О лицензировании деятельности тотализаторов и казино в Северо-Казахстанской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысында тотолизаторлар мен казино қызметтерін лицензиялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 24.08.2005 № 24 шешімімен. Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 Қаулысын жүзеге асыру туралы №1894, 1997 жылғы 27 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қарашадағы № 3223 өкімін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 103 қаулылары негіздерінде облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы тотализаторлар мен казино қызметтерін лицензиялаудың қоса беріліп отырған Тәртібі мен шарттары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитеті (Ашуов З.К.) лицензиялық жиналымдардың бюджетке толықтай және дер уақытында аударылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ішкі Істер басқармасының бастығы Н. Ф. Килмашкинге, мемсан-қадағалау облыстық басқармасының бастығы А.А.Белоногқа, мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бастығы Қ.С.Қанафинға, ашылып жатқан казиноларда қоғамдық тәртіптің, санитарлық нормалардың және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Лицензиялық қызметтерді жүзеге асыруға құжаттар ресімдеу мәдениет департаментіне жүктелсін. 📌 Ескерту. Шешім 4-тармақпен толықтырылды – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 20.03.1999 № 52 шешімімен.
Басқа 5
Облыс әкімінің 1999 жылғы 26 ақпандағы № 37 шешіміне ҚОСЫМША Тотализаторлар мен казино қызметтерін лицензиялаудың тәртібі мен шарттары
Тарау 6. Жалпы ереже
Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Тотализаторлар мен казино кызметтерін лицензиялаудын тәртібі мен шарттары «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күші бар № 2200 Жарлығына, Қазакстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоксандағы № 1894, 1997 жылғы 27 каңтардағы № 103 каулыларына сәйкес әзірленді және ойын бизнесін мемлекеттік реттеуді камтамасыз етуге бағытталады.
Тармақ 2
2. Тотализаторлар мен казино қызметтеріне лицензияға облыс әкімі кол қояды. З. Осы тәртіп заңды тұлғаларға тотализаторлар мен казино қызметтеріне байланысты лицензиялык кызметпен айналысу құкын беру ережелерін белгілейді.
Тарау 9. Тәртіп және лицензия беру
Тәртіп және лицензия беру Лицензиялық қызметпен айналысу құқына лицензия осы қызмет түріне қойылатын талаптарға біліктілік дәрежесі сәйкес келетін субьектілерге беріледі.
Тармақ 4
4. Лицензиат мыналар қоса берілетін өтініш береді: - заңды тұлғаны мемелекеттік тіркеу туралы куәлік; - лицензиялық жиналымды төлегендігі жөніндегі төлемақылык құжат; - оыс кызмет түрімен айналысу үшін пайдалану көзделіп отырган үй-жайды пайдалану немесе оған иелік құқының құжаты; - олардың сәйкестілігі туралы сертификаттары көрсетілген жабдыктар тізбесі; - аталмыш мамандыққа оқығандығы көрсетілген ойынды ұйымдастыруға және өткізуге қатыстылардың тізімі; - салық есебіне қойылғандығы туралы аныктама; - нысанның өртке қарсы жағдайы және электр. жабдықтарының қауіпсіздігі туралы анықтама.
Тармақ 5
5. Лицензиялық жиналым көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте айқындалады.
Тармақ 6
6. Аумақтық жағынан аластатылған филиалдарға, нысандарға лицензияланатын қызмет түрін жүргізген жағдайларда, оларда нысандардың орналасқан жері көрсетіле отырып, лицензиармен расталған лицензия көшірмесі беріледі. Мүндай жағдайларда лицензиат лицензия алу туралы өтінішінде аластатылған барлық нысандарды көрсетуі тиіс және арызда көрсетілген барлық нысандар бойынша сәйкес қорытындысын коса береді.
Тармақ 7
7. Лицензия, қатаң есеп беру құжаты болып табылатын белгіленген нысандағы сүлелік бланкіде ресімделеді.
Тармақ 8
8. Лицензия беру туралы шешім барлық қажетті құжаттармен бірге, арыз берген күннен 10 күн аралығында қабылданады.
Тармақ 9
9. Лицензия бірақ данада ресімделеді, жоғалған жағдайда жаңартылмайды, бірақ, ол белгіленген тәртіпте қайта беріледі.
Тарау 16. Лицензиаттың құқы мен міндеттері
Лицензиаттың құқы мен міндеттері
Тармақ 10
10. Лицензиат мыналарға міндетті: - санитарлық, экологиялық, өрт қауіпсіздігі салаларындағы нормалық, құқықтық актілерді және басқа да қолданылып жүрген заңдарды сақтауға; - осы Тәртіпте баяндалған лицензиаттарға қойылатын талаптарды сақтауға; - келушілердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға; - қолма-қол ақшалай қаржының сақтығын қамтамасыз етуге; - келушілер үшін үй-жайларда осы ойын орнының жұмыс ережесін, өткізілетін ойындардың, аттракциондардың, ставка қабылдау ережелерін көрнекі жерде орналастыруды қамтамасыз етуге; - ойын үйінің кәссесінде жарияланған сыйақы қорын төлеу үшін қажетті ақшалай қаржының болуын қамтамасыз етуге.
Тарау 18. Лицензия беруден бас тарту, доғару, кейін шақырып алу, әрекетін тоқтату
Лицензия беруден бас тарту, доғару, кейін шақырып алу, әрекетін тоқтату
Тармақ 11
11. Лицензия беруден бас тарту «Лицензиялау туралы» қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жасалады. Лицензия беруден бас тартылғандығы туралы ескерту лицензиартқа себебі көрсетіле отырып, жазбаша түрде, лицензия беру үшін белгіленген мерзімде беріледі.
Тармақ 12
12. Лицензия өз әрекетін мына жағдайларда тоқтатады: - лицензия берілген мерзімінің бітуіне байланысты; - лицензияны кері шақырып алуға байланысты; - заңды тұлғаларды қайта ұйымдастырғанда немесе таратқанда.
Тармақ 13
13. Лицензиар лицензияның күшін тоқтатуға немесе лицензиат лицензиялық ережелерді сақтамаған жағдайда оны кейін шақырып алу үшін сотқа шағымдануға құкылы.
Тармақ 14
14. Лицензияның күшін тоқтатуға немесе оны беруден бас тартуға байланысты даулар соттармен шешіледі, лицензия беруден бас тартумен байланысты, болмаса, лицензия белгіленген мерзімде берілмеуіне байланысты даулар жөніндегі талаптар бір ай мерзімінде беріледі.
Тармақ 15
15. Лицензия беруді қайта қарауға байланысты экспертиза өткізу үшін басқа құзіретті органдардан мамандар тартылуы мүмкін.
Тарау 24. Жауапкершілік және лицензиялық жиналымның төленуін бақылау
Жауапкершілік және лицензиялық жиналымның төленуін бақылау
Тармақ 16
16. Лицензиат лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгіленген тәртіпте олар берген күжаттардың анықтығы үшін жауапкершілік үстайды.
Тармақ 17
17. Лицензиат лицензиясыз қызмет жасағандар үшін жауапкершілік ұстайды. Лицензиясыз қызметтерден алынған кіріс, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жергілікті бюджетке алынуға жатады.
Тарау 27. Инспекторлық бақылау
Инспекторлық бақылау
Тармақ 18
18. Лицензияр лицензиялық шарттардың жүзеге асырылуының сақталуына бақылау жасайды.