Об утверждении правил "О порядке осуществления социальных выплат отдельным категориям граждан Урджарского района" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Үржар ауданында жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемақылар төлеуді жүзеге асыру тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-ші бабынын 1-ші тармағының 14-ші тармақшасына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес «Жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемақылар төлеуді жүзеге асыру тәртібі туралы» Ереже бекітілсін
Тармақ 2
2. Осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемақылар төлеуді жүзеге асыратын комиссияның құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2002 жылгы 17 маусымдағы № 173 «Үржар ауданының өте мұқтажды және аз қамтылган азаматтарына бір жолғы материалдык көмек бөлу және төлеу тәртібін бекіту туралы», қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Ж. Жанкүшіковаға жүктелсін.
Басқа 5. «Жекелеген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік төлемақылар төлеуді жүзеге асыру тәртібі туралы»
Үржар ауданы әкімдігінің 2007 ж. «25» шілде № 207 қаулысына № 1 қосымша «Жекелеген санаттардағы азаматтарға әлеуметтік төлемақылар төлеуді жүзеге асыру тәртібі туралы» ЕРЕЖЕ Осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-ші бабының 1-ші тармағының 14-ші тармақшасының негізінде, халықтың әлсіз бөлігін әлеуметтік қорғау мақсатында, аудан аумағында тұратын жекелеген санаттағы азаматтарга «Жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бойынша жеке санаттагы категориядагы азаматтарга әлеуметтік төлемдер» 451007000 бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік төлемдерді реттеу мақсатында әзірленген.
Тармақ 1. 1. Жалпы ереже.
1. Жалпы ереже.
Тармақша 1
1) Үржар ауданы аумагында тіркеуде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және босқындардың әлеуметтік көмек алуга құқысы бар.
Тармақша 2
2) Әлеуметтік төлемдерді жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті бюджет қаражаты есебінде өкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақша 3. 2.Әлеуметтік төлемдерді бөлу реті.
3) Әлеуметтік төлемдер бір адамға жылына бір реттен артық төленбейді. 2.Әлеуметтік төлемдерді бөлу реті.
Тармақша 1
1) Әлеуметтік төлемдер күн көрісі төмен азаматтар есебінен көмек көрсетуді өте қажет етушілерге, қарамағында жасы толмаған асыраушы балалар бар отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, 1, 2 топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға, жұмыссыздарға төленеді;
Тармақша 2
2) Әлеуметтік төлемдер сәтсіз оқиғаға, табиғат апатына, жазылмайтын ауру түріне және басқа да жағдайларға ұшыраған азаматтардың отбасыларына төленеді.
Тармақша 3
3) Жергілікті бюджет есебінен қаржыланатын әлеуметтік төлемдер Жеңіс күнін, халықаралық қарттар күнін, балаларды қорғау күнін, халықаралық мүгедектер күнін мерекелеуге, қоғамдық үйымдардың, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, жергілікті басқару комитеттерінің ұсынысы бойынша түлғаларга кезекті басылымға жазылуға материалдық көмек көрсету үшін төленеді.
Тармақша 4
4) Әлеуметтік төлемдер ауылдық учаскелік комиссиясының қортындысы бойынша атаулы әлеуметтік көмек алатың аз қамтамасыз етілген, шаруашылықты бағуға мүмкіндігі бар жанұяларга ауылдық округтің учаскелік комиссиясы және алушынын екіжақты шарты бекітілген жағдайда жеке қосалқы шаруашылыгын дамытуына бөлінеді.
Тармақша 5
5) 1-ші, 2-ші, 4-ші тармақтарда көрсетілген әлеуметтік төлемдерді өтеу үшін келесі құжаттар қажет: - Өтініш; - Жеке бас куәлігі; - СТН; - Тұрғылықты жері туралы анықтама, өткен тоқсандағы табысы туралы мәлімет; - Азамат материалдық көмекке мүқтаж екндігін растайтын басқа да құжаттар (сәтсіз оқиға жайлы құжат, аурулар туралы медициналық анықтама);
Тармақша 6
6) 3 пункте көрсетілген әлеуметтік төлемдер қоғамдық ұйымдардың, ардагерлер кеңесінің ұсынысы бойынша, аудан әкімдігі қаулысының негізінде бөлінеді.
Тармақша 7
7) Ұсынылған құжаттардың анық еместігіне өтініш беруші өзі жауап береді;
Тармақша 8
8) Әрбір түскен өтініш, көмек сұраушы азаматтың тұрғылықты жеріне барып, сол жерден жергілікті басқару комитеті өкілінің қатысуымен қарастырылады. Комиссия қаруына ұсыну үшін тексеру нәтижесі бойынша отбасына әлеуметтік карта жасалады. Өтініш иесінің материалдық - тұрмыстық жағдайларын зерттеуге қарсылық білдірген жағдайда комиссия материалдық көмек беруден бас тартады.
Тармақша 9
9) Комиссия материалдық көмек көрсету туралы немесе өтініш қайтару туралы шешім қабылдауға құқылы.
Тармақ 3. 3. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен төлеу реті
3. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен төлеу реті
Тармақша 1
1) Комиссия шешімі негізінде халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өкілетті орган әлеуметтік төлем бөлінген азаматтардың елді мекен қиықтары бойынша тізімін жасап, төлеуге ұсынады.
Тармақша 2
2) Әлеуметтік төлемдер азаматтар саламындағы шотқа тіркеу жолымен екінші деңгедегі банк арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік төлемдерді төлеу реті мен шарты халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өкілетті орган мен сәйкес банк арасындағы агенттік келісім бойынша анықталады. Әлеуметтік төлемдер төмендегі мөлшерде тағайындалады:
Тармақша 1
1) Өтініш бойынша материалдық көмек әрбір нақты жағдайларға байланысты 5000 (бес мың) теңге немесе одан жоғары.
Тармақша 2
2) Ата-ананың қарауынсыз қалған әрбір балаға оқу ақысына 50000 (елу мың) теңгеге дейін.
Тармақша 3
3) 1 және 2 - топ мүгедектерінің мен қатысушыларының әрқайсысына 10000 (оң мың) теңгеге дейін.
Тармақша 4
4) Жеңіс күнін, балаларды қорғау күнін, халықаралық қарттар күнін, халықаралық мүгедектер күнін мерекелеуге, қоғамдық ұйымдардың, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің, жергілікті басқару органдарының ұсыныстары бойынша;
Тармақша 5
5) Кезекті баспасөзге жазылу үшін әлеуметтік төлем мөлшері басылым бағасына байланысты;
Тармақша 6
6) Қосалқы шаруашылығын дамытуға 40000 (қырық мың) немесе одан жоғары әлеуметтік төлемдер бөлінеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлемдерге бөлінген қаржылардың мақсатты пайдаланылуын бақылау.
Тармақша 1
1) Әлеуметтік төлемдерге бөлінген қаржылардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қаржы бөлімі жүргізеді. Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы С. Семенова
Басқа 30
Үржар ауданы әкімдігінің 2007 ж. «25» 07 № 207 қаулысына № 2 қосымша Аудан әкімінің аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы Қ.Әліпов