындары:

мұнайды тұссыздандырудан қалған қышқыл су (құрамында күкіртсутек, мұнай өнімдері, механикалық қоспалар мен ерігіш тұздары бар және мұнайды сусыздандырған соң қабаттық сумен бірге У-800 қондырғысына күкіртсутектен, мұнайдан және қатты бөлшектерден тазарту үшін айдау ұңғымалары арқылы терең жер асты қабаттарына жіберілетін су);
демеркаптанизациялау қондырғысынан шыққан ағынды сулар (құрамында бейтараптандырылған сілті, мұнай өнімдері, механикалық қоспалар, ерігіш тұздар, меркаптидтер, сульфидтер бар, өндірістік-жауын кәріздері желісіне түсетін, ал ары қарай айдау ұңғымаларына жіберілгенше мұнай мен қатты бөлшектерін жою үшін өндірістік суларды тазартудың тазартқыш құрылғыларына жіберілетін су);
тауарлық мұнайды сақтау ыдыстарынан шыққан тауарлық сілтілі суы (құрамында механикалық қоспалары мен мұнай өнімдері бар және бір бөлігі сілтілік ерітінді дайындалуға қолданылатын, ал бір бөлігі сілтіні бейтараптандыру қондырғысына түседі, содан соң айдау ұңғымаларына жіберілгенше қатты бөлшектер мен мұнайды жою үшін тазартқыш құрылғыларға жіберілетін су);
асфальтталған алаңдардан жиналатын қар суы мен жауын-шашын сулары, өндірістік-жауын кәріздері желісіне құйылады, содан соң айдау ұңғымаларына жіберілгенше қатты бөлшектер мен мұнайды жоюға арналған тазартқыш қондырғыларға сорғы станциясымен сорылады.

3 3) өз мақсаты бойынша сақтау пункттері мен көму пункттері топтарына бөлінетін радиоактивті қалдықтарды көму пункттері.

3 3. Паспорттарды рәсімдеу және бекіту

5 5. Паспорттарды табиғат пайдаланушылар қосымшаға сәйкес екі данада ағымдағы жылдың 1 қаңтарына жасайды.

Паспорттар Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органына ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының ішінде, бірақ 10 наурыздан кешіктірілмей жіберіледі.

6 6. Паспорт қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен қабылданады, тіркеледі, есепке алынады және сақталады.

7 7. Осы ережелерді бұза отырып, жасалған паспорт есепке алынбайды және сақтауға қабылданбайды, ол табиғат пайдаланушыға ескертпелерді жою үшін қайтарылады.

0 Зиянды заттарды, ағынды суларды, радиоактивті қалдықтарды көмудің мемлекеттік кадастры ПАСПОРТ

Зиянды заттарды, радиоактивті
қалдықтарды көмудің және
ағынды суларды жер
қойнауына төгудің
мемлекеттік кадастрын жүргізу
жөніндегі нұсқаулыққа
Қосымша
Зиянды заттарды, ағынды суларды, радиоактивті қалдықтарды көмудің мемлекеттік кадастры ПАСПОРТ
Дана N____________
N __________________
Есепке алынатын объект______________________________________________
Құрастырған_____________________ __________________ ______________
Аты-жөні, қызметі қолы күні
Тексерген ______________________ __________________ ______________
Аты-жөні, қызметі қолы күні
Бекіткен ______________________ __________________ ______________
Аты-жөні, қызметі қолы күні
Ұйым _______________________________________________________________
1. Объектінің жалпы сипаттамасы
(Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 157-бабы ,
1 тармағының 1-тармақшасы)
1) Есепке алынатын объектінің схемалық картасы, масштабы
2) Географиялық координаттары:
3) Объектінің әкімшілік орналасуы
Об­лыс
Аудан
Қа­ла, кент
1
2
3
4) Объекті пайдаланудың жалпы мәліметтері
Ор­на­ла­са­тын жер
Тү­зі­лу шар­тта­ры
Пай­да­ла­ну ке­зе­ңі, жыл
Кү­ті­міне жұм­са­ла­тын шы­ғын­дар
ба­ста­луы
со­ңы
жы­лы­на
ағым­да­ғы ке­зең­де
1
2
3
4
5
6
5) Объект өлшемдері
Ұзынды­ғы, км
Ені, км
Те­рең-ді­гі, км
Ауқы­мы,км 2
Ал­дың­ғы жыл ішін­де кө­му­дің жыл­дық кө­ле­мі,
мың т.
Ағым­да­ғы жыл­дың 01.01 жағ­дай бой­ын­ша мөл­ше­рі, мың т.
Кө­ле­мі,
мың м 3
Мас­са­сы мың т.
1
2
3
4
5
6
7
6) Жер қойнауы мен қоршаған орта мониторингі туралы мәліметтер
Сұрыпталатын сынаманың орналасуы схемасы
Мониторинг қорытындысы
же­ра­с­ты су­лар
то­пы­рақ
ат­мо­сфе­ра­лық ауа
өсім­дік және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі
ра­ди­а­ци­я­лы­қор­та
бас­қа түр­ле­рі
1
2
3
4
5
6
Мониторинг өлшемдері
Қа­да­ға­лай­тын өл­шем­дер тіз­бе­сі
Өл­шеу жи­і­лі­гі
Жүр­гі­зу әді­сте­рі
1
2
3
2. Объектінің физикалық сипаттамасы (Қазақстан Республикасы
Экологиялық кодексінің 157-бабы, 1-тармағының 2-тармақшасы)
7) Орналастырудың техникалық шарттары
оқ­ша­у­лау си­патта­ма­сы
кол­лек­тор пла­сты­ның ти­ім­ді­лік қу­а­ты
ке­уек­ті­лік ко­эф­фи­ци­ен­ті
тө­се­лу­ші және жа­бу­шы су ағы­ны­ның си­патта­ма­сы
жер асты су­лар­дың та­би­ғи ағы­ны­ның жыл­дамды­ғы
тө­гін­ді сақ­тау мер­зі­мі
1
2
3
4
5
6
8) Негіздеме сипаттамасы
Жы­ны­стар тү­рі
Өл­шем­дер
Негіз­де­ме ені, км
Би­ік­ті­гі бой­ын­ша ені, км
Фи­зи­ка-ме­ха­ни­ка­лық қа­си­ет­те­рі
1
2
3
4
3. Қалдық сипаттамасы (Қазақстан Республикасы Экологиялық
кодексінің 157-бабы, 1-тармағының 3-тармақшасы)
9) Объектінің түзілу сипаттамасы
өнім ата­уы
Тех­но­ло­ги­я­лық цик­лі
10) Объ­ек­ті­нің фи­зи­ка-ме­ха­ни­ка­лық қа­си­ет­те­рі
Хи­ми­я­лық құ­ра­мы (то­лық)
Уыт­ты ком­по­нент­тер
ері­гіш­ті­гі
Сақ­тау ке­зін­де бас­қа заттар­мен үй­ле­сім­ді­лі­гі
өрт-жа­ры­лыс қа­уіп­ті­лі­гі
1
2
3
4
5

11 11) Радиоактивті объект сипаттамасы

Ра­дио­ак­тив­ті зат тү­рі
Жыл­дық эк­ви­ва­лент­ті до­за­сы
Бөл­шек­тер ағы­ны­ның тығ­ы­зды­ғы
Аг­ре­гат- тық күйі
ра­ди­о­нук­лид­тер­дің шек­ті бел­сен­ді­лі­гі Бк
ауа­да
су­да
то­пы- рақ­та
12) Қалдықтарды тасымалдау жүйесінің сипаттамасы
4. Қосымша мәліметтер
13) Көму объектісі бойынша мемлекеттік қорытынды, актілердің болуы:
Қа­шан және кім­мен бе­рі­л­ген
Құ­жат ата­уы
Қол­да­ныс мер­зі­мі
1
2
3
14) Объект туралы деректердің көздері
Құ­жат ата­уы
Ав­тор (ұй­ым)
Хат­та­ма­лар N№
Бе­кі­ті­л­ген жы­лы
Сақ­тау ор­ны
1
2
3
4
5
6

Қолданыстағы