О реорганизации структуры культуры городов и районов области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс қалалары мен аудандары мәдениет мекемелерінің құрылымдарын қайта құру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облыстық әділет департаменті бастығының 02.12.2003 жылғы қорытындысымен.
Қазақстан Республикасы Презвдентінің 1995 жылдың 13 маусымындағы №2335 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заң күші бар Жарлығына және облыс Әкімінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы № 317 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.12.1998/ж. №1335 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» Қаулысын іске асыру туралы», облыс Әкімінің 1999 жылдың 1 сәуіріндегі №51 «Облыс Әкімінің 1999 жылдың 15 қаңтарындағы №317 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы » шешімдеріне сәйкес шешім етемін:
Тармақ 1
1. Оның құрамынан «Орталық қалалық кітапхана» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен, Ақтау қаласының «Абай атындағы мәдени-демалыс кешені» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылсын.
Тармақ 2
2. Оның құрамынан Орталық қалалық кітапхана» мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен, Жаңаөзен қаласының «Өнер» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылсын.
Тармақ 3
3. Оның құрамынан «Аудандық кітапхана» мекемесін бөліп шығару жолымен, Бейнеу ауданының Мәдениет мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылсын.
Тармақ 4
4. Қарақия ауданының «Аудандық мәдениет бөлімі» мемлекеттік мекемесі, оның құрамынан:
«Орталық аудандық кітапхана» мемлекеттік мекемесін жедел басқару құқындағы «Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын бөліп шығару жолымен, ұйымдық-құқықтық нысандары- дербес занды тұлғалар болып қайта құрылсын.
Тармақ 5
5. Маңғыстау ауданының «Аудандық мәдениет бөлімі»мемлекеттік мекемесі құрамынан «Аудандық мәдениет бөлімі» және«Орталық аудандық кітапхана» мемлекеттік мекемелері бөлініп шыкқан, өз алдына дербес заңды тұлға етіп бөліп шығару жолымен, жедел басқару құқығы берілген, ұйымдық-құқықтық нысаны «Өрлеу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылсық.
Тармақ 6
6. Түпқараған ауданының «Аудандық мәдениет бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрамынан «Аудандық мәдениет бөлімі» және
«Орталық аудандық кітапхана» мемлекеттік мекемелері бөлініп шыққан, өз алдына дербес заңды тұлға етіп бөліп шығару жольшен, «Аудандық киножүйесі дирекциясын» біріктірген, жедел басқару құқығы берілген, ұйымдық-құқықтық нысаны «Мәдениет үйі» мемдекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылсын.
Тармақ 7
7. Форт-Шевченко қаласының «Облыстық мұражай кешені» мекемесі қайта құру жолымен, жедел басқару құқығы берілген, «Облыстық мұражай кешені» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылсын.
Тармақ 8
8. Мәдениет мекемелерінің мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары алыс-беріс актілері мен бөліну балансына сай міндеттері мен құқығын иеленуші болып есептелсін.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды бюджеттік қаржыландыру мөлшерінде іске асырылсын.
Тармақ 10
10. Қалалар мен аудандар, ( әкімдері белгіленген заңдылықтар негізінде мәдениет мекемелерінің мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын мемлекеттік тіркеулер мен қайта тіркеурді жүзеге асырсын.
Тармақ 11
11. Облыстық мәдениет басқармасы (Мұханов Н.) облыс мәдениет мекемелеріне қарасты мемлекег мекемелер мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының қызмет аясы мен ұйымдық-әдістемелік жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырсын.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Б.Керелбаевқа жүктелсін.