Іле ауданының ауылдық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Іле ауданының ауылдық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» № 66 Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Іле аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Іле ауданының ауылдық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкерлеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен отын сатып алуға жылына бip рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек бекітілсін;
Тармақ 2
2. “Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы (Құматаев Н. О.) әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін;
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұратындарды әлеуметтік қорғау,
еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі комиссияға (Г.М.Садуақасова) және аудан әкімінің орынбасарларына (Е.С. Тұрымбетов, В.А. Файль) жүктелсін.
«10» шілде 2007 жыл
«10» шілде 2007 жыл
Келісілген:
«Іле аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Қадыр А.Қ.
«10» шілде 2007 жыл
«Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Құматаев Н.О.
«10» шілде 2007 жыл