Об утверждении выплат единовременной социальной помощи специалистам, имеющим медицинское образование и прибывшим работать в Акжарский района Күшін жойған
Басқа 0
Медициналық білімі бар, Ақжар ауданына жұмыс істеуге келген мамандарға біржолғы әлеуметтік көмек төлемін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 «2005- 2010 жылдарға арналған Казақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығының 3 тармағына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 11 «2005-2010 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың бағдарламасы туралы» қаулысы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 107 қаулысымен бекітілген «2005-2007 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысындағы емдеу-профилактикалық ұйымдарын медициналық кадрларымен қамтамасыз ету бағдарламасының» 5 тармағының 5.1 тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Медициналық білімі бар Ақжар ауданына жұмыс істеуге келген мамандарға біржолғьі әлеуметтік көмек төлемі, ауылдық жерлерде үш жыл жұмыс істеген жағдайда белгіленсін.
Тармақ 2
2. Өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (ілгеріде - өкілетгі орган) келесі құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) белгіленген үлгіде өтініш;
Тармақша 2
2) жеке куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 3
3) білімі туралы құжаттың көшірмесін;
Тармақша 4
4) медициналық оку орны берген жолдамасының көшірмесін жас мамандарға;
Тармақша 5
5) жұмыс орнынан анықтама;
Тармақша 6
6) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 7
7) еңбек шартының көшірмесі.
Тармақ 3
3. Өкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын қабылдап, біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту, туралы шешімді қабылдау үшін қарастыруға жұмыс тобының мәжілісіне жолдайды.
Тармақ 4
4. Медициналық білімі бар Ақжар ауданына жұмыс істеуге келген мамандарға біржолғы әлеуметтік төлеуді белгілеу жөнінде жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
Тармақ 5
5. 2007 жылға арналған бір маманға 100 000 (жүз мың) теңге мөлшеріндегі біржолғы әлеуметтік көмек төлеуі бекітілсін.
Тармақ 6
6. «Ақжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 451-007-000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарьша әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаражатты мақсатты пайдалануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Тастеміровке жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы қол ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Орталық аудандық
аурухананың бас дәрігері
Ш.Қ.Сәбитова
Аудандық емхананың
бас дәрігері
М.Т.Үсенова
Басқа 16. Медициналық білімі бар, Ақжар ауданына жұмыс істеуге келген жас мамандарға біржолғы әлеуметтік көмек төлемін белгілеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Ақжар ауданы әкімдігінің
2007 ж. «18» шілде № 243
қаулысымен «Бекітілген»
Медициналық білімі бар, Ақжар ауданына жұмыс істеуге келген жас мамандарға біржолғы әлеуметтік көмек төлемін белгілеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Тастеміров Ағзам Ахметжанүлы - жүмыс тобының төрағасы, аудан әкімінің орынбасары;
Ысқақов Бауыр Ақылұлы - комиссия хатшысы, аудан әкімі аппаратының бас маманы.
Комаристая Галина Васильевна - экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы;
Мұқалықова Сәуле Сайлаубайқызы – аудандык жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы;
Сәбитова Шолпан Қайыргелдіқызы - орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері;
Үсенова Марал Төлеубекқызы - аудандық емханасының бас дәрігері.