Об утверждении правил содержания собак и кошек на территории района Магжана Жумабаева Күшін жойған
Басқа 0
Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында ит пен мысық ұстау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 3, 311 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мағжан Жұмабаев ауданында ит мен мысық ұстау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Құқықтық сұрақтар
жөніндегі кеңесші
Н.Годлевская
17.07.2007 ж.
Қазақстан Республикасы
ауылшаруашылық министрлігінің
М.Жұмабаев аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
А.Сағандықов
17.07.2007 ж.
Мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
департаментінің Мағжан Жұмабаев
ауданы бойынша бөлімінің бастығы
С.Жигаев
17.07.2007 ж.
Басқа 3. Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында ит пен мысық ұстау ЕРЕЖЕСІ
Мағжан Жүмабаев ауданы
мәслихатының 2007 жылғы
17 шілдедегі № 43-2 «Мағжан
Жұмабаев ауданының
аумағында ит пен мысық
ұстау ережесін бекіту туралы»
шешімімен бекітілген
Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында ит пен мысық ұстау ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағы 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 3, бабына сәйкес әзірленген және Мағжан Жұмабаев ауданындағы барлық пен мысық иелеріне таралады.
Тармақ 2
2. Ереже ит пен мысық ұстау бойынша меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Тарау 2. 2. Ит пен мысық ұстауға қойылатын талаптар
2. Ит пен мысық ұстауға қойылатын талаптар
Тармақ 3
3. Ит пен мысық иелері оларды ұстағанда қажет:
Тармақша 1
1) санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық-санитарлық ережелерді сақтауға, олардың жалпы қолданыс орындарын ластауын болдырмауға;
Тармақша 2
2) жануарларды оның биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға, жануарларға адамгершілікпен қарауға, күтімсіз қалдырмауға, ауырған жағдайда уақытында ветеринарлық көмек сүрауға;
Тармақша 3
3) айналасындағы адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдауға;
Тармақша 4
4) жануарларды мемлекеттік ветеринарлық инспектордың талабы бойынша тексеру, диагностикалық зерттеулер үшін, сақтандыра егу және емдік алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін әкелуге;
Тармақша 5
5) коммуналдық пәтерде тұрған жағдайда ит пен мысықты жалпы қолданыс орындарында (ас үй, дәліз, саты алаңдары, шатыр, өжіреде) ұстамауға.
Тармақ 4
4. Иесі дүкеннің, емдеу мекемелерінің, дәріхананың, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорынның, емхананың және басқа қоғамдық орындар алдына байлап кеткен иттерден басқа, иесінің жетегінсіз қоғамдық орындарда жүрген иттер арнайы қызметтермен аулануға тиіс.
Тармақ 5
5. Мас тұлғаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық жерлерде жүруге болмайды.
Жануарды одаң әрі ұстау мүмкіндігі болмаса, ол басқа тұлғаға берілуге тиіс.
Тармақ 6
6. Әркім үй жануарын сатып алуға және сатуға құқығы бар.
Жануарлар иесінен сот шешімі бойынша немесе қолданыстағы заңнамамен белгіленген басқа жағдайларда тартып алынуы мүмкін.
Тарау 3. 3. Осы ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
3. Осы ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 7
7. Осы ережені бұзғаны үшін кінәлі заңды және жеке тұлғалар, егер олардың әрекеттері құрамы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпаса, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Тармақ 8
8. Осы Ереженің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүзеге асырады.