Об установлении карантинной зоны с ведением ограничительных мероприятии на село Белоглинка Петропавловского сельского округа Узункольского района по бешенству животных Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұзынкөл ауданы Петропавл селолық округінің Белоглинка ауылына жануарлардың құтырмасы бойынша шектеулер қою іс-шараларын жүргізуге байланысты тыйым салу аймағын белгілеу туралы «Халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоксандағы № 361 Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10, 27-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабының 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық Министірлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Ұзынкөл аудандық аймақтық инспекциясының 2007 жылғы 6 маусымдағы ұсынысының негізінде және Ұзынкөл ауданы Петропавл селолық округінің Белоглинка ауылындағы жануарлардың құтырмасын жою жөніндегі іс-шараларды өткізу мақсатында, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұзынкөл ауданы Петропавл селолық округінің Белоглинка ауылы жануарлардың құтырмасынан сау емес деп белгіленсін.
Тармақ 2
2. Алдын ала ветеринарлық бауыздау байқауынан мұқият өтпеген және сойылған малдың өнімдерін ветеринарлық - санитарлық сараптаудан өтпеген жануарларды союға тыйым салыну ұсынылсын.
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігінің агроөнеркэсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Ұзынкөл аудандық аймақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі салауатсыз орында мына іс - шараларды өткізсін (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) ауру және ауруға күдікті жануарлар топтарынан белінген, сонымен қатар қаңғыбас иттер (мысықтар) мен жабайы хайуандар қауып алған жануарлар топтарына тәулігіне үш реттен кем емес үнемі ветеринарлык кадағалау белгілесін. Жануарлардың құтырма ауруымен ауырған ауруларды және оған белгілесін. Жануарлардың құтырма ауруымен ауырған ауруларды және оған күдіктілерді неғұрлым ерте анықтау мақсатында бүкіл топты ветеринарлық байқаудан өткізсін;
Тармақша 2
2) үй иттері мен мысықтары, сонымен қатар ауылшаруашылық жануарларының барлық түрлері құтырмаға қарсы егілсін;
Тармақша 3
3) құтырма ауруымен ауырған жануарлар, аурулар және оған күдіктілердің болған жерлерін, жануарларды күтуге қажетті саймандарды, киімдерді және басқа да құтырма ауруымен ауырған жануарлардың сілекейімен және зәрлерімен ласталған заттарды залалсыздандырсын.
Тармақ 4
4. «Ұзынкөл ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне мыналар ұсынылсын (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) құтырмаға (қарым — қатынас жасайтындар) қарсы егуді қажет ететін тұлғаларды анықтау үшін, құтырма ауруынан салауатсыз елді мекендерді аула сайын аралауды ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) жануарлар ұсталатын жерлердің санитарлық жағдайына, сонымен қатар елді мекеннің аумағына тексеріс жүргізсін;
Тармақша 3
3) ауданның емдеу - сауықтыру мекемелерін антиробиялык вакцина мен иммуноглобулиннің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) ветеринарлық қызметпен бірлесіп қауып алғаннан зардап шеккендердің жүгінуінің барлық жағдайына эпизоотологиялық-эпидемиологилық тергеу жургізсін;
Тармақша 5
5) «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесіп құтырманың алдын алу жөнінде халық арасында санитарлық - сауаттандыру жұмысын жүргізсін.
Тармақ 5
5. «Ұзынкөл орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) барлық зардап шеккендерге дәлелдемелері болған жағдайда құтырмаға қарсы емдеу - алдын - алу егулерін уақытында жүргізуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) құтырмаға диагноз қою, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің теориялық және тәжірбие дайындығын өткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Н. Мұхамедқалиевке жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.