Об утверждении Правил оказания социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на расходы за коммунальные услуги Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасына, «Қазақстан Республикасының бюджеттік Кодексінің» 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес және Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 шілдесіндегі № А-7/277 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдык қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қаулысын жүзеге асыру мақсатында Щучье аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету Ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің күші 2007 жылғы 1 шілдеге дейін пайда болған қатынастарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуы аудандық маслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы (Н.Т. Томанова) және Щучье ауданы әкімінің орынбасары (Т.К. Алтаева) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Шешім Ақмола облысы Щучье аудандық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми түрде жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Щучье аудандық мәслихатының
2007 жылғы 10 қыркүйектегі
№ С-2/1 шешіміне қосымша
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету ЕРЕЖЕЛЕРІ.
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.
Тармақ 1
1. Бұл Ережелер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 007-000 «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген тобына әлеуметтік төлемдер» бюджеттік бағдарламасы бойынша коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Ережелерді қабылдаудың құқықтық негізі болып Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасы, «Қазақстан Републикасы Бюджеттік Кодексінің» 53-інші бабының 4 тармағы 1 тармақшасы, Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 шілдедегі № А-7/277 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қаулысы табылады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін тағайындалады және төленеді.
Тармақ 4
4. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тізімін жасайды, есептеуді жүзеге асырады және Қазынашылық комитеті органдары арқылы әлеуметтік көмекті аударады.
Тармақ 5
5. Бұл Ережелердің күші Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек туралы» Заңымен реттелетін қарым-қатынастарға таралмайды.
Тармақ 6
6. Бұл Ережелердің күші медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамсыздандыруда табылатын тұлғаларға таралмайды.
Тарау 2. 2. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ШЫҒЫНДАРЫН ТӨЛЕУ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ТӘРТІБІ.
2. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ШЫҒЫНДАРЫН ТӨЛЕУ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ТӘРТІБІ.
Тармақ 7
7. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек алуға кұқылы тұлға көмек тағайындау жөніндегі өтініш және сәйкесті қосымша құжаттарды тапсырады.
Тармақ 8
8. Щучье ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартса, өтініш берушіге жазбаша түрде хабарлама жасайды.
Тармақ 9
9. Өтініш беруші, өтініш және тапсырылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің толықтығына және дұрыстығына заңнамаға сәйкес жауапты.
Тарау 3. 3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ.
3. ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗБЕСІ.
Тармақ 10
10. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау құқығын растайтын құжаттар:
Тармақ 1
1. белгіленген үлгідегі өтініш;
Тармақ 2
2. өтініш иесін куәләндірәтін құжат;
Тармақ 3
3. салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Тармақ 4
4. Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегінің куәлігі;
Тармақ 5
5. азаматтарды тіркеу кітәбі.
Тармақ 11
11. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттар, салыстыру мақсатында, түпнұсқалар мен көшірмелері тапсырылады. Салыстырылғаннан соң түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
Тармақ 12
12. Құжаттарды тапсырмағандарға, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындалмайды.
Тарау 4. 4. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ШЫҒЫНДАРЫН ТӨЛЕУ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ МӨЛШЕРІ
4. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ШЫҒЫНДАРЫН ТӨЛЕУ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ МӨЛШЕРІ
Тармақ 13
13. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмек мөлшері: жылыту мерзімінде - ай сайын 2730 тенге, қалған мерзімде - ай сайын 1686 тенге.
Тарау 5. 5. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ШЫҒЫНДАРЫН ТӨЛЕУ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ТӨЛЕУ
5. ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНЕ КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ШЫҒЫНДАРЫН ТӨЛЕУ ҮШІН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ТӨЛЕУ
Тармақ 14
14. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмектің төленуі Ақмола облыстық бюджеттен бөлінетін мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер шығындарын төлеу үшін әлеуметтік көмектің төленуі Қазақстан Республикасы Ұлттык банкісінің сәйкесті операциялар түрлеріне лицензиясы бар, заңнамамен белгіленген тәртіпте конкурсты жеңіп шыққан мекемелер арқылы жүзеге асырылады.