О создании акционерного общества "Национальный аналитический центр при Правительстве и Национальном Банке Республики Казахстан" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2000000000 (екі миллиард) теңге мөлшерінде жарғылық капиталымен және жарғылық капиталының:
Тармақша 1
1) 50 (елу) пайызын - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
Тармақша 2
2) 50 (елу) пайызын - Қазақстан Республикасының Үкіметі қалыптастыру тетігімен "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Орталық) құру туралы ұсынысымен келісілсін.
Тармақ 2
2. Орталық қызметінің негізгі мәні:
Тармақша 1
1) мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы, басқа да елдер экономикасы секторларының өнімділігін жүйелі және салыстырмалы талдау, оның мониторингі мен бағалау және олардың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын факторларды анықтау;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың реттеуші қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;
Тармақша 4
4) қаржылық тұрақтылық мәселелері жөнінде зерттеу жүргізу болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі заңнамада белгіленген тәртіппен Орталықтың жарғылық капиталының 50 (елу) пайызын 2008 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Орталықтың 50 (елу) пайыздық акцияларын иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне берсін;
Тармақша 2
2) Астана, Алматы қалаларының әкімдіктерімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен бірлесіп, Орталықты орналастыру үшін оны үй-жайлармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесімен бірлесіп:
Орталықтың Жарғысын әзірлеуді және бекітуді;
Орталықты Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-96-жолмен толықтырылсын:
"21-96.»"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ";
Тармақша 2
2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 304-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
304.«"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ";
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 993 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 29, 327-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
"4.»Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің жанындағы Ұлттық талдамалық орталық" АҚ".
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.