Іле ауданының тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі жөніндегі және қалааралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлемақы Ережесі туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94-1 Заңының 97 бабының 2 тармағын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-2 Заңының 6 бабындағы 1-тармақтың 11 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Іле ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Іле ауданының тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі жөніндегі және қалааралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлемақы Ережесі туралы от 10.07.2007 г. № 58-218 (Іле ауданының тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі жөніндегі және қалааралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлемақы Ережесі туралы)
1. Қоса беріліп отырған Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі жөніндегі және қала аралық телекомуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлем ақы Ережесі белгІленсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (Құматаев Н.О.) әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі комиссияға (Г.Садуақасова) және аудан әкімінің орынбасарларына (Е.Тұрымбетов, В.Файль) жүктелсін.
Келісілген:
«Іле аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_________Қадыр А.Қ.
«10» шілде 2007 жыл
«Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
__________Құматаев Н.О.
«10» шілде 2007 жыл
2007 жылғы 10 шілдедегі № 58-218 Іле аудандық мәслихатының «Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі жөніндегі және қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға абоненттік тарифтің көтерілуіне байланысты төленетін төлем ақы Ережесі туралы» шешіміне қосымша
Іле ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі және қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақының өтемі туралы
Ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16-шы сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94-1 Заңына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгepicтep енгізу туралы» № 477-1 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 9-шы қыркүйектегі «Тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы туралы» № 949-шы қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8-шi желтоксандағы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9-шы қыркүйектегі № 949 қаулысына толықтырулар мен өзгерістегі енгізу туралы» № 1284 қаулысына байланысты әзірленген.
Ереже Іле ауданы аумағында қолданылады және тұрғын үй көмегіне мұқтаж отбасыларына тұрғын үй көмегі мен тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы беру тәртібін анықтайды.
I. Жалпы ережелер.
1. Тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы халықты әлеуметтік қорғаудың бip түpi болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегі тұрғылықты тұратын жеріне және тұрғын үйдің иeci (жалдаушысы) болып табылатын отбасыларына (жеке тұлғаларға) ақшалай төлем түрінде беріледі.
3. Қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға тарифтің көтерілуіне байланасты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы өтемі 2004 жылдың қыркүйек айына дейін қолданылып жүрген тариф пен көтірілген тариф арасындағы анықталған айырмашылық, телефонға төленетін абоненттік төлем ақы тарифінің көтерілу шығынының орнын толтыру үшін көзделген коммуналдық қызмет көрсетуді тұтыну және тұрғын үйді ұстау төлемі жөнінде тұрғын үй көмегі құрамына кipeтін ақшалай өтем болып табылады.
(одан әрі тарифтің көтеруіне байланысты телефонға төленетінш абоненток толем ақы)
4. Тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға
төленетін абоненттік төлем ақы, егер төлемінің шығындары тұрғын үй аумағының белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы тағайындалады.
5. Белгіленген нормадан тыс тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
6. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйді (пәтері) бар отбасылар,
немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу кұқығынан айрылады.
7. Тұрғын үй көмегін және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға
төленетін абоненттік төлем ақы алу кұқығы тұрғын үй көмегін алушы өтінішін, қажетті құжаттарымен тапсырған айдан басталады. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсанға төленеді.
8. Өтініш бepyшігe тұрғын үй көмегінің мөлшері және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім бастығының бұйрығымен құрылған жәрдемақы тағайындау Комиссиясының шешімімен тағайындалады ( әрі қарай- Комиссия).
9. Тұрғын үй көмегінің тағайындау, есептеу, төлеу, тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесіне қатысты сұрақтар көрсетілген Комиссиямен шешіледі.
10. Тұрғын үй көмегін алушыларға төленуге тиісті сомалардың нақты және дұрыс тағайындалуына Комиссия жауап береді.
11. Өтініш беруші Комиссияның ic-әрекеті мен шешіміне байланысты Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жоғарғы органдарға сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
12. Тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақыны төлеу Ашық Акционерлік Қоғам «Қазпошта» арасында жасалған Агенттік Келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.
13. Тұрғын үй көмегін және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақыны төлеу Қазақстан Республикасының колдалынып жүрген заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүргізіледі.
II. Қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға тұрғын үй көмегін және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы беру тәртібі
14. Егер өтініш иесі барлық қажетті құжаттарды тұрғылықты жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ағымдағы айдың 25-не дейін өткізсе, тұрғын үй көмегі өтініш берген айдың 1-нен бастап 6ip тоқсан мерзімге тағайындалады . Ал өтініш ағымдағы айдың 25-нен кейін берілсе, тұрғын үй көмегі келесі айдың 1-нен бастап тағайындалады.
15. Тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет және байланыс қызмет шығындарын өтеу ретінде беріледу. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін нақты төленген сомадан және телефонға төленетін көтерілген абоненттік төлемінің айырмасынан аспауы тиіс.
16. Тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері бойынша берешектері бар отбасыларына тұрғын үй көмегі жалпы негізде Ереженің 4-шi тармағына сәйкес, ол ағымдағы төлемдерге жұмсалған жағдайда тағайындалған айдан бастап беріледі. Тұрғын үй көмегін алғанға дейін болған берешектің өтелуін коммуналдық қызмет көрсетушілер бақылауға алады және ағымдағы айларға тұрғын үй көмегін есептеу кезінде ескерілмейді.
17. Тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға
төленетін абоненттік төлем ақы тағайындау туралы шешім тұрғын үй иесінің (жалдаушысының) өтініші мен оған қосымша құжаттардың негізінде қабылданады:
1)отбасының құрамы туралы анықтама;
2)тұрғын үй аумағының көлемі, бөлме саны көрсетілген тұрғын үй құжатының көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сауда-саттық, жалға беру келісім- шарты және т.б.);
3)тұрғын үйді күтіп ұстаумен коммуналдық қызметті тұтыну шығындары бойынша төленген түбіртек көшірмелері;
4) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде 6ip үйден басқа үш жоқ екені туралы анықтама;
5)тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасардың алдындағы үш айдағы отбасының жиынтық табысы туралы мәлімет;
6) қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатынын анықтайтын құжат (келісім шарт немесе сол құжаттың түбіртек көшірмелері- телекоммуникация қызметі үшін есеп шот).
7) Белгілі категориядағы тұлғалар үшін (жұмыссыздар, толық емес отбасылары, мүгедектер және т.б) қосымша құжаттар ұсынылуы қажет, олардың тізбесін тұрғын үй көмегін тағайындау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
18. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін
нормалар шегінде және осы мақсаттарға рұқсат етілген шегінің деңгейі арасындағы тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді қолданғаны үшін меншік иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен отбасы шығындарының айырмасы ретінде есептеледі, ал тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы көтерілген абоненттік тарифтің айырмасы ретінде есептеледі.
19. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу әр үш ай сайын отбасының жиынтық табысы туралы анықтамаларды, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін және байланыс қызметі үшін төленген түбіртектерді тапсырғаннан кейін жүргізіледі.
20. Күтімге мұқтаж деп танылған I және II топтағы мүгедектерге, жасы
сексеннен асқан тұлғаларға күтім жасайтын, немесе жұмыс істемейтін жеті жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатындарды, дәрігерлік-кеңес комиссиясының қортынды анықтамасы бойынша жұмыстан босатылған, ауруханада жатқандарды есептемегенде, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту бөлімдерінде тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларына тұрғын үй көмегі және тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы тағайындалмайды.
21. Өтемақы төлемдерімен қамтамасыз етілетін тұрғын үйлер аумағының нормалары тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй көмегін беру нормаларына орайлас.Аумақтың тұрғындары қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен (сумен қамтамасыз ету, қанализация, жылу энергиясы, тұрғын үйді ұстау) пайдалану көрсеткіштері нормалары аудан Әкімімен белгіленеді.
22. Отбасының тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет
шығындарының белгіленген шекті үлесі, отбасының кipici және тұрғын үйлерді ұстау қызметі төлемдерінің (тарифтерінің) мөлшері өзгергенде, Комиссия бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегін қайта есептейді.
23. Тұрғын үй көмегін алушылар үй меншігі түрінің, отбасы құрамының, оның мәртебесін және жиынтық кірісінің кез-келген өзгерістepi туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 10 күн ішінде хабарлауға тиіс.
24. Тұрғын үй көмегін алушылардың біле тұра жалған құжаттар ұсынуының салдарынан көмектің заңсыз тағайындалуына және төленуіне, мөлшерінің дұрыс есептелмеуіне жол берілген жағдайда Комиссия артық алған сомаларды алушыдан 6ip жыл аралығында өндіру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тұрғын үй көмегін алушы артық алған сомасын epiкті түрде қайтаруы тиіс, қайтарудан бас тартқан жағдайда сот арқылы шешіледі.
25. Өтініші бepyші ұсынған құжаттардың дұрыстығына кумән туған жағдайда, аудандық бөлімдер тиісті орындардан тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті ақпарат сұратып алуға кұқылы.
26. Азаматтарға тұрғын үй көмегін төлеу егер оны алушы:
1)ережеде белгіленген мерзімде тиісті құжатарды ұсынбаса,
2)уақытында қайта тіркеуден өтпесе;
3)алатын тұрғын үй көмегін тиісті мақсатқа пайдаланбаса және тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет төлемдері мен байланыс қызмет төлемдерін уақытында төлемесе уақытша тоқтатылады.
27. Тұрғын үй көмегі төмендегі жағдайларда тоқтатылады:
отбасы құрамының мекен-жайының табысының өзгеруі тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырады.
III. Тұрғын үй көмегін, сонымен қатар қала аралық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатын әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтарға тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақыны қаржыландыру және төлеу
28. Тұрғын үй көмегінің төлемін қаржыландыру аудан бюджетінің есебінен жүзеге асырылады.
29. Тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік
төлем ақыны қаржыландыру Республика бюджетінің мақсатты трансферт қаржысы есебінен жүзеге асырылады.
30. Облыстың бюджетін атқаратын уәкілетті орган тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін төлем ақыны облыстық бюджеттің жинақталған қаржы жоспарына сәйкес бекітілген шектеулі тәртібі бойынша трансферттерді төменгі бюджеттің қарауына жібереді.
31. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр тоқсанның соңғы айының 25-шi жұлдызына дейін берілетін көмектің сомасы көрсетілген тізім ведомосын дайындап, тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақы туралы Алматы облыстық үйлестіру жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, ал тұрғын үй көмегі туралы аудандық қаржы бөліміне (бірінші басшының және бас есепшінің колы қойылған тапсырыс береді).
32. Тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлем ақыға қаражат аудару кезінде, төлеу мерзімі және сомасы көрсетілген абонент тізіміне қосымша аумақтың қазынашылық бөліміне уәкілетті орган төлем ақы шотын тапсырады.
33. Аудандық уәкілетті орган әр тоқсанның 5-шi жұлдызында келесі есеп беру тоқсанынан кейін облыстық yәкiлeттi органға тарифтің көтерілуіне байланысты телефонға төленетін абоненттік төлемінің төленген сомасы туралы ақпарат береді.
34. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық Ашық Акционерлік Қоғамы “Қазпочта” әр тоқсан сайын төленген көмектің сомасын салыстыру актісін жасайды.
“Іле аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Н.Құматаев