Об утверждении Правил оказания единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтардың жеке санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы № 148-ІІ Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі № 548-ІІ Бюджеттік Кодексінің 63 бабына және 53 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жеке санаттағы бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2007 жылдын 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 3
3. Осы шешім Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған сәттен бастап 10 күн өткеннен соң күшіне енеді.
Басқа 4
Шортанды аудандық мәслихатының
2007 жылдың 23 шілдесіндегі
№ С-34/5 шешіміне қосымша
Азаматтардың жеке санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы азаматтардың жеке санаттарына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдерді төлеу ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережелерді қабылдауға Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 21 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі Бюджеттік кодекс құқықтық негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Ережелердің қолданылуы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынастарға таралмайды.
Тарау 2. 2. Бір жолғы әлеуметтік көмекті алуға құқық
2. Бір жолғы әлеуметтік көмекті алуға құқық
Тармақ 4
4. Бір жолғы әлеуметтік көмекті алуға Шортанды ауданында тұрақты тұратын, төмендегі санаттарға жататын азаматтардың құқығы бар:
Тармақша 1
1) жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар шұғыл әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылар (азаматтар) (бұдан әрі - тұрмысы төмен отбасылар (азаматтар);
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және мүгедектері, және Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғалар;
Тармақша 3
3) мүгедек балалар;
Тармақша 4
4) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
Тармақша 5
5) мүгедек балаларды, 1 топтағы мүгедектерді денсаулық сақтау мекемелерінің жолдамасымен емделуге, операцияға алып жүретін тұлғалар.
Тармақ 5
5. Айрықша жағдайларда, өрт, су тасқыны, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы стихиялық апаттар кезінде бір жолғы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы табысы күн көріс деңгейінен артатын ауданның азаматтарының (отбасылары) алуға құқығы бар.
Тарау 3. 3. Бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
3. Бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудандық мәслихат депутаттарының, «Шортанды ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, «Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) өкілдері санынан бір жолғы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады. Комиссияның дербес құрамы кұрамында жеті адаммен аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
Комиссия мәжілістері айына бір рет жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанында жүргізіледі. Комиссияның негізгі міндеттері болып табылады:
Осы Ережелердің 4 және 5 тармағындағы 1), 3)-4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жататын азаматтарға бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініштерін қарастыру және берілген Ережелердің 9 тармағында белгіленген мөлшерінде белгілеу.
Тармақ 7
7. Бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындауды ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссияның қорытындысы бойынша және төмендегі құжаттар негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) белгіленген нысандағы, қосымшаға сәйкес «Қазпошта» акционерлік қоғамында зейнетақы және жәрдемақы аудару үшін ашылатын тұлғалық шот көрсетілген өтініш;
Тармақша 2
2) жеке тұлғаның куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) азаматтарды тіркеу кітабы немесе үй кітабының көшірмесі;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақша 5
5) өтініш иесінің бір жолғы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын растайтын құжаттар (медициналық мекеменің емделу, операция бағасы туралы қорытындысы; медико-әлеуметтік сараптамының қорытындысы; өртке қарсы қызмет берген өрт туралы акті; табиғи және техногендік сипаттағы стихиялық апаттың азаматқа тигізген зардабы туралы акті; отбасының барлық кәмелетке толған мүшелерінің алдағы тоқсанға табыстары туралы анықтама; емделу немесе операция жасау орнына жолақы бағасын растайтын құжаттар; отбасының барлық кәмелетке толған мүшелерінің алдағы тоқсанға табыстары туралы анықтамалар;
Тармақша 6
6) белгіленген тұлғаның осы Ережелердің 4 тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жататынын растайтын құжат;
Тармақ 8
8. Комиссияның қорытындысынсыз жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы Ережелердің 7 тармағының 1)-5) тармақшаларында белгіленген құжаттар негізінде осы Ережелердің 4 тармағының 2), 4) тармақшасында көрсетілген санатарға жататын тұлғаларға бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді жүргізеді.
Тармақ 9
9. Бір жолғы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тексеруге түпнұсқа және көшірмелері ұсынылады. Тексеруден кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.
Тарау 4. 4. Бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеу мөлшері және тәртібі
4. Бір жолғы әлеуметтік көмекті төлеу мөлшері және тәртібі
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек бір жолғы ақшалай төлем болып табылады және төмендегі мөлшерде жылына 1 рет беріледі:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және мүгедектеріне Жеңіс Күнін мерекелеу және мерейтойлық даталарға байланысты - 10 айлық есеп көрсеткіші;
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының ардагерлері және мүгедектері, және Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғаларға Жеңіс Күнін мерекелеу және мерейтойлық даталарға байланысты - 5 айлық есеп көрсеткіші;
Тармақша 3
3) мүгедек балалар, 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге - 15 айлық есеп көрсеткішіне дейін;
Тармақша 4
4) қосалқы шаруашылық сатып алуға тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) - 40 айлық есеп көрсеткішіне дейін.
Тармақша 5
5) медициналық мекемелер емделуге, операцияға жіберген мүгедек балаларды, 1 топ мүгедектерін алып жүретін тұлғаларға - теміржол, жолаушылар тасымалы (таксиден басқа) көліктерінің жолақы құнының 100 пайызы мөлшерінде жіберілу станциясынан көрсетілген көлік құралдарының бір түрімен емделу, операция жасайтын орнына дейін жолақы құжаттары негізінде (баруға және қайтуға).
Тармақша 6
6) осы Ережелердің 5 тармағында көрсетілген отбасыларға (азаматтарға) - 150 айлық есеп көрсеткіші.
Тарау 5. 5. Бір жолғы әлеуметтік көмекті қаржыландыру
5. Бір жолғы әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 11
11. Бір жолғы әлеуметтік көмек шығындарын қаржыландыру аудандық бюджеттің осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Бір жолғы әлеуметтік көмек төлемдері бойынша қызметтерге төлем заңнамаларда белгіленген тәртіппен «Қазпошта» акционерлік қоғамы және Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жасаған шарт негізінде жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау
6. Төлемдерді жүзеге асыруды бақылау
Тармақ 13
13. Бір жолғы әлеуметтік көмек төлемдері бойынша бақылау және есеп беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Азаматтардың жеке санаттарына
бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету
Ережелеріне қосымша
«Шортанды ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ бастығы
________________________________
аз. ________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
мекен жайы _________________________
_____________________________ ауданы
тел _________________________________
жеке куәлігі № _______________________
берілген «____»____________________ ж.
СТН _______________________________
«Қазпошта» АҚ филиалындағы
тұлғалық шоты _______________________
Маған бір жолғы әлеуметтік көмекті
___________________________________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
теңге мөлшерінде тағайындауыңызды сұраймын.
Өтінішке төмендегі құжаттар берілген:
1. _______________________________________
2. _______________________________________
3. _______________________________________
4. _______________________________________
5. _______________________________________
6. _______________________________________
Өзгерістер болған жағдайда 15 күн ішінде хабарлауға міндеттеме аламын.
Жалған ақпараттар және дұрыс емес (жалған) құжаттар ұсынғаным үшін
жауапкершілік артатыным туралы ескерту алдым.
«____» _____________ 200 ___ г. _____________________ (өтініш иесінің қолы)
Құжаттар қабылданды «____» ________________ 200 __ г.
________________________________________________________
(құжат қабылдаушының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)