Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов Қолданыста
Басқа 0
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі және Алтынсарин аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 18 тамызға белгіленген Парламент мәжілісіне, № 18 Алтынсарин сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатына және Алтынсарин аудандық мәслихатына депутаттар сайлауын әзірлеу және өткізу кезеңінде, барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Парламент мәжілісінің, № 18 Алтынсарин сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының және Алтынсарин аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардын ТІЗБЕСІ
Әкімдіктің және аудандық сайлау комиссиясының
2007 жылғы 20 шілдедегі № 186 бірлескен қаулысына
қосымша
Парламент мәжілісінің, № 18 Алтынсарин сайлау округі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының және Алтынсарин аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындардын ТІЗБЕСІ
№ р/с
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын
1
Танабай селосы
Димитров селолық округі әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы стенд
2
Воробьевка селосы
Воробьев орта мектебінің жанындағы стенд
3
Докучаев селосы
Докучаев селолық округі әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы стенд, Докучаев орта мектебінің жанындағы стенд
4
Карағайлы селосы
Қарағайлы орта мектебінің жанындағы стенд
5
Шоқай ауылы
«Карағайлы элеваторы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің жанындағы стенд (келісім бойынша)
6
Первомай селосы
«Ұлан-Агро 2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің жанындағы стенд
7
Темір-Қазық селосы
Первомай бастауыш мектебінің жанындағы стенд
8
Қызыл-Ағаш селосы
№ 12 үйдің жанындағы стенд (келісім бойынша)
9
Лермонтов селосы
Лермонтов орта мектебінің жанындағы стенд
10
Жанасу селосы
Жанасу орта мектебінің жанындағы стенд
11
Новоалексеевка селосы
«Новоалексеевское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің жанындағы стенд (келісім бойынша), орталық алаңдағы стенд
12
Анновка селосы
«Мельагропром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік кешенінің жанындағы стенд (келісім бойынша)
13
Приозерный селосы
Ленин көшесі, 21 үйдің жанындағы стенд (келісім бойынша)
14
Көбеков селосы
Көбеков бастауыш мектебінің жанындағы стенд
15
Обаған селосы
«Азаль» дүкенінің жанындағы стенд (келісім бойынша)
16
Большая Чураковка селосы
«Радуга» және «Березка» дүкендерінің жанындағы стенд (келісім бойынша)
17
Новониколаевка селосы
Жеке кәсіпкер А.И.Дильманның дүкенінің жанындағы стенд (келісім бойынша)
18
Осипов селосы
Жеке кәсіпкер Қ.Ж.Өтелбаевтың дүкенінің жанындағы стенд (келісім бойынша)
19
Силантьев селосы
Селолык округ әкімінің аппараты ғимаратының жанындағы стенд, «Қазпошта» бөлімшесі ғимаратының жанындағы стенд (келісім бойынша)
20
Малая Чураковка селосы
Жеке кәсіпкер Б.Г.Черкасовтың дүкенінің жанындағы стенд (келісім бойынша)
21
Бирюков селосы
Бирюков бастауыш мектебінің жанындағы стенд
22
Зуев селосы
«Зуевка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің жанындағы стенд (келісім бойынша)
23
Щербаков селосы
Селолык округ әкімінің аппараты гимаратының жанындағы стенд
24
Қосқұдық селосы
Степная көшесі, 13 үйдің жанындағы стенд (келісім бойынша)
25
Сатай селосы
Сатай негізгі мектебінің жанындағы стенд
26
Басбек селосы
Басбек бастауыш мектебінің жанындағы стенд
27
Красный Кордон селосы
Мәдениет үйінің жанындағы стенд (келісім бойынша)
28
Свердловка селосы
«Жанабек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңсесінің жанындагы стенд (келісім бойынша)
29
«Сосновый бор» шипажайы
«Сосновый бор» шипажайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі корпусының фойесіндегі стенд (келісім бойынша)