Об утверждении Правил оказания социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на расходы за коммунальные услуги Қолданыста
Басқа 0
Көрсетілетін коммуналдық қызметінің шығындары бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Жарлығына сәйкес, Ақмола облысының Әділет Департаментінде 2007 жылдың 18 шілдесінде № 3229 тіркелген Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 6 шілдедегі № ЗС-28-4 «Ақмола облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № ЗС-24-3 «2007 жылға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімін, және Ақмола облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 16 тамызында № 3234 тіркелген Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 28 шілдедегі № А-7/277 «Көрсетілетін коммуналдық қызметінің шығындары бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» қаулысын негізге алып Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған көрсетілетін коммуналдық қызметінің шығындары бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының іс-әрекеті 2007 жылдың 1 маусымында пайда болған құқық қатынастарына тарайды.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
Басқа 5
Степногорск қаласы әкімдігінің
2007 жылғы 28 тамыздағы
№ ә-11/381 қаулысымен бекітілген
Көрсетілетін коммуналдық қызметінің шығындары бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек көрсету ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже коммуналдық қызметінің шығындары үшін Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмекті көрсету тәртібін белгілейді, «Жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» 451007 бағдарламасы бойынша төлемдердің төленуін ұйымдастыру тәртібін реттейді.
Тармақ 2
2. Ережені қабылдау үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексі құқықтық негіз болып табылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін құқықтар
2. Әлеуметтік көмекті көрсету үшін құқықтар
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек Степногорск қаласы мен кенттерінде тұратын азаматтарына, Ұлы Отан соғысының қатысушысы немесе мүгедегі деген мәртебесі барларына көрсетіледі.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмектің мөлшері мен тәртібі
3. Әлеуметтік көмектің мөлшері мен тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмекті алу үшін Ұлы Отан соғысының қатысушысы не болмаса мүгедегі «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне өтініш жазып, келесі құжаттардың көшірмесін тапсырады:
жеке куәлік;
әлеуметтік көмекті алу үшін құқығын растайтын құжат;
азаматтарды тіркеу кітабы;
салық төлеушінің куәлігі (СТН).
Тармақ 5
5. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және элеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тапсырылған кұжаттарының негізінде әлеуметтік көмек алатындардың тізімдерін қалыптастырады. Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік Орталығының Степногорск бөлімшесімен тапсырылатын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектер тізімдерінің негізінде көрсетілетін коммуналдық қызметінің шығындары бойынша әлеуметтік көмек төлемдері ай сайын төленіп отырады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне материалдық қолдау жасау бойынша қосымша шара ретінде белгіленеді, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 1686 теңге мөлшерінде, жылыту кезеңінде 2007 жылғы қазанның 1-нен - 2730 теңге мөлшерінде. Келесі жылдарда сәйкес қаржы жылына арналған көрсетілетін коммуналдық қызметінің шығындары бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлері Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес айқындалады.
Тармақ 7
7. Көрсетілетін коммуналдық қызметінің шығындары бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмектің төленуі зейнетақы мен жәрдемақыны есептеу үшін ашылған жеке шоттарына аудару арқылы, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық бөлімшесінде жүзеге асырылады. Степногорск қаласында, сондай-ақ іргелес кенттерде тұру үшін жаңадан келген және бұрын тұрған жерден көрсетілетін коммуналдық қызметінің шығындары бойынша әлеуметтік көмегін алмаған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері әлеуметтік көмекті алу үшін құқылы.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
4. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
Тармақ 8
8. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдараламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті көрсету шығындарын облыстық бюджетінен бөлінетін «Жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» 451007 бюджеттік бағдарламасы бойынша мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен қаржыландырады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі қызметтің төленуі белгіленген заңнамалық тәртібінде осы Ереженің 7 тармағында көрсетілген ұйымдары мен «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және элеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі арасында бекітілген шарттарының негізінде жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Төлемдерді іске асыру үшін бақылау жасау
5. Төлемдерді іске асыру үшін бақылау жасау
Тармақ 10
10. Көрсетілетін коммуналдық қызметінің шығындары бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне көрсетілетін әлеуметтік көмегіне бақылау жасалуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асырылады.