О реорганизации некоторых государственных учреждений Комитета таможенного контроля Министерства финансов Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кейбір мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы Кеден органдары қызметін одан әрі реттеу және тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Мынадай мемлекеттік мекемелер:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Қалжат" кеденін, "Қорғас" кеденін қосу жолымен;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Қордай" кеденін қосу жолымен;
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Бақты" кеденін, "Майқапшағай" кеденін, "Семей" кеденін қосу жолымен;
Тармақша 4
4) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті" оған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің "Ұлытау" кеденін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1133 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 43, 541-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде: 19, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-тармақтар алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысында : көрсетілген қаулыға 204-қосымшада : 7-тармақтың "Тікелей нәтижесінде" "Жамбыл облысы "Қордай" кеденінің "Ауқатты", Жамбыл облысы "Қордай кеденінің "Сортөбе" деген сөздер "Жамбыл облысы "Ауқатты", Жамбыл облысы "Сортөбе" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулыны іске асыру жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.