Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оповещения населения для осуществления систематической регистрации

Бұйрық · № 246 · қабылданған 24.08.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-35109/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил оповещения населения для осуществления систематической регистрации Қолданыста Бұйрық ·№ 246 ·24.08.2007
31.07.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.07.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оповещения населения для осуществления систематической регистрации

Қолданыста Бұйрық ·№ 246 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оповещения населения для осуществления систематической регистрации
Атауы (қаз.)
Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
246
Қабылданған күні
24.08.2007
Көрсетілген редакция
31.07.2018 35109_352495.kaz
Соңғы өзгеріс
31.07.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004940_
ЭКБ идентификаторы
35109
Редакция идентификаторы
35109_352495
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:07

0 Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру қағидаларын бекіту туралы

"Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру қағидалар бекітілсін.

2 2. Әділет аумақтық органдары осы бұйрықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің төрағасы С.С. Әбішке жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру қағидаларын

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
міндетін атқарушының
2007 жылғы 24 тамыздағы
№ 246 бұйрығымен
бекітілген
Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты
хабарландыру қағидаларын

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Тіркеуші орган жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы болып табылады.

3 3. Осы Қағида жүйелі тіркеуді жүзеге асыру үшін халықты хабарландырудың тәртібін белгілейді.

Жүйелі тіркеу құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы мәліметтермен толықтыру мақсатында жүзеге асырылады және есепке алу сипатында болады.

2 2- тарау. Хабарландырудың мақсаты және міндеттері

4 4. Халықты хабарландыру жүйелі тіркеуді жеделдету мақсатында құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы мәліметтермен толықтыру үшін жүзеге асырылады.

5 5. Хабарландыру жүйелі тіркеуді жүргізудің қажеттігін халықтың назарына жеткізу үшін талап етіледі.

3 3-тарау. Халықты хабарландыру тәртібі

6 6. Құқықтық кадастры жүгеге асырушы тіркеуші органдар халықты бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, халық көп жиналатын орындарда ақпараттық сетндттерді орналастыру арқылы да хабардар етеді.

7 7. Халықты жүйелі тіркеудің қажеттігі турлаы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілінде облыстық, республикалық маңызы бар, қалалық және аудандық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

8 8. Хабарландыруда мынадай мәліметтер:

1 1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі тіркеу үшін құжаттарды қабылдауды және беруді жүзеге асыратын органның орналасқан жері;

2 2) жүйелі тіркеуді жүргізу үшін қажетті құжаттардың тізбесі қамтылуы тиіс.

9 9. Тіркеуші органдар халықты жүйелі тіркеуді жүзеге асыру қажеттігі туралы жылына кемінде екі рет хабарландырады.

Қолданыстағы