Об утверждении правил содержания животных в населенных пунктах района Магжана Жумабаева Күшін жойған
Басқа 0
Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексінің 3, 310 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Құқықтық сұрақтар жөніндегі кеңесші
Н.Годлевская
19.06.2007 ж.
Қазақстан Республикасы
ауылшаруашылық министрлігінің
М.Жұмабаев аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
А.Сағандықов
19.06.2007 ж.
Мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің Мағжан Жұмабаев
ауданы бойынша бөлімінің бастығы
С.Жигаев
19.06.2007 ж.
Басқа 3. Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесі
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының 2007 жылғы
15 маусымдағы № 42-4
«Мағжан Жұмабаев
ауданының елді мекендерінде
жануарларды ұстау ережесін
бекіту туралы» шешімімен
бекітілген
Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіп кешенін және ауыл аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабы 4 тармағы 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағы, 1 тармақшасына, 25 бабы 1 тармағына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 3, 310 бабына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Ереже жекеменшік түріне байланыссыз заңды және жеке тұлғалардың үй жануарлары мен құстарды ұстау және бағу бойынша құқықтары мен міндеттерін регламенттейді.
Тарау 2. 2. Жануарларды ұстауға қойылатын талаптар
2. Жануарларды ұстауға қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Жануарлардың иелеріне меншік түріне байланыссыз қажет:
Тармақша 1
1) жануарларды ұстау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ветеринарлық-санитарлық нормаларды қатаң сақтауға;
Тармақша 2
2) жануарлардың сәйкестендірілуін қамтамасыз етуге, мемлекеттік ветеринарлық инспекциясының инспекторларының нұсқауларын орындауға;
Тармақша 3
3) жануарларды ұстау, өсіру және қолдануды ветеринарлық (ветеринарлық-санитарлық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүргізуге;
Тармақша 4
4) жануарлардың өлімі мен бірнеше жануардың бір мезгілде ауруы дайында шұғыл түрде сәйкес әкімшілік аумақтағы ветеринарлық инспекторға хабарлауға, ветеринарлық маман келгенге дейін ауруға шалдықты деп сезіктенген жануарларларды бөлек ұстауды қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) жаңа сатып алынған жануарлар, жаңа туған төлдер туралы, жануарларды сою және сату туралы мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдарына хабарлауға;
Тармақша 6
6) жануарларды арнаулы белгіленген учаскелерде бағуға, қажетті ветеринарлық тексерістен өтпеген жануарларды бағуға жібермеуге.
Тармақ 4
4. Жануарлардың иелері жануарлардың карантиндік тәртібін сақтауы, жануарларды қараусыз қалдырмауы, қаңғып жүруін болдырмауы қажет.
Тармақ 5
5. Жануарларды бағу үшін белгіленген орындардан басқа аумақтарда еркін жіберуге, жануарларды және де мал шаруашылығы өнімдерін олардың меншіктігін және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін анықтайтын құжаттарсыз шеттен әкелуге және шығаруға болмайды.
Тармақ 6
6. Жануар иесінен сот шешімі арқылы немесе қолданыстағы заңнамамен көрсетілген басқа тәртіпте алынып қойылуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
3. Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 7
7. Осы ережені бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар, егер олардың іс-қимылы қылмыстық жауапкершілікке тартылмаса, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 8
8. Осы ереженің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен жүзеге асырылады.