Об установлении размера платы за размещение строительного мусора и непригодного грунта из зоны строительства моста через р.Иртыш в г.Семипалатинске Күшін жойған
Басқа 0
Семей қаласында Ертіс өзені арқылы салынып жатқан көпір құрылысы аймағынан құрылыс қоқыстары мен жарамсыз топырақты төгу үшін төлем мөлшерін белгілеу туралы
📌 Ескерту. ҚР заңнамасына қайшы келгендіктен ШҚО әділет департаменті бастығының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы хатының негізінде күші жойылды.
"Семей қаласында Ертiс өзенi арқылы салынатын көпiр құрылысының
Жобасын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы
4 тамыздағы N 1212 қаулысына, "Қоршаған ортаны қорғау туралы"
Қазақстан Републикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 10 бабы
2 тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап көпiр құрылысы аймағынан құрылыс
қоқысын және жарамсыз топырақты мына көлемде:
Тармақша 1
1) "Қазақстан жолдары" акционерлiк қоғамының
құрылыс қоқысы - 78 мың тонна,
жарамсыз топырақ - 76 мың тонна
Тармақша 2
2) "Ертiс құрылыс басқармасы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң
құрылыс қоқысы - 54 мың тонна,
жарамсыз топырақ - 110 мың тонна орналастыруы үшiн үстiмiздегi жылға "Қазақстан жолдары" акционерлiк қоғамына 154 мың теңге және "Ертiс құрылыс басқармасы" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгiне 164 мың теңге сома мөлшерiнде ақы төлеу белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетi (Шманов Н.Т.) "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленген норматив шегiнде облыстық бюджетке белгiленген төлемдердiң түсуiне бақылау жасасын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан жолдары" акционерлiк қоғамы мен "Ертiс құрылыс
басқармасы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi 1999 жыл аяқталғаннан
кейiн көпiр құрылысы аймағынан төгiлген құрылыс қоқысы мен жарамсыз
топырақтың iс-жүзiндегi көлемi туралы Семей аймақтық қоршаған ортаны
қорғау басқармасына есеп берсiн. Көрсетiлген көлемнен артқан жағдайда
табиғат қорғау заңдылығын бұзу ретiнде бағаланып, келтiрiлген зиянның орны
белгiленген тәртiппен толтырылады.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары М.Қ.Татаевқа жүктелсiн.