Об открытии государственного учреждения «Областная специализированная кадетская школа-интернат» Қолданыста
Басқа 0
«Облыстық мамандандырылған кадет мектеп - интернаты» мемлекеттік мекемесін ашу туралы
Жастарды оқытуға, тәрбиелеуге жағдай жасау және олардың бойында Қазақстандық патриотизм сезiмiн дамыту мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Павлодар Қаласындағы № 1 кәсiптiк-техникалық лицейiнiң оқу корпусы негiзiнде облыстық мамандандырылған кадет мектеп-интернаты ашылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық бiлiм департаментi:
облыстық мамандандырылған кадет мектеп-интернатының ережесiн, жарғысын және құрылымын бекiтсiн;
облыстық мамандандырылған кадет мектеп-интернатының жұмысын 1999 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап ұйымдастырсын, 8 - 11 сыныптарға 100 оқушыны қабылдау жүзеге асырылсын.
Тармақ 3
3. Облыс әскери комиссариаты, облыстық iшкi iстер басқармасы және облыс бойынша ұлттық қауiпсiздiк Комитетi департаментi облыстық мамандандырылған кадет мектеп-интернатының оқу-материалдық базасын нығайтуға көмек көрсетсiн.
Тармақ 4
4. Облыс бойынша қаржы басқармасы облыстық мамандандырылған кадет мектеп интернатын қаржыландыруды бiлiм департаментiнiң облыстық бюджеттен қаржылық бағдарламасын ұстауға бөлiнген бюджеттiк қаражат шеңберiндегi сметалар шығынына сәйкес ағымдағы қаржылық жылдық аяєына дейiн қамтамасыз ететiн болсын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Б.Н. Түменоваға жүктелсiн.