Қолданыстағы ред. 12.07.2007

Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы от 12.07.2007 г. № 34-4 (Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы)

0

Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Заңының 373-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6,7 баптарына сәйкес Ақжайық ауданы бойынша салық комитетінің ұсынысы бойынша аудандық Мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалардан әрбір қызмет көрсеткен күндері үшін алынатын біржолғы талондардың құны, кіріс алынатын объектінің орналасқан жерін, қашықтығын сапасы мен көлемін сондай-ақ қызметпен шұғылдану тиімділігіне ықпал ететін басқа да факторларды ескере отырып, Ақжайық ауданы бойынша салық комитеті жүргізетін орташа күндік хронометраждық қадағалау мен зерттеу деректері негізінде көрсетілген әртүрлі қызмет түрлерінің тізбесі мен осы қызметпен айналысушылардың бір күндік салық төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 20-ақпандағы «Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» №29-4 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілер тізілімінде№7-2-34 нөмірімен тіркелген) күші жойылсын.

3

3. Шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

4. Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны.(бір күндік салық төлеу мөлшері, теңге есебінен).

Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 12 шілдедегі №34-4 шешіміне қосымша
Ауданда әртүрлі сипаттағы ақылы қызмет түрлерімен шұғылданатын жеке тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны.(бір күндік салық төлеу мөлшері, теңге есебінен).
p/c
көрсетілетін қызмет түрлері
Чапаев ауылы
Тайпак ауылы
басқа ауылдар
1
Газет және журналдар сату
47
35
25
2
Тұқым және екпелі өсімдіктерді сату
47
35
25
3
Қосалқы шаруашылықтардағы бау-бақша өнімдерін сату
47
35
25
4
Саяжайда өсірілген гүлдерді сату
47
35
25
5
Сыпырғыш, орман жидектерін, бал, саңырауқұлақтар мен балықтарды сату
47
35
25
6
Жеке трактор иелерінің жерді өңдеу жөнінде қызмет көрсеткені үшін
178
142
90
7
Автокөлігімен жүк тасымалдаумен айналысу (лицензиялық тасымалдаудан басқа)
178
142
90
8
Жеңіл автомобиль көлігімен кісі тасу мен айналысушылар үшін
1) ауыл ішінде
2) ауданнан тысқары жерлерге
109
178
87
142
55
90
9
Базарларда сауда жасайтын жеке тұлғалардан алынатын бір күндік бір жолғы талондардың құны
1) сөреден сату
2) жеңіл автокөліктен сату
3) жүк автокөліктен сату
109
546
1092
87
436
873
55
273
546
10
Үй жануарларын бағу:
1 бас үшін
26
26
26