Об оказании единовременной социальной помощи отдельным категориям граждан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және әлеуметтік көмек туралы» № 2247 Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 16 бабына, Петропавл қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 шілдедегі 34 сессиясының «Петропавл қалалық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 29 сессиясының «2007 жылға арналған Петропавл қаласының бюджеті туралы» № 2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 2 шешіміне, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 26 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмектің мынадай санаттағы азаматтарға төленуін қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
Тармақша 2
2) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге.
Тармақ 2
2. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті қала бюджетімен «Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» 451-007-000 бағдарламасы бойынша бекітіліп бөлінген қаражат шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары А.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның бірінші ресми жарыққа шыққан күннен бастап күшіне енеді.