Об утверждении Порядка размещения пасек на территории Шемонаихинского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шемонаиха ауданының аумағында омарталарды орналастыру Тәртібін бекіту туралы «Бал ара шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы Заңы 6- бабына сәйкес, аудан аумағында омарталарды қауіпсіз орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Шемонаиха ауданының аумағында омарталарды орналастыру тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрілігі Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясына жоғарыда көрсетілген Тәртіпті және оның сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру бойынша қызметті үйлестіруді жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның бірінші ресми жариялануынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін. Келісілген: Қазақстан Республикасы АШМ Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясының бастығы В.Некрасов
Басқа 4. Шемонаиха ауданының аумағында омарталарды орналастыру
Шемонаиха ауданының әкімдігінің 2007 жылғы 10 тамыздағы №2097 қаулысымен БЕКІТІЛДІ Шемонаиха ауданының аумағында омарталарды орналастыру ТӘРТІБІ 1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Шемонаиха ауданы аумағында омарталарды орналыстырудың осы Тәртібі (әрі қарай - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 наурыздағы «Бал ара шаруашылығы туралы» Заңының талаптарына сәйкес орнатылған.
Тармақ 2
2. Тәртіп Шемонаиха ауданы аумағында омарталарды қауіпсіз орналастырудың негізгі ұстанымдарын реттейді.
Тармақ 3
3. Осы Тәртіп бал ара шаруашылығымен айналысушы барлық жеке және занды тұлғалармен сақталсын.
Тармақ 1. 2. Омарталарды қауіпсіз орналастырудың реттелуі
2. Омарталарды қауіпсіз орналастырудың реттелуі
Тармақ 4
4. Жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдардың және малдың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін орындарда орналастырады. Шаруашылық субъектілердің басшыларында және омарталардың иелерінде әр омартаға малдәрігерлік саласындағы өкілетті мемлекеттік органдарымен берілген ветеринарлық төлқұжаттары міндетті түрде болуы керек.
Тармақ 5
5. Омарталар, омарта иелерінің пайдалауындағы жер телімдерінде орналастырылады. Бал ара шаруашылығымен айналысатын тұлғалар жер туралы заңнамасына сәйкес жер телімдерінің иелерімен және жер пайдаланушылармен келісім бойынша басқа жер телімдерін пайдалана алады.
Тармақ 6
6. Елді мекендердің шегінде биіктігі 2 метрлік қоршау болғанда бал омарталарын орналастыруға болады.
Тармақ 7
7. Бал ара ұяларын үлкен жолдарға және мал шаруашылығы фермаларында жақын орналастыруға жол берілмейді. Олардың ара қашықтығы 30 метрден кем болмауы тиіс.
Тармақ 8
8. Көшпелі омарталар бал жинау көздерінде бір-бірінен кем дегенде бір жарым километрден және тұрақты омарталар дан үш километрден жақын емес қашықтықта орналастырылуы тиіс. Тұрақты және көшпелі омарталарды бал аралардың басқа бұрын орналастырылған омартадан аралардың бал жинау көздеріне қарай ұшатын жолына орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 9
9. Бал ара ауырларының дамуын болдырмау үшін, ұялар ойпаң және дымқыл жерлерде, су қоймаларының жанына орналастыруға болмайды.
Тармақ 10
10. Омарталарды ауыл шаруашылығына пайдалы жерге орналастыру кезінде ауыл шаруашылық дақылдарды таптауға, сол айналаны ластауға жол берілмеуі тиіс.
Тармақ 11. 3. Тәртіптің орындалуына жауапкершілік
3. Тәртіптің орындалуына жауапкершілік 11. Осы Тәртіпті бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған жауаптылыққа тартылады.
Тармақ 2
Қазақстан Республикасы АШМ Шемонаиха ауданының аумақтық инспекциясының бастығы В.Некрасов