Жер учаскелерін жер пайдаланушыларға жалға берген кездегі төлемақының базалық ставкасын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.08.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскелерін жер пайдаланушыларға жалға берген кездегі төлемақының базалық ставкасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31 бабының 1 тармағының 10 тармақшасына, «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10, 17, 28, 29, 32, 33, 37 баптарына және «Жер учаскелерін жер пайдаланушыларға жалға берген кездегі төлемақының базалық ставкасын бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2007 жылғы 9 тамыздағы № 147/8 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жер учаскесін жыл сайынғы жалдау ақысының жалға берген кездегі төлемақының базалық ставкасының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Шешім баспасөз бетінде жарияланған соң 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешімің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (О.Ы. Түсіпжанов).
Басқа 4
III сайланған аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 15 тамыздағы XLVII сессиясының «Жер учаскелерін жер пайдаланушыларға жалға берген кездегі төлемақының базалық ставкасын бекіту туралы» № 301 шешіміне қосымша Жер санаттары Аудан әкімдігінің қабылдаған жер учаскесін жалға берген кездегі базалық ставкалары Ауыл шаруашылық жерлері Негіздік мөлшер бойынша 120 базалық ставка Ғимараттар оранласқан жерлерді қоса алғанда жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандықпен айналусы және саяжай құрылысы үшін, жеке тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығы жерлері Негізгі мөлшер бойыншы 120 базалық ставка Елді мекен жерлері (үй жанындағы учаскелерді қоспағанда) Негізгі мөлшер бойынша 120 базалық ставка Елді мекен жерлерінде орналасқан жанар-жағар май құю станциялары мен автотұрақтар Негізгі мөлшер боыйншы 120 базалық ставка Автотұрақтар мен жанар-жағар май құю станциялары орналасқан басқа да санаттағы жерлер Негізгі мөлшер бойынша 120 базалық ставка Жергілікті атқарушы органдар анықтаған елді мекен жерлеріндегі сауда орындары орналастырылған рынок аумағы Негізгі мөлшер бойынша 120 базалық ставка Елді мекен жерлерінде рыноктың басқа да аумағы Негізгі мөлшер бойынша 120 базалық ставка Жергілікті атқарушы органмен белгіленген сауда орындары орналастырылған рынок аумақтарына бөлінген басқа да санаттағы жерлер Негізгі мөлшер бойынша 120 базалық ставка Елді мекендер шегіндегі орналасқан, селитепті аумақтан тыс орналасқан өнеркәсіп жерлері Негізгі мөлшер бойынша 110 базалық ставка Ерекше қаралатын табиғи аумақтардың жері (сауықтыру мақсатында және рекреациялық мақсаттағы жерлер) Негізгі мөлшер бойынша 120 базалық ставка