Об утверждении Правил занесения идентификационного номера в интегральную микросхему Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесін бекіту туралы "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі N 817 қаулысымен бекітілген Сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесі
Тармақ 1
1. Осы сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға енгізу ережесі "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және жеке басты куәландыратын құжаттарға орналастырылған интегралдық микросхемаға сәйкестендіру нөмірін енгізудің тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Жеке сәйкестендіру нөмірін интегралдық микросхемаға мамандандырылған жабдықта дербестендіру барысында жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Дербестендіру дегеніміз персонал тарапынан араласуды талап етпейтін толық автоматтандырылған үдеріс дегенді білдіреді.
Тармақ 4
4. Дербестендіру екі үдерістен тұрады: деректерді дербестендіру үдерісі және интегралдық микросхеманы дербестендіру үдерісі.
Тармақ 5
5. Деректерді дербестендіру үдерісі - бұл дербес деректерді, оның ішінде фотобейнесі мен жеке қолын тиісті құжаттарға енгізу.
Тармақ 6
6. Интегралдық микросхеманы дербестендіру үдерісі - бұл оларды әрі қарай сақтау және оқу үшін дербес деректерді, оның ішінде сәйкестендіру нөмірін, сондай-ақ биометриялық элементтер мен электрондық цифрлық қолтаңбаны электрондық құжаттың интегралдық микросхемасына жазу.
Тармақ 7
7. Электрондық құжаттарды дербестендіру жабық жұмыс циклімен, персоналдың және аппаратураның қол жеткізуін бақылау ерекшеліктерімен қамтамасыз етілетін қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен жабдықталады.
Тармақ 8
8. Дербестендірудің тиімділігі мамандандырылған жабдыққа орнатылған басқару және сапаны қамтамасыз ету модульдерінің көмегімен қолдау табады.
Тармақ 9
9. Деректерді дербестендіру және интегралдық микросхеманы дербестендіру үдерісі дербестендірілетін құжаттардың түріне қарай қатар немесе кезектілікке қарамастан, дәйекті жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 10
10. Дербестендіру үдерісі аяқталысымен, құжаттың интегралдық микросхемасына енгізілген ақпарат мамандандырылған жабдықтың бақылап оқитын модулімен салыстырылады.
Тармақ 11
11. Электрондық құжаттағы интегралдық микросхемада қамтылған ақпаратты рұқсатсыз оқудан қорғау интегралдық микросхемаға электрондық цифрлы қолтаңбаны және халықаралық стандарттарға сай келетін "Basic Access Control" ақпаратын қорғау бағдарламасын енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.