Об установлении соответствия кандидата в депутаты Парламента Республики Казахстан, кандидата в депутаты маслихата требованиям, предъявляемым к нему Конституцией Республики Казахстан и Конституционным законом "О выборах в Республике Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттығына кандидаттың және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының оған қоятын талаптарына сәйкестігін анықтау тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 51-бабының 4-тармағына, 86-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 4-бабының 4-тармағына, 73, 89, 104-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттығына кандидаттың және мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының оған қоятын талаптарына сәйкестігі тиісті округтік (облыстық, Астана немесе Алматы қалалық) сайлау комиссиясының мәжілісінде мынадай тәртіппен анықталсын:
Тармақша 1
1) кандидат ұсынған Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты, жеке куәлігі немесе туу туралы куәлігінің (түпнұсқасы дереу қайтарылады) негізінде тумысынан Қазақстан Республикасының азаматтығы және қажетті жасы;
Тармақша 2
2) тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының аумағында кемінде үш жыл тұру фактісі, Сенат депутаттары үшін жоғары білімі және бес жыл жұмыс стажы - облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясының сұрауы бойынша алынған тиісті құжаттардың негізінде жоғары білімі туралы диплом, еңбек кітапшасының көшірмесі немесе кандидат ұсынған жұмыс орнынан алынған анықтама (түпнұсқалар дереу қайтарылады);
Тармақша 3
3) окгрутік, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясының сұрауымен облыстық, Астана және Алматы қалалық прокуратурадан, облыстық, Астана және Алматы қалалық ішкі істер басқармасынан алынған мәліметтер бойынша тіркеу алдындағы бір жыл ішінде қасақана құқық бұзғаны үшін сыбайлас жемқорлық жасағаны үшiн тәртіптiк жазалары сот тәртібімен әкімшілік жазаға тартылмағандығы, толық өтелмеген немесе алынып тасталмаған соттылығы жоқтығы;
Ескерту: 1 тармақтың 3) тармақшасы өзгертілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2000 жылғы 10 тамыздағы N 7/7 қаулысымен .
Тармақша 4
4) округтік, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиясының сұрауымен кандидаттың жұмыс орнынан алынған мәліметтер негізінде тіркеу алдындағы жыл ішінде сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін тәртіптік жазаларының жоқтығы;
Тармақша 5
5) кандидаттың облыстық деңгейдегі, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау мекемелерінен алынған дәрігерлік анықтама негізінде - психикалық денсаулық жағдайы.
Тармақ 2
2. Тиісті ішкі істер басқармалары, прокуратура органдары сайлау комиссияларының Парламент және мәслихаттар депутаттығына кандидаттар туралы сұрауларын екі күн мерзімде орындасын.
Ескерту: 2 тармақ өзгертілді - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2000 жылғы 10 тамыздағы N 7/7 қаулысымен .
Тармақ 3
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
төрайымы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы