Іле ауданының ауылдық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Іле ауданының ауылдық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Іле ауданының ауылдық жерлерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымдарының педогог қызметкерлеріне жергілікті бюджет қаражаты есебінен отын сатып алуға жылына бip рет 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі бастығы (А.Кәдір) әлеуметтік көмекке қаржы бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі бастығы (Н.Құматаев ) әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Аудандық білім бөлімі бастығы (Б.Жолтаева) қызметкерлердің жеке куәлігінің нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код, поштадағы есеп шотының нөмірі көрсетілген тізімін ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі комиссияға (Г.Садуақасова) және аудан әкімінің орынбасарларына (Е.Тұрымбетов, В.Файль) жүктелсін.
«10» шілде 2007 жыл
«10» шілде 2007 жыл
Келісілген:
«Іле аудандық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Кәдір А.К.
«10» шілде 2007 жыл
«Іле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Құматаев Н.О.
«10» шілде 2007 жыл
«Іле аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
бастығы
Жолтаева Б.Б.
«10» шілде 2007 жыл