О создании уполномоченного органа по вопросам занятости и социальной защиты безработных Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті орган құру туралы Қазақстан Республикасыкың "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 "Жұмыспен қамту Мемлекеттік қорына жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту Мемлекеттік қызметі мәселелері" қаулысын орындау мақсатында облыс Әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жанынан құрамында 8 адамы бар, басқарма қызметкерлерінің лимиттік шектеулі саны мөлшерінде, жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті орган құрылсын, оған таратылған облыстық жұмыспен қамту-еңбек биржасының өкілеттілігі мен қызметі берілсін.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау өкілетті органының Ережесі, кұрылымы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдеріне, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына:
Тармақша 1
1) қалалық және аудандық жұмыспен қамту - еңбек биржасы орталықтарын бекітілген заңдылықтарға сәйкес Ақтөбе қаласындағы коммуналдық мемлекеттік қазналық кәсіпорындары-еңбек биржасы етіп қайта құрсын және оларға мемлекеттік әділет органдарында тіркелуге көмек көрсетіп, қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталықтарының мүлкі берілсін;
Тармақша 2
2) еңбек жұмыспен қамту халықты әлеуметтік қорғау қалалық басқармасының және аудандық бөлімдерінің, жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бөлімдер немесе секторлардың құрамын анықтасын;
Тармақша 3
3) «Тұрғындарды еңбекпен қамту туралы» Заңға сәйкес жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамтубағдарламасы (қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыссыздарды дайындау және қайта дайындау), өкілетті органды ұстау облыстық бюджеті есебінен іске асырылатын болып бекітілсін.
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органдарлдың жұмыс берушілермен, білім беру органдарымен және де басқа қоғамдық ұйымдармен өзара келісімді жұмыс жүйесін жасап және бекістсін;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі органдардың штатарын таратылған облыстық және аймақтық жұмыспен қамту орталықтарының еңбек биржаларының кәсіпкер, білікті қызметкерлерімен құрастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары Е. И. манқұловқа жүктелсін.
Басқа 12
Облыс Әкімінің 1999 жылғы 07 маусымдағы N 97 шешімімен БЕКІТІЛДІ Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті орган туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы Ереже.
1. Жалпы Ереже.
Тармақ 1
1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі орган Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғыңдарды жұмыспен қамту туралы" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы N 68 "Жұмыспен қамту Мемлекеттік қорына жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту Мемлекеттік қызметі мәселелері туралы" қаулысына сәйкес құрылады.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетгі органның (бұдан әрі-өкілетті орган) міндеттерін облыстық деңгейде облыс Әкімі анықтайды.
Тармақ 3
3. Өкілетті орган өз жұмысында Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрамындағы орталық атқару органына, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына бағынады, жұмыс берушілермен, білім беру органдарымен және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара байланыста қызмет етеді.
Тармақ 4
4. Өкілетті орган өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да нормативтік құқықтық заңдылықтар, актілерін басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Өкілетті орган облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары басқаратын жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бөлімнен тұрады.
Тармақ 6
6. Өкілетті органды ұстау және қаржыландыру облыстық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.
Бөлім 2. 2. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның негізгі мақсаттары:
2. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның негізгі мақсаттары:
Тармақ 7
7. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемелекеттік саясатын облыстық деңгейде жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Азаматтарды және жұмыссыздарды еңбекке орналастыруға мемлекеттік тапсырыс береді.
Тармақ 9
9. Өкілетті орган Тұрғыңдарды жұмыспен уақытша қамту мақсатында ұйымдарда ақылы қоғамдық жұмыстарға тапсырыс орналастырады.
Тармақ 10
10. Белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылған азаматтарды мамандыққа дайындауға, мамакдығын жетілдіруге және қайтадан дайындауға жібереді.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушілерді жұмыспен қамту туралы заңдылықтарды орындауын бақылауды іске асырады.
Тармақ 12
12. Өкілетті орган еңбек рынкіндегі жағдайды ескере отырып жұмыспен қамтылмаған азаматтар мен олардың отбасы мүшелерінің ерікті түрде қоныс аударуына жәрдемдеседі.
Бөлім 3. 3. Жұмыссыздарды -жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның міндеттері.
3. Жұмыссыздарды -жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның міндеттері.
Тармақ 13
13. Келушілерді - жұмыс алу мүмкіндіктері және қандай болмасын жұмыс алушы адамға қойылатын талаптар, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшінің мүмкіндіктері туралы хабардар ету.
Тармақ 14
14. Азаматтарға қалаған жұмыстарын таңдауына, ал жұмыс берушілерге-қажетті жұмысшыларды іріктеуге көмек көрсету.
Тармақ 15
15. Бос жұмыс орындарының есебін жүргізу.
Тармақ 16
16. Еңбекке орналасу мәселесі жөнінде келген адамдарды тіркеу және есепке алу.
Тармақ 17
17. Тұрғындарға мамандық бағдар сілтеу қызметін көрсету.
Тармақ 18
18. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу, жұмыс берушілердің қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздарға жұмсаған қаражатын Қазақстан Республикасы зандылықтарында көрсетілген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен ішінара өтеу.
Тармақ 19
19. Еңбек рынкінің қажеттігіне сәйкес жұмыссыздарды мамандық игеру оқуына жіберу, мамандыққа қайта дайындау және мамандығын жетілдіру, сондай-ақ, олардың барлық оқу мерзіміне зандылықта қаралған мөлшерде стипендия төлеу.
Тармақ 20
20. Аймақтағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжап отыру.
Тармақ 21
21. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың аймақтық бағдарламасын жасау және жүзеге асыру.
Тармақ 22
22. Ресми басылымдарда жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс туралы статистикалық және хабарлама деректерді, аймақтағы еңбекке орналастыру мен мамандық бағдар сілтеу мүмкіндіктерін жариялау.
Тармақ 23
23. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі хабарламалық мәліметтер базасын жинақтау үшін орталық атқару органы белгіленген қажетті мәліметтерді толық және мерзімінде беріп тұру.
Бөлім 4. 4. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның құқықтары.
4. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның құқықтары.
Тармақ 24
24. Жұмыс берушілерден қызметкерлердің босатылуы алдында мүмкін болатын құрылымдық өзгерістер нәтижесі және басқа шаралар туралы, сондай-ақ, жұмыс күшіне қажеттілік туралы, босатылғандардың, қабылданғандардың және жұмыстан шығарылған қызметкерлердің саны мен мамандық сапаларының дәрежесі туралы хабарламалар алу.
Тармақ 25
25. Жұмыс күшіне сұраныс болған жағдайда азаматтарды жұмыс берушілерге жіберу.
Тармақ 26
26. Жергілікті атқару органдарына ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу.
Тармақ 27
27. Жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарга жіберу.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік білім берумен айналысатын оқу органдарынан, оқу орындарынан меншіктің түріне қарамастан мамандарды дайындайтын, қайта дайындайтын және мамандықтарын жетілдіретін әртүрлі ұйымдардың - оқу курстарынан бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы, оқытылып жатқан мамандықтар, қабылданғаңдар, оқудан шығарылғандар және дайындалуға тиесілі қажетті мамандар мен мамандықтар туралы хабарламалар сұрау.
Тармақ 29
29. Жергілікті атқару органдарына жұмысшыларды босатуға байланысты шараларды жүзеге асырудың мерзімін ауыстыру, немесе, уақытша тоқтату туралы ұсыныстар енгізу.
Тармақ 30
30. Жұмыспен қамту жөніндегі заңдылықтарды бұзуды жою туралы ұсыныстар енгізу, әкімшілік құқықтық талаптар бұзылғаны жөніндегі істерді қарау және жұмыспен қамту заңдьлықтарын бұзған айыпты тұлғаларға әкімшілік жаза салу.
Бөлім 5. 5. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның жауапкершілігі.
5. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өкілетті органның жауапкершілігі.
Тармақ 31
31. Өкілетті органға жетекшілік жасаушы облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының бірінші орынбасары осы Ережеде көрсетілген міндеттер мен қызмет аясының орындалуына жауапты.
Тармақ 32
32. Органның басқа қызметкерлерінің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқауларман белгіленеді.
Басқа 50
Облыс Әкімінің 1999 жылғы 07 маусымдағы № 97 шешімшен БЕКІТІЛДІ Жұмыспен қамту мәселлері жөніндегі өкілетті органның ҚҰРЫЛЫМЫ Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының бірінші орынбасары. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі бөлім.