Об утверждении требований к интегральной микросхеме, используемой при изготовлении документов, удостоверяющих личность Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интеграциялық микросхемаға қойылатын талаптарды бекіту туралы "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі N 815 қаулысымен бекітілген Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар мыналардың:
Тармақша 1
1) есте сақтау көлемі кемінде 64 Кб ISO 14443 (А немесе В) халықаралық стандартына сәйкес келетін чиптің;
Тармақша 2
2) чиптен ақпаратты рұқсатсыз оқудан қорғаудың, (электрондық цифрлық қолтаңба, Basic Accesss Control және басқа);
Тармақша 3
3) цифрлық фотоны қоса алғанда, көрініс деректерін чипке жазудың;
Тармақша 4
4) биометриялық деректерді (саусақ таңбаларын) және электрондық цифрлық қолтаңбаны чипке жазу мүмкіндігінің;
Тармақша 5
5) ICAO стандарттарына сәйкес санау құрылғыларында паспортты санау мүмкіндігінің болуын қамтиды.
Тармақ 2
2. Жеке куәлікті және шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға берілген ықтиярхатын дайындау кезінде пайдаланылатын интегралдық микросхемаға қойылатын талаптар мыналардың:
Тармақша 1
1) еске сақтау көлемі кемінде 64 Кб дуалді чиптің (екі интерфейсі бар бір чип);
Тармақша 2
2) чиптен ақпаратты рұқсатсыз оқудан қорғаудың (электрондық цифрлық қолтаңба, Basic Accesss Control және басқа);
Тармақша 3
3) цифрлық фотоны қоса алғанда, көрініс деректерін чипке жазудың;
Тармақша 4
4) биометриялық деректерді (саусақ таңбаларын) және электрондық цифрлық қолтаңбаны чипке жазу мүмкіндігінің;
Тармақша 5
5) ICAO стандарттарына сәйкес санау құрылғыларында жеке куәлікті санау мүмкіндігінің;
Тармақша 6
6) чипте қайта жазатын бөлімдердің;
Тармақша 7
7) чипте криптограммалық қосарлы процессорлардың болуын қамтиды. Криптографиялық қайта өзгертулер алгоритмдері Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыратын орталығы пайдаланылатын алгоритмдермен сәйкес болуы тиіс.