Көше атауын өзгерту туралы Қолданыста
Басқа 0
Көше атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік –аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау қалалық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Атырау қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау селолық округіне қарасты бұрынғы Алматы көшесіне, «Қызыл балық» колхозының басқарма төрағасы болған, «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерінің иегері, Қазақ ССР және КСРО Балық Министрлігінің бірнеше рет мадақтау қағаздарымен марапатталған, Ищанов Қыдырбай Ізмағанұлының есімі берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау қалалық Мәслихаттың «Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет, жастар және спорт ісі мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына (Г. Жәкиева) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім, қалалық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енгізілсін.
Тармақ 4
4. Алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілген.