Об утверждении Правил включения представителя от политических партий в представление акима при образовании новых составов соответствующих избирательных комиссий Күшін жойған
Басқа 0
Тиісті сайлау комиссияларының жаңа құрамын құрған кезде әкімнің ұсынысына саяси партия өкілін енгізудің Тәртібін бекіту туралы
Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі "1999 жылғы Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттарын сайлаудағы сайлау комиссиялары туралы" қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса тіркеліп отырған тиісті сайлау комиссияларының жаңа құрамын құрған кезде әкімнің ұсынысына саяси партия өкілін енгізудің Тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
төрайымы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Басқа 3. Тиісті сайлау комиссияларының жаңа құрамын құрған кезде әкімнің ұсынысына саяси партия өкілін енгізудің Тәртібі
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
1999 жылғы 8 шілде N 12/203
қаулысымен бекітілген
Тиісті сайлау комиссияларының жаңа құрамын құрған кезде әкімнің ұсынысына саяси партия өкілін енгізудің Тәртібі
Тармақ 1
1. Әкім тиісті сайлау комиссиясына жаңа сайлау комиссиясын құру жөніндегі ұсыныстар жасаған кезде саяси партиялардың пікірін ескереді.
Тармақ 2
2. Сайлау комиссиясының құрамы жөніндегі әкімнің ұсынысына саяси партияның бір өкілі енгізіледі.
Тармақ 3
3. Ұсыныстың дайындалуы жөнінде әкім әкімшілік-аумақтық бірліктегі тиісті сайлау комиссиясына жұмыс істеуге бір өкіл ұсынуға құқы бар саяси партиялардың барлығын хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Әкімнің ұсынысына енгізу үшін саяси партияның өкілін таңдау жеребе өткізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Жеребені әкім немесе ол сенім көрсеткен адам өткізеді.
Тармақ 6
6. Жеребе өткізудің төмендегідей реті белгіленеді:
Тармақша 1
1) Түсі мен көлемі бірдей конверттерге саяси партиялар өкілдерінің тегі жазылған парақтар салынады. Бір конвертте тек бір саяси партияның атауы мен өкілдің тегі жазылады;
Тармақша 2
2) Конверт желімделіп, араластырылып қатысушылардың барлығына көрінетіндей жердегі үстелдің үстіне орналастырылады;
Тармақша 3
3) Саяси партияның өкілі (өз таңдауы бойынша) үстелден кез-келген конвертті алады, ашып парақтағы жазуды жария етеді;
Тармақша 4
4) Конвертте тегі жазылған адам саяси партияның өкілі ретінде әкімнің ұсынысына енгізіледі.
Тармақ 7
7. Егер саяси партиялар заңмен белгіленген мерзімде өз өкілдерін ұсынбаса, онда әкім саяси партия өкілінің орнына өз қалауынша басқа кандидатураны ұсынуға хақылы.