О Положении по микрокредитованию многодетных малообеспеченных семей Северо-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысының көпбалалы аз қамтамасыз етілген отбасыларға микронесие беру жөніндегі Ереже туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
24.08.2005 № 24 шешімімен.
"1999 жылға өтімдік-бөлу жүйесі бойынша аз қамтамасыз етілген тұрғындар жіктеріне мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі" кешенді мақсатты бағдарламаға сәйкес және аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасылардың кірісін өсіру және оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсаттарында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысының көпбалалы аз қамтамасыз етілген отбасыларына микронесие беру жөніндегі Ережені бекітсін.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкімдеріне бекітілген Ережеге сәйкес аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға микронесие бөлудің облыстық бюджеттен қарастырылған қаржысын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 12.04.1999 № 76 шешімімен
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.П. Никандровқа жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімінің
1999 жылғы 1 наурыздағы
№ 39 шешімімен
БЕКІТІЛДІ
Солтүстік Қазақстан облыысының аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларын микрокрдиттеу жөніндегі ЕРЕЖЕ
Аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларын микрокредиттеу туралы осы Ереже "Жеке қосалқы шаруашылыкты дамыту арқылы өзін-өзі қамтамасыз ету жөніндегі" облыстық бағдарлама негізінде жасалды.
Тарау I. I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Тармақ 1.1
1.1. Микрокредиттеу - аз камтамасыз етілген көпбалалы отбасыларды өзін-өзі қамтамасыз етулері үшін жағдай туғызуға бағытталған кредиттеу нысандарының бір түрі. Ережені жүзеге асыру аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға жеке қосалқы шаруашылық дамыту үшін ақшалай кредит беру процессінде туындайтын қатынастар жүйесіне негізделген.
Тармақ 1.2
1.2. Микрокредиттеумен аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасылар, негізінен жеке косалқы шаруашылық құруға ықылас білдірген және оларын ұлғайту үшін мүмкіндіктері бар селолық тұрғындарды қамтиды.
Тармақ 1.3
1.3. Микрокредиттеу аудан (кала) әкімдерімен бекітілетін микрокредит алу құқын айқындау жөніндегі комиссия негізінде жергілікті бюджеттің қаржысынан іске асырылады.
Тармақ 1.4
1.4. Микрокредитті алу құқын айқындау жөніндегі комиссия құрамына аудандық (қалалық) әкім аппараттарының, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдердің, аудандык (қалалық) қаржы бөлімінің, уәкілетті банк өкілдері және АІІБ (ҚІІБ) жанындағы паспороттық - визалық қызмет өкілі енеді. Аталған өкілдерден басқа, комиссия құрамына елді мекендерде микрокредитті алуға құжатын тапсырған, аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасы түратын селолық округ әкімі кіреді. Комиссияның отырысы кемінде айына бір рет өткізіледі.
Тармақ 1.5
1.5. асырылады. Банк келісім бойынша микрокредиттік қызмет үшін жауапкершілік ұстайды.
Тармақ 1.6
1.6. Микрокредиттеу төмендегі принциптерге негізделеді:
- аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасылар үшін кредиттік ресурстардың қол жетерлік деңгейде болуы;
- заем алушыларды таңдау критериі мен микрокредитті беру тәртібі мкрокредиттеу жөніндегі толық ақпарат беру арқылы ашық болуы;
- кредиттің қайтарымдылығы және микрокредитеуді кеңейту үшін қаржы жинау.
Тармақ 1.7
1.7. Жеке қосалқы шаруашылықты дамыту үшін қаржы негізгінен жылдың көктемгі маусымында бөлінеді.
Тарау II. II. МИКРОКРЕДИТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ
II. МИКРОКРЕДИТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ
Аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларды микрокредиттеу мына мақсаттарды көзейді:
- кірісті ұлғайту, кедейшілікті төмендету;
- жеке қосалқы шаруашылықты дамыту;
- отбасы мүшелері өзін-өзі жұмыспен қамту.
Тарау III. III. МИКРОКРЕДИТТІ БЕРУ ШАРТТАРЫ
III. МИКРОКРЕДИТТІ БЕРУ ШАРТТАРЫ
Тармақ 3.1
3.1. Микрокредит бірінші және екінші кезекте мыналарға беріледі:
Тармақ 3.2
3.2. Аз қамтамасыз етілген азаматтар санатына, аса қажеттілік себебі ескеріле отырып, кірістері кісі басына шаққанда 2 есептік көрсеткіштен кем шығатын көпбалалы отбасылар жатқызылады.
Тармақ 3.3
3.3. Микрокредит бірінші кезекте, жеке қосалқы шаруашылық құруға тілек білдірген немесе онысын кеңейту мүмкіндігі бар, бірақ ол үшін мәрелік капиталы жоқ, отбасы мүшелеріне бөлгендегі кіріс көлемі ең төмен аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға беріледі.
Екінші кезекте, микрокредит отбасы мүшелеріне бөлгендегі кіріс үлесі біршама жоғары, алайда ол 3.2 тармақта көрсетілгеннен аспайтын аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасыларға, қайтарылған кредиттік қаржы есебінен беріледі.
Тармақ 3.4
3.4. Кредит беруду сұраған аз қамтамасыз етілген көпбалалы отбасылардың тізімі мен кұжаттары және ол үшін қажетті құжаттар еңбек және халыкты әлеуметтік корғау жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдермен қалыптыстырылады және микрокредит алу құқын айқындау комиссиясына ұсынылады.
Тармақ 3.5
3.5. Микрокредит алу құқын айқындау кезінде комиссия кредитті белгіленген мерзімде қайтарып беруді қамтамасыз ететін жеке қосалқы шаруашылық түрлерін дамыту мүмкіндігін ескереді.
Тармақ 3.6
3.6. Микрокредит алғысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары комиссияның карауына төмендегі қүжаттарды ұсынуы кажет:
- өтініш;
- жеке басын куәлендіретін құжат (комиссияға ұсынылады);
- ПИК, ТКБ-да, немесе селолық округте расталған отбасылық құрамы туралы анықтама.
- кірісі және қосалқы шаруашылығы туралы анықтама.
Тармақ 3.7
3.7. Әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге (ауданнын, қаладан) көшіп кеткен жағдайда, заем алушы кредит берушіге алған кредитін қайтаруға міндетті.
Тарау IV. ІV. МИКРОКРЕДИТТЕУ ТОБЫ
ІV. МИКРОКРЕДИТТЕУ ТОБЫ
Тармақ 4.2
4.2. Қосалқы шаруашылықты дамыту мақсатындағы микрокредиттеу тобы құрылған жағдайда, микрокредиттеу бірінші кезекте жүзеге асырылады.
Тармақ 4.3
4.3. Микрокредиттеу тобы (МКТ) ерікті негзде құрылады.
Тармақ 4.4
4.4. МКТ -ның әр мүшесі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдранда көзделген көлемде және тәртіпте ынтымақты жауапкершілік ұстайды.
Тарау V. V. КРЕДИТТЕУ МЕХАНИЗМІ
V. КРЕДИТТЕУ МЕХАНИЗМІ
Тармақ 5.1
5.1. Микрокредит (осы Ереженің № 1 қосымшасына сәйкес) кредит беруші мен заем алушылар араларында жасалған келісім-шарт негізінде тек ақшалай берілген қаржы нысанында (кәссіден немесе банктен қолма - қол ақшамен, банктегі жеке шотқа аудару арқылы) аудан (қала) әкімі аппаратының мақсатты тағайындалымында көрсетілген қосалқы шаруашылыққа жатпайтын, азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық маңызды заттарды сатып алуға пйдалану жөнінде тиым салынғандығы айтылған салаларға беріледі.
Тармақ 5.2
5.2. Кредиттік келісім-шартта алынған қаржыны қайтару туралы шарттар айқындалады. Микрокрдитті қайтару тараптардың келіскен кредиттік келісім - шартпен қаржыны қайтару кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5.3
5.3. Алынған кредитті қайтару кепілі кредиттеу қаржысы есебінен алынған мүлік болып табылады.
Тармақ 5.4
5.4. Кредиттік қаржы есебінен сатып алынған малды сақтандыру, микрокрдитті алу құқын айқындау жоніндегі комиссияның шешімі бойынша жасалады.
Тармақ 5.5
5.5. Бірінші микрокредит АҚШ долларында көрсетілген келісім-шарт сомасында, 18 айдап аспайтын мерзімге, процентсіз шартта жасалады.
Кейінгі микрокредиттер кредиттік келісім - шарт тараптарымен келсілген жылдык процентттік ставкасы біршама жоғары сомаға берілуі мүмкін.
Екінші және онан кейінгі микрокредиттер алу мыналарға тәуелді:
- шарттарды толықтай орындауға және бұрын алған микрокредитті қайтаруға;
- отбасының материалдық базасын нығайту дәрежесіне.
Тармақ 5.6
5.6. Микрокредиттің нысаналы пайдалануына село әкімдері, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдер, сондай-ақ, комиссия мүшелерінің тағы бірі жүзеге асырады.
Тарау VI. VІ. МИКРОКРЕДИТТЕУДІҢ КӨЗІ
VІ. МИКРОКРЕДИТТЕУДІҢ КӨЗІ
Тармақ 6.1
6.1. Аз қамтамасмыз етілген көпбалалы отбасыларды микрокредиттеуді қаржыландыру осы максаттарға көзделген жергілікті бюджеттің қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
Басқа 35
«Солтүстік Қазақстан облысының
аз қамтамасыз етілген копбалалы
отбасыларын микрокредиттеу
туралы ережеге» № 1 қосымша
Кредиттік келісім-шарт №—
_______________ 19 ___ ж. _________________
(елді мекен)
Аудандық (қалалық) әкімият, ілгеріде «Кредит беруші»_________________ ауданының
(қала) әкімі арқылы бір жағынан, және азамат _____________________________________
ілгеріде «Заем алушы» (қарызгер) екінші жағынан, төмендегі мазмұндағы осы
келісім-шартты жасадық:
I. КЕЛІСІМ-ШАРТ МАЗМҰНЫ
1.1. «Кредит беруші» «Заем алушыға» келісім-шартта айқындалған шартта _____________
(сомасы жазбаша) __________________________________________________________________
(нақтылы неменеге қажет екені көрсетіледі)
___________________________________________________________________________________
жеке меншік шаруашылығын дамытуға микрокредит береді.
II. КРЕДИТ БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЙТАРУ ШАРТТАРЫ
2.1. «Кредит беруші» «Заем алушыға» оны қайтару және максатты пайдалану шарттарында,
процентсіз негізде ақшалай каржы береді.
2.2. _____________________________________________________ сомасындағы
____________________________________________________________ АҚШ долларына бара-бар
кредит ______________________________________________________ мерзімге беріледі және
ол 19__ ж. __________________ айының _______ нен(нан) кешіктірілмей, ______________
қайтару кезіндегі АҚШ долларына бара-бар сомада, тенгемен қайтарылуы тиіс.
2.3. «Кредит беруші» «Заем алушыға» кредитті ақшалай қаржымен кәссіден немесе банктен,
иә болмаса, банктегі жеке (беттік) шотқа аудару немесе шығындарға ұсынылған шоттарды
төлеу арқылы (қажеттісініц атын сызу кажет) береді.
2.4. «Кредит беруші» оны игеру барысында микрокредиттің нысаналы пайдаланылуын
бақылауға құқылы.
III. «Заем алушы» мыналарға міндеттенеді
3.1. Кредитті тағайындалуы бойынша нысаналы пайдалануға Кредитті жеке мақсаты үшін
(азы-түлік, киім-кешек, қосалқұ шаруашылыққа жатпайтын тұрмыстық бұйымдар сатып
алуға, емделу-сауығу мақсаттарына) пайдаланбауға.
3.3. Алынған қаржыны дер уақытында және толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге.
3.4. Әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс (ауданға, қалаға) жаңа орынға көшетінн
жағдайда, оған дейін кредит берушіге алған кредитін қайтаруға.
ІҮ. КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕР МЕН ДАУЛАР
4.1. Осы келісім-шарттың шарттарын орындау үрдісіндегі туындаған түсінбеушіліктерді
тараптар екіжақта тиімді шешім қабылдау мақсатында алдын ала қарастырылады.
4.2. Осы келісім-шарттан туындайтын мәселелер жөніндегі даулар Қазакстан
республикасының заңдарына сәйкес алдын ала қарастырылады.
Ү. КЕЛІСМ-ШАРТТЫҢ БАСҚА ШАРТТАРЫ
5.1. Осы келісім-шарттың шарттары тек қана екі жақты келісуі бойынша, жазбаша
түрдегі келісім-шарт бойынша өзгертілуі мүмкін.
5.2. Тараптар өздерінің мекен-жайларының өзгергендігі туралы бірін-бірі дер
уақытында хабардар етуге міндетті.
Осы келісім-шарт заңды күші бірдей 2 данада жасалды.
ҮІ. ТАРАПТАРДЫҢ ЗАҢДЫ МЕКЕН-ЖАЙЫ
Аудандық (қалалық) әкімият
«Заем алушы»
_______________________
_______________________
________________________
________________________
Аудандық (қалалық) әкім
_________________________
(қолы)
19______ ж. «____» _______________
Мекен-жайы: _____________________
_______________________
________________________
________________________
________________________
(қолы)
19______ ж. «____» _______________