Шыңғырлау ауданы, Лубен селолық округі бойынша ірі қара малы арасында құтыру ауруының тіркелуіне байланысты Еңбек жайлауы аумағына шектеу салу туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шыңғырлау ауданы, Лубен селолық округі бойынша ірі қара малы арасында құтыру ауруының тіркелуіне байланысты Еңбек жайлауы аумағына шектеу салу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес және аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының уақытша міндетін атқарушысының 2007 жылғы 29 тамыздағы № 345 ұсынысын ескере отырып, Лубен селолық округінің Еңібек жайлауында құтыру ауруы тіркелеуіне байлынысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ірі қара малы арасында құтыру ауруының тіркелуіне байланысты, Лубен селолық округінің Еңбек жайлауы аумағына ірі қара малы сауықтырылғанша дейін шектеу салынсын.
Тармақ 2
2. 2007 жылға Шыңғырлау ауданы, Лубен селолық округінің Еңбек жайлауында ірі қара малдарын құтыру ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары бекітілсін (№ 1 қосымша).
Тармақ 3
3. Лубен селолық округінің әкіміне (Кусмагамбетов), Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясымен (Досқазиев), Шыңғырлау ауылдық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен (Сабиров), Шыңғырлау аудандық аумақтық медицина бірлестігімен (Қалмен) және Шыңгырлау аудандық ішкі істер бөлімімен (Османгалиев) бірлесе отырып, жоспарда көрсетілген шараларды ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринариялық шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз етуі тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.А.Манкеевке жүктелсін.
Басқа 5. 2007 жылға Шыңғырлау ауданы, Лубен селолық округінің Еңбек жайлауында ірі қара малдарын құтыру ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары
Аудан әкімдігінің 2 қыркүйектегі 2007 жылғы № 148 қаулысымен бекетілген №1 қосымша 2007 жылға Шыңғырлау ауданы, Лубен селолық округінің Еңбек жайлауында ірі қара малдарын құтыру ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары № Шараларыдың атауы Орындау мерзімі Орындаушы НҚА құзырлығының негізі 1. Ұйымдастыру шаруашылық шаралары 1 Эпизоотикалық жағдайға байланысты селолық округте ірі қара жайылымының аумағын анықтау Ұдайы Лубен селолық округінің әкімі және мемлекеттік ветеринариялық инспектор ҚР «Ветеринария туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары 2 Лубен селосы аумағындағы Еңбек жайлауындағы қорасы немесе ауласын санитарлық тазалау жұмысын ұйымдастыру Ұдайы Лубен селолық округінің әкімі селолық ветеринариялық инспекторы ҚР «Ветеринария туралы» «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдары 3 Санитарлық ағартушылық шараларын жүргізу мақсатында халыққа қажеті мал дәрігерлік, санитарлық гигиеналық білімді жеткізу Ұдайы Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, аудан МСЭҚБ, ауылдық АДА ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және мемлекеттік ветеринариялық инспекторы туралы ережелер 2. Індет ошағындағы жүргізілетін мал дәрігерлік және санитарлық шаралар 4 Халық арасында құтырма ауруының қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу Ұдайы Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, аудан МСЭҚБ ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы №266 «Санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына 5 Оқшауландырылатын және қадағалауда қалдырылатын тістелген адамдар мен жануарлардан басқа, құтырмамен ауыратыны анықталған иттерді, мысықтар мен басқа да жануарларды кейіннен жаға отырып, өлтіру Шектеу кезіне Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, полиция учаскелік инспекторы, аудан МСЭҚБ ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар 6 Құтырма бойынша қолайсыз ферманың (топ малдың, үйірдің, отардың, табынның) клиникалық белгі бойынша дені сау малының сүтін, құтырмаға қарсы жүргізілген егуге қарамастан, 80- 85° С-да 30 минуттай пастерлегеннен немесе 5 минуттай қайнатылғаннан кейін адамдардың тамағына немесе жануарлардың жеміне пайдалануға болады Шектеу кезіне Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, мал дәрігер, жеке және заңды тұлғалар ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына 7 Құтырма ауруы бойынша ауру және күдікті жануарлар болған жерлер, түкірікпен және басқа да шығарылымдармен ластанған оларды күту заттары, киім мен басқа да заттар ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес дезинфекцияланады Шектеу кезіне Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, мал дәрігер, жеке және заңды тұлғалар ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына 3. Арнайы мал дәрігерлік шаралар 8 Құтырманың эпизоотиялық ошақтарында олардың арасынан құтырма ауруы бойынша аурулар немесе күдіктілер шыққан жануарлар топтарын (ферма, үйір, топ, мал, отар, табын) тұрақты қадағалау белгіленеді. Бұл жануарларды күніне кем дегенде үш рет қарайды және оларды қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес антирабиялық вакцинамен алдын ала егеді. Еккеннен кейін жануарды 60 күн оқшалау керек Шектеу кезіне Селолық округінің ветеринариялық инспекторы, мал дәрігер, жеке және заңды тұлғалар ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына 4. Адамдарды аурудың жұғуынан қорғаудың шаралары 10 Халық арасында құтырма ауруының қаупі және оның алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу Ұдайы Ааудан МСЭҚБ, АДА ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына 11 Оқшауландырылатын және қадағалауда қалдырылатын тістелеген адамдарды бақылау Ұдайы Ааудан МСЭҚБ, АДА ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2003 жылғы 15 мамырдағы № 266 «Санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар ережелерін бекіту туралы» бұйрығына Шектеу шаралары қолайсыз пунктер алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау шартымен жануарлар ауруының соңғы жағдайы күнінен бастап екі ай өткеннен кейін алынып тасталады ҚР - Қазақстан Республикасы КР АШМ - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрінің МСЭҚБ - Мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы АДА - Ауылдық дәрігерлік амбулаториясы