Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил внесения записей в целях исправления ошибок, допущенных в регистрационных документах

Бұйрық · № 243 · қабылданған 24.08.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35064/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил внесения записей в целях исправления ошибок, допущенных в регистрационных документах Қолданыста Бұйрық ·№ 243 ·24.08.2007
31.07.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил внесения записей в целях исправления ошибок, допущенных в регистрационных документах

Қолданыста Бұйрық ·№ 243 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил внесения записей в целях исправления ошибок, допущенных в регистрационных документах
Атауы (қаз.)
Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
243
Қабылданған күні
24.08.2007
Көрсетілген редакция
31.07.2018 35064_354513.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004930_
ЭКБ идентификаторы
35064
Редакция идентификаторы
35064_354513
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:07

0 Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу қағидаларын бекіту туралы

"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу қағидаларын бекітілсін.

2 2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа

енгізіледі.

0 Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2007 жылғы 24 тамыздағы
N 243 бұйрығымен бекітілген
Тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қағидаларда тіркеу құжаттарында жіберілген қателерді түзету мақсатында жазба енгізудің тәртібін белгілейді.

1-1 1-1. Тіркеуші орган болып жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы табылады.

2 2. Тіркеу кезінде жіберілген қателер "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркеуші органның бастамасымен немесе мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша түзетіледі.

2 2-тарау. Тіркеу кезінде жіберілген, тіркелген құқықтың мәнін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін қателерді түзету

3 3. Тіркеу кезінде жіберілген, тіркелген құқықтың (құқықтық ауыртпалықтың) мәнін, сипатын немесе мазмұнын өзгертпейтін қателерді тіркеуші орган барлық мүдделі тараптарды жазбаша хабардар ете отырып, өзінің бастамасы бойынша түзетуі мүмкін.

4 4. Хабарлама туралы белгі тіркеу парағына қойылады.

5 5. Хабарламалардың көшірмелері тіркеу парағында сақталуы тиіс.

3 3-тарау. Тіркелген құқықтардың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал ететін қателерді түзету

6 6. Қателерді түзету тіркелген құқықтардың (құқықтық

ауыртпалықтардың және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерінің)
мәніне, сипатына немесе мазмұнына ықпалын тигізетін жағдайларда тіркеуші орган мүдделі органдарды осындай түзетудің қажеттігі туралы хабардар етеді. Көрсетілген жағдайларда түзетулерді енгізу мүдделі органдардың нотариаттық куәландырылған немесе тіркеуші органға жеке өздері берген жазбаша келісімі болған жағдайларда ғана жол беріледі.

7 7. Тіркеуші орган, хабарламаны жіберген күні құқықтық кадастрдың тіркеу парағының 3.1-бөлімшесіне түзету енгізу болжанып отырған жазбаның нөміріне сілтеме жасай отырып, қатені түзету рәсімінің басталғаны туралы жазба жасайды.

8 8. Көрсетілген жазба мынадай тәртіппен енгізіледі:

"Ауыртпалық түрі" деген бағанда "____ қате" деген жазба жасалады, онда түзету енгізу болжанып отырған жазбаның нөмірі көрсетіледі;
"Мазмұны" деген бағанда "____ қатені түзету үдерісі" деген жазба енгізіледі, онда деректерге қате жіберілген баған көрсетіледі;
"Құқық иесі" деген бағанға қатені түзетуге өтініш берген адамның деректері енгізіледі;
"Көпше түрлері,/Ортақ құқық нысандар", "Үлесі", "Сомасы" деген бағандар толтырылмайды;
"Мерзімі" деген бағанда "бір ай" деген жазба енгізіледі;
"Ауыртпалықтың туындауы" деген бағанда 10 "Құжаттың атауы мен нөмірі" деген бағанына "өтініш ___" деген жазба жасалады, онда қатені түзету туралы өтініштің нөмірі көрсетіледі және жақшада өтініш берген күн көрсетіледі. Сосын "хабарлама ____" деген жазба енгізіледі, онда хабарламаның шығыс деректері көрсетіледі және 11 "Тірк. Күні және уақыты; тірк. Т.А.Ә. және қолы" деген бағанда хабарламаны жіберген күні қойылады.

9 9. Мүдделі адамдар түзету енгізуге келісім беруден бас тартқан немесе хабарламаны алған күннен бастап бір айдың ішінде жауап бермеген жағдайларда тіркеуші түзету енгізу туралы рұқсат беру үшін сотқа өтініш береді.

10 10. Тіркеуші орган сотқа түзету енгізуге рұқсат шығару туралы жүгінген кезде тіркеуші осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртіппен осы туралы құқықтық кадастрдың тіркеу парағының 3.1-бөлімшесіне жазба жасайды.

11 11. Тіркеу парағына түзету енгізу туралы сот шешім шығарған соң тіркеуші жалпы тәртіппен қателерді түзету рәсім туралы жазбаны жабады (тоқтатады) және осы Қағидалардын 4 немесе 5 тарауында көзделген тәртіппен тиісті түзету енгізеді.

4 4-тарау. Тіркеу парағының 1 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тәртібі

12 12. Тіркеу парағының 1 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнынан ықпалын тигізген жағдайларда қате осы Қағидаларың 3 тарауында көзделген талаптар сақталған кезде түзетілуі мүмкін.

13 13. Тіркеу парағының 1 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпалын тигізбеген жағдайларда қате осы Қағидалардың 2 тарауында көзделген талаптар сақталған жағдайларда түзетілуі мүмкін.

14 14. 1 "Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамасы" деген бөлімде көрсетілген жылжымайтын мүліктің бір немесе бірнеше объектілерінің сәйкестендіру сипаттамаларының жазбасын түзеткен кезде осы жылжымайтын мүлік объектісіне жататын барлық жазбалар сызып тасталады.

15 15. Осы объектіге қатысты жаңа жолдан сәйкестендіру

сипаттамаларының түзетулерді ескере отырып, жаңа жазба енгізіледі және "Тіркеушінің ерекше белгілері" деген бағанға негіздемелері және түзетілген күні туралы жазба енгізіледі.

5 5-тарау. Тіркеу парағының 2 және 3 бөлімдерінде жіберілген қателерді түзету тәртібі

16 16. Тіркеу парағының 2 және 3 бөлімдерінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал еткен жағдайларда қате осы Қағидалардың 3 тарауында көзделген талаптар сақталған кезде түзетіледі.

17 17. Тіркеу парағының 2 және 3 бөлімдерінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал етпеген жағдайларда қате осы Қағидалардың 2 тарауында көзделген талаптар сақталған кезде түзетіледі.

18

18. Тіркеуші қызыл түсті сиямен (пастамен), жіңішке сызықпен дұрыс емес ақпаратты сызады, және "Тіркеушінің ерекше белгілері" деген бағанда "____ бағандағы қате" деген жазба жасайды, онда қате жіберілген жазбаның нөмірі мен бағанның нөмірі көрсетіледі "Түзетуді қараңыз ____", онда түзету енгізілетін келесі жазбаның нөмірі көрсетіледі.
Сосын, келесі жазба нөмірінің астынан:
"Құқықтың түрі" деген бағанда қате жіберілген бағанның нөмірі
көрсетіледі, "_____ қате түзетілді" деген жазба жазылады.
"Мазмұны" деген бағанда қандай нақты деректер түзетілуі тиістігі туралы жазба жасалынады. Егер құқық иесінің тегінде қате жіберілген болса, онда "Мазмұны" деген бағанда "Құқық иесінің тегінде қате" деген жазба енгізіледі.
"Мазмұны" деген бағанда қамтылған мәліметтерде қате жіберілген болса, мысалы, ЖУ және БО дегеннің орнына КО деп жазылса, онда "Мазмұны" деген бағанда дұрыс деректер енгізіледі, яғни: "ЖУ және БО деген КО болып түзетілді";
"Құқық иесі"; "Ортақ меншік нысаны."; "Үлес"; "Мерзімі"; "Құқықтардың туындауы" және "Құқықтардың тоқтатылуы" деген бағандар қажеттігіне қарай бір (бірнеше) көрсетілген бағандарға дұрыс деректер енгізілген кезде толтырылады. Егер бұрынғы жазбадағы "Құқықтардың туындауы" деген бағанда қамтылған мәліметтерде қате жіберілген болса, онда "Құқықтардың туындауы" деген бұрынғы жазбасына түзету енгізілетін бағанда дұрыс деректер енгізіледі. Тиісінше, қате жіберілмеген басқа бағандар толтырылмайды.

6 6-тарау. Тіркеу парағының 4 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тәртібі

19 19. Тіркеу парағының 4 бөлімінде жіберілген қателерді түзету тіркелген құқықтардың сипатына, мәні мен мазмұнына ықпал етпеген жағдайларда, осы Қағидалардың 2 тарауында көзделген талаптар түзетілуі мүмкін.

20

20. Тіркеуші қызыл түсті сиямен (пастамен), жіңішке сызықпен қате ақпаратты сызып тастайды, "Тіркеушінің ерекше белгілері" деген бағанда "______ бағандағы қате" деген жазба, онда жазбаның нөмірі мен қате жіберілген бағанның нөмірі көрсетіледі, "____ түзетуді қараңыз" деген жазба жасалады, онда түзету енгізілетін келесі жазбаның нөмірі көрсетіледі.
Сосын, келесі нөмірге жазба жасалады:
"Заңды талаптар мен мәмілелер" деген бағанда "_____ қатені түзету" деген жазба жасалады, қате жіберілген бағанның нөмірі көрсетіледі.
"Мазмұны" деген бағанда қандай нақты деректер түзетуге жататыны туралы жазба жасалады. Егер қате өтініш берушінің (мүдделі тұлғаның) тегінде жіберілген болса, онда "Мазмұны" деген бағанға мынадай жазба енгізіледі: "Өтініш берушінің (мүдделі тұлғаның) тегінде қате" деген жазба енгізіледі.
"Мазмұны" деген бағанда қамтылған мәліметтерде қате жіберілген болса, мысалы, ЖУ және БО дегеннің орнына КО деп жазылса, онда "Мазмұны" деген бағанда дұрыс деректер енгізіледі, яғни: "ЖУ және БО деген КО болып түзетілді";
Қалған бағандар қажеттігіне қарай олардың біреуіне (бірнешеуіне) дұрыс деректер енгізілген кезде толтырылады. Тиісінше, басқа қате жіберілмеген бағандар толтырылмайды.

7 7-тарау. Мүдделі тұлғалар тапқан қателерді түзету тәртібі

21 21. Мүдделі адамдар құқықтық кадастрдан ақпараттық сипаттағы

құжаттарды немесе құқық белгілеуші құжаттарды алған кезде тіркеу
парағын толтырғанда жіберілген қателерді тапқан жағдайлар ондай қателер тіркеу парағы мен құқық белгілеуші құжаттардың деректерінің арасындағы қайшылықтарды алып тастау туралы өтінген өтініштің негізінде түзетіледі.

22 22. Қателерді түзету туралы өтініш тіркеу ісіне тігіледі.

23

23. Өтініштің негізінде тіркеуші өтініш беруші сілтеме жасаған тіркеу парағы мен құқық белгілеуші құжаттар қамтыған мәліметтерді салыстырады. Сәйкессіздік табылған кезде тіркеуші осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген тәртіпте қатені түзетеді, және «Тіркеушінің ерекше белгілері» деген бағандағы түзету енгізілетін жазбада негізінде түзету енгізілген өтініштің нөмірі көрсетеді.

24 24. Егер қателерді түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе мазмұнына ықпал етпеген жағдайларда көрсетілген әрекеттер жасалған соң тіркеуші түзетілген күнін көрсете отырып құқықтық кадастрдың деректерінде қате жіберілгені туралы құқық иесі мен барлық мүдделі тұлғаларға хабарлама жібереді.

25 25. Хабарлама туралы белгі тіркеу парағына қойылады, хабарламаның көшірмесі тіркеу парағында сақталады.

26 26. Қатені түзету тіркелген құқықтың сипатына, мәніне немесе

мазмұнына ықпал еткен жағдайларда қате осы Қағидалардың 3 тарауында
көзделген талаптар сақталған кезде түзетілуі мүмкін.

27 27. Егер түзету енгізілгенге дейін құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке және оның техникалық сипаттамасына қандай да бір ақпарат берілген болса, құқықтық кадастрдан қатемен берілген мәліметтер жаңа мәліметтерге ауыстырылуы тиіс.

8 8-тарау. Мемлекеттік органдар берген құжатта көрсетілген мәліметтерге қатысты қателерді түзету тәртібі

28 28. Егер тіркеу мемлекеттік орган берген құжаттың негізінде

жасалғанда, және түзету осы құжатта көрсетілген мәліметтерге қатысты
болса, осы орган осы құжатқа тиісті өзгерістер енгізген жағдайда қателерді түзетуге болады.

29 29. Көрсетілген жағдайларда өзгерістерді енгізуді тіркеуші орган осы Қағидаларда көзделген талаптарды сақтай отырып жүзеге асырады.

Қолданыстағы