Об утверждений Правил предоставления материальной помощи малоимущим гражданам больным туберкулезом для приобретения жилья Күшін жойған
Басқа 0
Туберкулезбен ауыратын тұрмысы төмен азаматтарға үй алу үшін материалдық көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148-ІІ Заңының 6 бабының 1 тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі № 548-ІІ Бюджеттік Кодексінің 53 бабынының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және туберкулезбен ауыратын тұрмысы төмен азаматтардың материалдық жағдайын жақсарту мақсатында Шортанды аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Туберкулезбен ауыратын тұрмысы төмен азаматтарға үй сатып алу үшін материалдық көмек керсету Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 3
3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет баскармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған сәттен бастап 10 күн өткеннен соң күшіне енеді.
КЕЛІСІЛДІ
Аудан әкімі Т.Жангуразов
23.07.07.
Басқа 4
Аудандық мәслихаттың
2007 жылдың 23 шілдесіндегі
№ С-34/4 шешіміне 1 қосымша
Туберкулезбен ауыратын тұрмысы төмен азаматтарға үй алу үшін материалдық көмек Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы туберкулезбен ауыратын тұрмысы төмен азаматтарға үй алу үшін материалдық көмек беру Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем» 451007 бюджеттік бағдарламасы бойынша төлеуді ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережелерді қабылдау үшін Республикасының 2001 жылдың 21 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі Бюджеттік Кодексі құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттеу қатынасына осы Ережелердің қолданылуы таралмайды.
Тарау 2. 2. Материалдық көмекті алу құқығы
2. Материалдық көмекті алу құқығы
Тармақ 4
4. Материалдық көмекті алуға Шортанды ауданында тұрақты тұратын, туберкулезбен ауыратын тұрмысы төмен азаматтардың құқығы бар.
Тарау 3. 3. Материалдық көмекті тағайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
3. Материалдық көмекті тағайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Материалдық көмек төлеуді Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтгк бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) төмендегі құжаттар негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) белгіленген нысандағы, қосымшаға сәйкес «Қазпошта» акционерлік қоғамында зейнетақы және жәрдемақы аудару үшін ашылатын тұлғалық шот көрсетілген өтініш;
Тармақша 2
2) азаматтарды тіркеу кітабы немесе үй кітабының көшірмесі;
Тармақша 3
3) жеке тұлғаның куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 5
5) медико-санитарлық сараптама қорытындысы;
Тармақша 6
6) отбасының барлық кәмелетке толған мүшелерінің алдағы тоқсанға табыстары туралы анықтамалар;
Тармақша 7
7) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі;
Тармақша 8
8) жеке меншігінде жылжымайтын мүлік жоқтығы туралы анықтама.
Тармақ 6
6. Бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың түпнұсқа және көшірмелері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тексеруге ұсынылады. Тексеруден кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
Тармақ 7
7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің материалдық көмекті беру немесе бас тарту туралы шешімді осы Ережелердің 5 тармағында белгіленген өтініш иесінің барлық құжаттарды ұсынғаннан кейін 10 күн ішінде қабылдайды, ол туралы өтініш иесіне хабарлайды.
Тарау 4. 4. Бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеу мөлшері және тәртібі
4. Бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеу мөлшері және тәртібі
Тармақ 8
8. Туберкулезбен ауыратын тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үй сатып алуға материалдык көмек бір жолғы ақшалай төлем болып табылады және бір рет 300 (үш жүз) айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға беріледі.
Тарау 5. 5. Материалдық көмек беруді қаржыландыру
5. Материалдық көмек беруді қаржыландыру
Тармақ 9
9. Бір жолғы материалдық көмектің қаржыландыру шығыны «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлем» 451007 бюджеттік бағдарламасы бойынша осы мақсатқа көзделген аудандық бюджеттен қаралған қаржы көлемінде жүргізіледі
Тармақ 10
10. Бір жолғы әлеуметтік көмек төлемдері бойынша қызметтерге төлем заңнамаларда белгіленген тәртіппен «Қазпошта» акционерлік қоғамы және Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттіж мекемесі жасаған шарт негізінде жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Төлемді жүзеге асыруды бақылау
6. Төлемді жүзеге асыруды бақылау
Тармақ 11
11. Бір жолғы төлемді толеуді бақылау және есеп беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 30
Жеке санаттағы азаматтарға
бір жолғы әлеуметтік көмек
көрсету Ережіесіне қосымша