Об определении мест для осуществления выездной торговли в городе Житикаре Күшін жойған
Басқа 0
Жітіқара қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды анықтау туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда Ережелерін бекіту туралы» 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес, Жітіқара қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар анықталсын.
Тармақ 2
2. Жоғары аталған орындарда сауда кызметі субъектілерінің ішкі сауда Ережелерін сақтау қажет.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.А. Бурдюгке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Басқа 5. Жітіқара қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
2007 жылғы 10 тамыздағы
№ 582 қаулыға
қосымша
Жітіқара қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар
Тармақ 1
1. Бақша дақылдары (қарбыздар, қауындар, асқабақтар): - «Абис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орталық базарының аумағы.
Тармақ 2
2. Гүлдер: 6 шағын ауданы, «Хороший» дүкенінің жанында.
Тармақ 3
3. Бақша учаскелерінде өсірілген көкөніс және жемістер - жидектер -6 шағын ауданы, «Хороший» дүкені мен «Орталық» сауда павильонының арасында, «Абис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен орталық базар аумағында.
Тармақ 4
4. Ет, сүт және ет - сүт өнімдері, жұмыртқалар, нан, бөлке нан және кондитерлік өнімдері, балық және балық өнімдері: «Абис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен орталық базар аумағында.