Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Ағатан селосына қарасты Манабай жайлауына ірі қара малы арасында пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Ағатан селосына қарасты Манабай жайлауына ірі қара малы арасында пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 658 «Ауыл шаруашылық жануарларының пастереллез ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринарлық ережесі» бұйрығына және Батыс Қазақстан облыстық ветеринариялық зертханасының 2007 жылғы 6 тамыздағы № 298, 299 сараптама актілерінің қорытындысы ескере отырып, Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Манабай жайлуында пастереллез ауруы тікелеуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Ағатан селосына қарасты жайлауына ірі қара малы арасында пастереллез ауырының тіркелуіне байланысты, сауықтырғанша дейін шектеу салынсын.
Тармақ 2
2. Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Манабай жайлауы бойынша ірі қара малдарын пастереллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Ақбұлақ округінің әкіміне (Уржанов), Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясымен (Досқазиев), Шыңғырлау аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен (Сабиров) Шыңғырлау аудандық аумақтық медицина бірлестігімен (Қалмен) және Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімімен (Османғалиев) бірлесе отырып, жоспарда көрсетілген шараларды ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринариялық шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз етуі тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 7 тамыздағы № 134 «Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Ағатан селосына қарасты Манабай жайлауына ірі қара малын арасында пастереллез ауруының тіркелуіне байланыс шектеу салу туралы» қаулысы жойылды деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.А.Манкеевке жүктелсін.
Басқа 6. 2007 жылға Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Манабай жайлауы бойынша ірі қара малдарын пастереллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспар
Аудан әкімдігінің 2 қыркүйектегі 2007 жылғы № 146 қаулысымен бекітілген №1 қосымша 2007 жылға Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ селолық округінің Манабай жайлауы бойынша ірі қара малдарын пастереллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспар № Шараларыдың атауы Орындау мерзімі Орындаушы НҚА құзырлығының негізі 1. Ұйымдастыру шаруашылық шаралары 1 Эпизоотикалық жағдайға байланысты селолық округте ірі қара жайылымның аумағын анықтау Ұдайы Ақбұлақ селолық округінің әкімі және мемлекеттік ветеринариялық инспектор ҚР «Ветеринария туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары 2 Ақбұлақ селосы аумағында пастереллез ауырған ірі қара қорасы немесе ауласын санитарлық тазалау жұмысын ұйымдастыру Ұдайы Ақбұлақ селолық округінің әкімі, селолық ветеринариялық инспекторы ҚР «Ветеринария туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары 3 Санитарлық ағартушылық шараларын жүргізу мақсатында халыққа қажеті мал дәрігерлік, санитарлық гигиеналық білімді жеткізу Ұдайы Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, аудан МСЭҚБ, ауылдық АДА ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау және мемлекеттік ветеринариялық инспекторы туралы ережелер 2. Індет ошағындағы жүргізілетін мал дәрігерлік және санитарлық шаралар 4 Халық арасында пастереллез ауруының қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу Ұдайы Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, аудан МСЭҚБ, ауылдық АДА ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 658 «Ауыл шаруашылық жануарларының пастереллез ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринарлық ережесі» бұйрығына 5 Індет ошағында жануарлардың шығаруда, пастереллезге бейім малдарды кіргізуге (енгізуге), лажсыз сойылған малдардың етін шикі түрде шығаруға, ет өңдейтін кәсіпорындарда өңдеуден басқа, тиым салынады Ұдайы Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, полиция участкелік инспекторы ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 658 «Ауыл шаруашылық жануарларының пастереллез ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринарлық ережесі» бұйрығына 6 Пастереллез бойынша қолайсыз ферманың (топ малдың, үйірдің, отардың, табынның) клиникалық белгі бойынша дені сау малының сүтін, пастереллез қарсы жүргізілген егуге қарамастан, 90° С-да 5 минут бойы пастеризациялаудан кейін адамдардың тамағына немесе жануарлардың азығына пайдалануға болады Шектеу кезіне Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, мал дәрігер, жеке және заңды тұлғалар ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 658 «Ауыл шаруашылық жануарларының пастереллез ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринарлық ережесі» бұйрығына 7 Пастереллез ауруы бойынша ауру және күдікті жануарлар болған жерлер, түкірікпен және басқа да шығарылымдармен ластанған оларды күту заттары, киім мен басқа да заттар ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дезинфекцияланады Шектеу кезіне Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, мал дәрігер, жеке және заңды тұлғалар ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 658 «Ауыл шаруашылық жануарларының пастереллез ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринарлық ережесі» бұйрығына 3. Арнайы мал дәрігерлік шаралар 8 Пастереллез ауруының эпизоотиялық ошақтарында олардың арасынан пастереллез ауруы бойынша аурулар немесе күдікті жануарлар топтарын (ферма, үйір, топ, мал, отар, табын) тұрақты қадағалау белгіленеді. Бұл жануарларды күніне кем дегенде үш рет қарайды және оларды қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес пастереллез вакцинамен алдын ала егеді. Еккеннен кейін жануарды 14 күн бойы ветеринарлық тексеру жүргізу және оқшаулау керек Шектеу кезіне Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, мал дәрігер, жеке және заңды тұлғалар ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 658 «Ауыл шаруашылық жануарларының пастереллез ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринарлық ережесі» бұйрығына 9 Шектеуді жергілікті атқарушы органдардың шешімімен (ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы мен аудандық бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бірлескен ұсынымы негізінде) жоспарланған алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау шартымен, жануарлар ауруының соңғы жағдайы 14 күн өткеннен кейін алынып тасталады Шектеу кезіне Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, мал дәрігер, аудан МСЭҚБ ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 658 «Ауыл шаруашылық жануарларының пастереллез ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринарлық ережесі» бұйрығына 4. Адамдарды аурудың жұғуынан жұғуынан қорғаудың шаралары 10 Халық арасында пастереллез ауруының қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу Ұдайы Ааудан МСЭҚБ, АДА ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 658 «Ауыл шаруашылық жануарларының пастереллез ауруының алдын алу және жою бойынша шараларды жүзеге асырудың ветеринарлық ережесі» бұйрығына Шектеу шаралары қолайсыз пунктер алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау шартымен жануарлар ауруының соңғы жағдайы 15 күн өткеннен кейін алынып тасталады. ҚР - Қазақстан Республикасы КР АШМ - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрінің МСЭҚБ - Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы АДА - Ауылдық дәрігерлік амбулаториясы