О ставках акцизов на игорный бизнес Күшін жойған
Басқа 0
Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 258 бабына және "Қазақстан Республикасының ойын бизнесінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы аумағында салық салу объектісінің өлшеміне ойын бизнесіне арналған акциздер ставкаларының қосымша мөлшері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Өскемен қалалық мәслихатының "Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" 2006 жылғы 23 карашадағы № 27/5 (тіркеу № 5-1-47) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы
Қалалық мәслихаттың
2007 жылғы 24 шілдедегі № 35/6
шешіміне қосымша
Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы
№
Салық салу объектілері
Ставка мөлшері
1
Букмекер конторасының кассасы
150 АЕК
2
Тотализатор кассасы
160 АЕК
* АЕК - айлық есептік көрсеткіш.