Правила регистрации выпуска и погашения облигаций Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу Ережесін бекiту туралы Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы № 385 қаулысымен. Ескерту: Қаулының атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392 қаулысымен . Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу Ережесі бекiтiлсiн. Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы Ереженi бекiту үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
Тармақ 3
3. Талдау-сараптау басқармасы осы Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiткеннен кейiн жариялауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.
Тармақ 5. Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу ЕРЕЖЕСІ
5. Осы Ереженiң орындалысына бақылау жасау Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеу және бақылау басқармасына және осы Басқармаға жетекшiлiк ететiн БҚҰК мүшесiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1997 жылғы 20 желтоқсандағы N 156 Қаулысымен бекiтiлдi Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу ЕРЕЖЕСІ Ескерту: Ереженің атауы және мәтіні бойынша түрлі септіктегі "Осы Ереже" деген сөздер тиісті септіктегі "Осы Ережелер" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392 қаулысымен .
Тарау i. I тарау. Жалпы ережелер
I тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тармақ алынып тасталынды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392 қаулысымен .
Тармақ 2
2. Осы Ережелер мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы заңды тұлғалардың облигациялар шығару және оны Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясында (бұдан әрi - БҚҰК) тiркеу тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес облигациялардың әр түрлi түрлерiн эмиссиялауға құқықты.
Тармақ 4
4. Тармақ алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 84 қаулысымен .
Тармақ 5
5. Құқықтарды растау тәсiлi бойынша облигациялар атаулы болу керек.
Тармақ 6
6. Қатарына мыналар жатқызылған эмитенттiң активтерi облигация шығарылымын қамтамасыз ететiндер болып табылады: жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, ипотекалық банктік заем (кредит) шарттары бойынша талап ету құқықтарының кепілі және/немесе осындай шарттар бойынша ипотекалық куәліктер кепілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиттер бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылдауы мүмкін бағалы қағаздар және ақша кепілі ипотекалық облигациялар шығарылымын қамтамасыз ету болып табылады; ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепілдің құны ипотекалық банктік заем (кредит) шарттары бойынша негізгі борыш қалдығының сомаларынан, кепіл заты болып табылатын ақшадан, сондай-ақ номиналдық құннан (купондық борыштық бағалы қағаздар бойынша) не сатып алу бағасынан (дисконттық борыштық бағалы қағаздар бойынша) тұрады. Мұндайда ақша және бағалы қағаздар кепілі ипотекалық облигациялар шығару және орналастыру кезінде ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету болып табылатын кепілдің құрамына енгізіле алмайды, ал айналыс процесінде ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету ретінде ұсынылған, кепілге салынған ақша мен бағалы қағаздардың құны кепілдің жалпы құнының кемінде 20%-ін құрауы керек; - жылжымайтын мүлiктер; - эмитентке тиесiлi бағалы қағаздар; - ипотекалық облигациялар бойынша кепілді қоспағанда, ақша қаражаттары; - жылжымалы мүлiктер. Облигацияны өтеу мерзiмi аяқталғанша оның шығарылымын қамтамасыз ететiн мүлiктi үшiншi тұлғаларға иеленуге тыйым салынады. Материалдық емес активтер облигация шығарылымын қамтамасыз етуге қызмет ете алмайды. Ескерту: 6-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Облигация шығару шарттары эмитенттiң өз акцияларына ауыстыру арқылы шығарылымды өтеу мүмкiндiгiн жобалай алады.
Тармақ 8
8. Облигация шығару шарттары өзгертiлгенде облигацияларды олар бойынша тиiстi проценттердi төлей отырып мерзiмiнен бұрын өтеуге облигацияның меншiк иелерiнiң құқығы бар.
Тармақ 9
9. Облигация шығару шарттары өзгертiлгенде Облигация шығару шарттарында айқындалған баспа органында бұл туралы хабар жариялауға эмитент мiндеттi.
Тармақ 10
10. Облигацияның меншiк иесiнiң мүлiктiк құқықтарын, сондай-ақ облигация шығару және өтеу тәртiбiн эмитент Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және осы Ережелерге сәйкес айқындайды.
Тармақ 11
11. Облигацияның атаулы құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен де және шетелдiк валютамен де белгiлене алады және бiр эмиссияның барлық облигациялары үшiн бiрыңғай болу керек. Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 84 қаулысымен .
Тармақ 12
12. Тармақ алынып тасталынды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 84 қаулысымен .
Тармақ 13
13. Бөлiнiп берiлетiн пайданы және кәсiпорын таратылған кезде оның активтерiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес иеленуге облигацияның меншiк иелерiнiң құқығы бар.
Тармақ 14
14. Облигациялар бойынша проценттер эмитенттiң қаржы жағдайына қарамастан шығару шарттарымен белгiленген мерзiмдерде төлену керек.
Тармақ 15
15. Материалдық нысанда шығарылған облигацияның мынадай реквизиттерi болу керек: алдыңғы жағында: - бағалы қағаздың атауы -"облигация"; - бағалы қағаздың түрi -"атаулы"; - эмитенттiң фирмалық атауы, заңды мекенi және банктiк реквизиттерi; - осы шығарылымның БҚҰК мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi; - осы шығарылым облигациясының БҚҰК беретiн ұлттық идентификациялық нөмiрi; - облигацияның осы шығарылымның жалпы көлемi; - облигацияның нақтылы құны, облигация бойынша төленетiн проценттердiң мөлшерi және/немесе, өзге мүлiктi құқықтар, егер бұл көзделген болса; - облигацияның сериясы мен нөмiрi, уәкiлеттi тұлғалардың қолдары және эмитенттiң мөрi. сыртқы жағында: - атаулы облигациялар үшiн - фирмалық атауы және заңды тұлға-меншiк иесiнiң орналасқан жерi немесе жеке тұлға-меншiк иесiнiң аты-жөнi мен төлқұжат мәлiметтерi; - тираждар, ұтыс ойындарын жүргiзу шарттары (егер бұл көзделген болса); - өтеу шарттары. Облигацияға негiзгi бөлiгiнен басқа, проценттер төлеуге арналған купондық парақ қоса тiркелуi мүмкiн. Проценттер төлеуге арналған купонның мынадай реквизиттерi болу керек: - купонның реттiк нөмiрi; - облигацияның нөмiрi мен сериясы; - эмитенттiң аты; - проценттер төлеу мерзiмдiлiгi; - уәкiлеттi тұлғалардың қолдары мен эмитенттiң мөрi.
Тарау 2. 2 тарау. Облигация шығарылымы
2 тарау. Облигация шығарылымы
Тармақ 16
16. Облигация шығарылымы туралы шешiм Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында, эмитенттiң жарғысында көзделген тәртiппен қабылданады және эмитенттiң жоғары басқару органының шешiмiмен ресiмделедi.
Тармақ 17
17. Облигация шығарылымы материалдық және материалдық емес нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн.
Тармақ 18
18. Облигациялар олардың меншiк иелерiне эмитент iстерiн басқаруға қатысуға құқықтар бермейдi.
Тармақ 19
19. Облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттар Шығарылым шарттарында эмитент айқындаған мақсаттарға жұмсалады.
Тарау 3. 3 тарау. Облигация шығарылымын тiркеу
3 тарау. Облигация шығарылымын тiркеу
Тармақ 20
20. Облигация шығарылымын тiркеу үшiн, оның көлемiне қарамастан осы Ережелердiң N 1 қосымшасына сәйкес құжаттарды және N 2 қосымшасына сәйкес Облигация шығару шарттарын БҚҰК ұсыну керек.
Тармақ 21
21. Бұрынғы облигация шығарылымдары бойынша барлық мiндеттемелер орындалып болғанша және облигацияларды өтеу жөнiндегi есептi БҚҰК бекiткенше эмитентке облигацияның жаңа шығарылымына тыйым салынады.
Тармақ 21-1
21-1. Осы Ережелердің 21-тармағының күші мынадай жағдайларға қолданылмайды:
Тармақша 1
1) егер жаңа шығарылымның облигациялары ипотекалық болып табылса;
Тармақша 2
2) егер облигациялардың жаңа шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы Ұлттық комиссияның шешімін қабылдау сәтіне олардың эмитентінде олардың бұрын шығарған облигацияларын өтеу жөніндегі және/немесе олар бойынша сыйақы (мүдде) төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындалмау, толық немесе уақытында орындалмау жағдайлары болмаса; егер облигациялардың жаңа шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы Ұлттық комиссияның шешімін қабылдау сәтіне олардың эмитентінде "В-дан" ("Standart & Рооr's", "Moody's" немесе "Fitch" жіктеуі бойынша) төмен емес ұзақ мерзімді қамтамасыз етілмеген шетелдік валютадағы кредиттік рейтингтік бағалау бар болса; егер облигациялардың жаңа шығарылымын мемлекеттік тіркеу мақсатында құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның аяғының жағдайы бойынша левераж (міндеттемелердің мөлшерлерінің және олардың эмитентінің бухгалтерлік есеп жүргізу туралы заңдарға сәйкес есептелген өз капиталының арасындағы ара қатынас) 1,0-ден аспаса және осы облигациялар шығарылымын толық орналастыру нәтижесінде аталған өлшемнен аспайтын болса (осы Ережелердің 21-2-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескерумен). Ескерту: 21-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 21 желтоқсандағы N 92 қаулысымен . Ескерту: 21-1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392 қаулысымен .
Тармақ 21-2
21-2. Екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін олардың сақтаулары кезінде оларға облигациялардың бұрынғы шығарылымдарын өтеу туралы есептерді бекіткенге дейін облигациялардың жаңа шығарылымдарын жүзеге асыруға рұқсат етілетін левераждың шекті рұқсат етілген мәні ретінде өз капиталының жеткіліктілік коэффициентінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік мәні қолданылады. Ескерту: 21-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 21 желтоқсандағы N 92 қаулысымен .
Тармақ 22
22. Эмитент облигацияның кейiнгi эмиссияларын тiркеген жағдайда, жарғы мен құрылтай шартынан (немесе оны ауыстыратын құжаттан) басқа, осы Ережелердiң N 1а қосымшасында көрсетiлген құжаттарды, егер бұл құжаттарға өзгерiстер енгiзiлмесе, ұсыну қажет. Сондай-ақ, облигациялардың бұрынғы эмиссияларын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктердiң көшiрмелерiн және оларды өтеу туралы БҚҰК бекiткен есептердi ұсыну керек.
Тармақ 23
23. Облигация шығарылымдарын тiркеу үшiн эмитент ұсынған құжаттардағы мәлiметтердiң нақтылы үшiн БҚҰК жауап бермейдi.
Тармақ 24
24. Облигация эмиссиясын тiркеу кезiнде БҚҰК эмитенттiң қызметiне, құрылу ерекшелiктерiне, сондай-ақ облигацияның болашақтағы шығарылымын қамтамасыз етуге қатысты қосымша құжаттамаларды эмитенттен талап етуге құқықты.
Тармақ 25
25. Облигация шығарылымын тiркеуден бас тартқан және тiркеуге құжаттарды қайтадан ұсынған жағдайда, қарау мерзiмiн есептеу жаңарады.
Тармақ 26
26. Облигациялар ауыстырылған немесе оларды айналыстан алып қойған жағдайда тиiстi шешiм қабылданған күннен бастап 10 күн iшiнде эмитент БҚҰК-на мынадай құжаттарды ұсыну керек: - енгiзiлген өзгерiстердiң себептерi көрсетiлген өтiнiш; - акционерлердiң жалпы жиналысының облигацияларды ауыстыру, алып қою және жою тәртiбi көрсетiлген хаттамасы; - жаңа облигациялардың үлгiлерi; - баспа органында жарияланған хабардың ксерокөшiрмесi; - облигация шығару шарттарына жасалған өзгерiстер. Облигацияларды ауыстыру немесе оларды айналыстан алып қою туралы тиiстi рұқсатты алғаннан кейiн эмитент 30 күн iшiнде БҚҰК материалдық нысанда шығарылған облигацияларды жою туралы актiнi ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 27
27. Облигация шығарылымын тiркеу туралы БҚҰК ұсынылған құжаттарға қол қойған эмитенттiң лауазымды тұлғасы осы құжаттар мазмұнындағы мәлiметтердiң анықтылығы үшiн, сондай-ақ облигациялар шығару, орналастыру және өтеу ережелерiн сақтау үшiн заңмен белгiленген тәртiппен жауап бередi.
Тармақ 28
28. Ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заң және осы Ережелер талаптарына сәйкес келсе эмитентке осы Ережелердiң N 3 қосымшасына сәйкес облигация шығарылымын тiркеу туралы мемлекеттiк куәлiк берiледi.
Тармақ 29
29. Эмитентке аталған куәлiкпен қатар Айналысқа облигациялар шығару шарттарының БҚҰК атқарушы аппаратының штампымен расталған, тiркеу нөмiрi берiлген данасы қайтарылады.
Тармақ 30
30. Облигация шығарылымы тiркелгеннен кейiн эмитент: - материалдық нысанда шығарылған жағдайда облигациялардың шығарылуын қамтамасыз етуге; - облигациялар шығарылымының шарттары, орналастыру және өтеу туралы ақпараттық хабардың мәтiнiн БҚҰК келiсуге мiндеттi.
Тармақ 31
31. Жарияланған хабар облигацияларды айналысқа шығару шарттарына сәйкес келмеген жағдайда БҚҰК сәйкессiздiк жойылғанша облигация шығаруды кiдiртуге құқықты.
Тармақ 32
32. Эмиссияны мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылғанша бұқаралық ақпарат құралдарына облигация шығару шарттарын жарнамалауға тыйым салынады.
Тарау 4. 4 тарау. Облигация айналысы
4 тарау. Облигация айналысы
Тармақ 33
33. Айналысқа шығарылған атаулы облигациялар жөнiндегi құқықтардың қозғалысына есеп жүргiзу облигация ұстаушылар тiзiлiмiне тiркеу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 34
34. Тiзiлiм жүргiзудi облигация шығарылымының нысанына, тәсiлiне және көлемiне қарамастан эмитентпен жасасқан шарт негiзiнде тәуелсiз тiркеушi жүзеге асырады.
Тармақ 35
35. Материалдық түрде шығарылған атаулы облигацияның меншiк иесi өзгергенде, бұрынғы меншiк иесiнiң облигациясы жойылады және эмитент жаңа меншiк иесiне оның атына жазылған облигацияны бередi.
Тарау 5. 5 тарау. Облигацияны тiркеуден бас тарту, айналысын кiдiрту және шығарылымды болмаған деп тану
5 тарау. Облигацияны тiркеуден бас тарту, айналысын кiдiрту және шығарылымды болмаған деп тану
Тармақ 36
36. БҚҰК мынадай жағдайларда облигация шығарылымын тiркеуден бас тартуға құқықты: - облигация шығарылымын тiркеуге ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес келмесе; - облигация шығарылымы туралы мазмұнында жалған және үстiрт мәлiметтер бар ақпараттар берiлсе; - осы Ережелердiң талаптары бұзылса.
Тармақ 37
37. БҚҰК облигацияларды орналастыруды және айналысын мынадай жағдайларды кiдiртуге құқықты: - айналысқа облигациялар шығару шарттары бұзылса; - облигациялар айналысы барысында шығарылым шарттарын елеулi түрде өзгертетiн және инвесторларға қосымша хабарлауды талап ететiн жаңа ақпарат келiп түссе; - нақты орналастыру облигация эмиссиясының тiркелген көлемiнен асып кетсе.
Тармақ 38
38. Облигация эмиссиясын кiдiрту үшiн негiз болған жолсыздықтарды жою жөнiндегi талаптарды эмитент орындамаған жағдайда БҚҰК облигация эмиссиясын болмаған деп тануға құқықты.
Тармақ 39
39. Осы Ережелердiң 6-тарауының 49-тармағында белгiленген мерзiмде облигация шығарылымы толық орналастырылмаған жағдайда БҚҰК облигация эмиссиясын болмаған деп тануға құқықты.
Тармақ 40
40. Облигация эмиссиясы болмаған деп танылған жағдайда осы шығарылымның облигациялары эмитентке қайтарылуға жатады және жойылады, ал эмитенттiң орналастырудан алған қаражаттары инвесторларға қайтарылады.
Тармақ 41
41. Дау туындағанда БҚҰК эмитент алған қаражаттарды мәжбүр етiп қайтару туралы талаппен сот органдарына жүгiнуге құқықты.
Тармақ 42
42. БҚҰК облигация эмиссиясын болмаған деп тану туралы шешiмi жөнiнде сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн.
Тармақ 43
43. Облигация айналысын кiдiртудi және эмиссияны болмаған деп тануды БҚҰК эмитентке жазбаша нысанда жеткiзедi және эмитент БҚҰК жазбаша ескертпесiн алған сәттен бастап 7 күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына жариялайды.
Тармақ 44
44. Осы Ережелерде көрсетiлмеген негiздер бойынша шығарылымды тiркеуден бас тартуға және оны кiдiртуге, сондай-ақ облигация эмиссиясын болмаған деп тануға жол берiлмейдi.
Тарау 6. 6 тарау. Облигацияларды орналастыру және өтеу
6 тарау. Облигацияларды орналастыру және өтеу
Тармақ 45
45. Облигацияларды орналастыру мерзiмi шығарылымды мемлекеттiк тiркеген күннен бастап 7 айдан тұрады.
Тармақ 46
46. Облигацияларды өтеудi және осы шығарылым бойынша мiндеттемелердi орындауды эмитент айналысқа облигацияларды шығару шарттарымен белгiленген мерзiмдерде жүзеге асырады.
Тармақ 47
47. Облигацияларды орналастыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн эмитент бiр ай iшiнде осы Ережелердiң N 4 қосымшасына сәйкес облигация шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы есептi бекiту үшiн БҚҰК ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 48
48. Шығарылымның тiркелген көлемi толық орналастырылмаған жағдайда эмитент БҚҰК осы Ережелердiң N 16 қосымшасына сәйкес құжаттар жиынтығын ұсына отырып, нақты тартылған заем капиталының мөлшерiне шығарылымды қайта тiркеуге мiндеттi.
Тармақ 49
49. Облигацияларды өтеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн эмитент бiр ай iшiнде осы Ережелердiң N 5 қосымшасына сәйкес облигация шығарылымын өтеу қорытындылары туралы есептi бекiту үшiн БҚҰК ұсынуға мiндеттi.
Тармақ 50
50. Облигация шығарылымын орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердi бекiту жазбаша ескертпемен ресiмделедi және есептi БҚҰК ұсынған күннен бастап 14 күн iшiнде эмитентке жiбередi. Егер есептi ұсынған күннен кейiнгi келесi күннен бастап 14 күн iшiнде оны қарау нәтижелерi туралы БҚҰК хабарламаса, онда ұсынылған есеп бекiтiлген болып саналады.
Тармақ 51
51. Эмитент қайта ұйымдастырылған жағдайда оның облигацияларды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерi ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан құқықтық мұрагерге өтедi.
Тармақ 52. Облигациялар эмиссиясын тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына ұсынылатын құжаттардың тiзбесi
52. Облигацияларды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепке қол қойған лауазымды тұлғалар оның мазмұнындағы мәлiметтердiң анықтылығы үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi. "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" № 1а қосымша Ескерту: 1а қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392 қаулысымен . Облигациялар эмиссиясын тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына ұсынылатын құжаттардың тiзбесi Облигациялар эмиссиясын тiркеу үшiн мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Тармақ 1
1. Эмиссия сомасы мен құрылымы, шығарылатын облигациялардың түрi, эмиссия нөмiрi, шаруашылық субъектiсiнiң түрi, эмиссияны жүзеге асыру мақсаттары көрсетiлiп еркiн нысанда жазылған және лауазымды тұлғасы қол қойған эмитенттiң өтiнiшi.
Тармақ 2
2. Эмитенттiң жоғары басқару органының облигация шығарылымы туралы шешiм қабылданған, шығарылатын облигациялардың нысаны, түрi және үлгiсi көрсетiлiп заң талаптарына сәйкес жасалған хаттамасы немесе хаттамадан үзiндi-көшiрме.
Тармақ 3
3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
Тармақ 4
4. Барлық өзгерiстерi мен толықтыруларымен мемлекеттiк тiркеу органдарында тiркелген, тiгiлген және нотариалды жолмен расталған жарғының көшiрмесi.
Тармақ 5
5. Өзгерiстерi мен толықтыруларымен бiрге құрылтай шартының нотариалды жолмен куәландырылған көшiрмесi (ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамдардан басқа).
Тармақ 6
6. Шығарылымның материалдық нысаны кезiнде - мазмұнында осы Ережеге сәйкес қажеттi реквизиттерi бар облигациялардың үлгiсi, екi дана. Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392 қаулысымен .
Тармақ 7
7. Бiрiншi басшы, бас бухгалтер және тексеру комиссиясының төрағасы қол қойған, эмитенттiң мөрiмен куәландырылған, N 2 қосымшаға сәйкес жасалған қаржылық есеп берумен бiрге тiгiлген Айналысқа облигациялар шығару шарттарының екi данасы. Қаржылық есеп беру аудиторлық есеппен расталады. Қамтамасыз етілген облигацияларды (ипотекалық облигацияларды қоспағанда) мемлекеттік тіркеу кезінде - аудиторлық есеп не облигациялар шығарылымының қамтамасыз етілгендігін және ақшалай бағалауды растайтын мүлікті бағалау туралы есеп. Ескерту: 7-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392 қаулысымен .
Тармақ 7-1
7-1. Егер эмитент ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында облигацияларды орналастыруды және/немесе айналысын жобаланған жағдайда - сауда-саттық ұйымдастырушының осы облигацияларды осы сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiндегi айналысқа рұқсат етiлген бағалы қағаздардың ресми тiзiмiне енгiзу мүмкiндiгi туралы қорытындысы (листингтiң осы облигациялар сәйкес келетiн санатын көрсетумен). Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 98 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Бағалы қағаздармен жасалған операцияларға төленген салық туралы төлем құжатының көшiрмесi. Төлем құжатында бағалы қағаздар-облигациялар эмиссиясымен жасалған операцияларға салық төлегендiк туралы мiндеттi түрде көрсетiлу керек.
Тармақ 9
9. Бағалы қағаздардың бұрынғы шығарылымдарын тiркеу туралы куәлiктердiң және орналастыру туралы БҚҰК бекiткен есептердiң көшiрмелерi.
Тармақ 10. Облигациялар шығарылымын тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына ұсынылатын құжаттардың тiзбесi
10. Банктiк операцияларды жүзеге асыратын банктер және банктiк емес қаржы мекемелерi үшiн облигация эмиссиясын тiркеу кезiнде БҚҰК-на Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сараптау қорытындысын ұсыну қажет. "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" № 1б қосымша Облигациялар шығарылымын тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына ұсынылатын құжаттардың тiзбесi Облигациялар шығарылымын қайта тiркеу үшiн мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
Тармақ 1
1. Заем капиталының нақты тартылған көлемi көрсетiле отырып, еркiн нысанда жазылған және лауазымды тұлғалары қол қойған эмитенттiң өтiнiші.
Тармақ 2
2. Айналысқа облигациялар шығару шарттарындағы өзгерiстер.
Тармақ 3
3. Айналысқа облигациялар шығару шарттарына енгiзiлген өзгерiстердi бекiту туралы қатысушылардың жалпы жиналысының хаттамасы.
Тармақ 4
4. Осы шығарылымды тiркеу туралы куәлiктiң түпнұсқасы және БҚҰК белгiсi қойылған айналысқа облигациялар шығару шарттары.
Тармақ 5
5. Банктiк операцияларды жүзеге асыратын банктер және банктiк емес қаржы мекемелерi үшiн облигация эмиссиясын қайта тiркеу кезiнде БҚҰК Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сараптау қорытындысын ұсыну қажет.
Тармақ 6. Айналысқа облигациялар шығару шарттары
6. Шығарылым шарттарының өзгерiсi туралы баспа органында жарияланған хабарландырудың ксерокөшiрмесi. "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" № 2 қосымша Айналысқа облигациялар шығару шарттары
Тармақ i. I. Эмитент туралы мәлiметтер
I. Эмитент туралы мәлiметтер
Тармақ 1
1. Эмитенттiң толық және қысқаша атауы.
Тармақ 2
2. Эмитенттiң ұйымдық-құқықтық нысаны.
Тармақ 3
3. Орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi: пошталық толық атауы, қызмет көрсететiн банктiң аты және оның орналасқан жерi, банктiң коды және ФАА.
Тармақ 4
4. Тiркеушi органның атауы және заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу датасы.
Тармақ 5
5. Шаруашылық субъектiсiнiң мемлекеттiк тiзiлiм бойынша нөмiрi.
Тармақ 6
6. Қызметiнiң негiзгi түрлерi.
Тармақ 7
7. Эмитенттiң негiзгi қаражаттарының қысқаша сипаты: - Мысалы: үй, ғимарат, көлiк құралдары, станоктар және құрал-жабдықтар және т.б.; - Соңғы рет қайта бағалаудың датасы. Негiзгi қаражаттың әрбiр түрi бойынша құны (бухгалтерлiк баланстың мәлiметi бойынша).
Тармақ 8
8. Жер учаскесiнiң мөлшерi.
Тармақ 9
9. Жарғы бойынша Резерв қорының мөлшерi (процентпен), Облигация шығарылымы туралы шешiм қабылданған датаға Резерв қорының нақты мөлшерi.
Тармақ 10
10. Салықтар төлеу жөнiндегi мерзiмi өтiп кеткен қарыздардың облигациялар шығарылымы туралы шешiм қабылдау сәтiне мөлшерi. Салықтың түрi. Қарыздың сомасы.
Тармақ 11
11. Бағалы қағаздардың бұрынғы шығарылымдары туралы мәлiметтер:
Тармақша а
а) түрлерi;
Тармақша ә
ә) шығарылымдардың даталары;
Тармақша б
б) шығарылымдарды мемлекеттiк тiркеу туралы мәлiметтер;
Тармақша в
в) акциялар эмиссиялары бойынша есептердi және облигациялардың бұрынғы шығарылымдарын өтеу қорытындылары туралы есептердi бекiту даталары;
Тармақша г
г) шығарылымдардың көлемдерi.
Тармақ ii. II. Эмитенттiң қаржылық күй-жайы туралы мәлiметтер
II. Эмитенттiң қаржылық күй-жайы туралы мәлiметтер
Тармақ 12
12. Эмитенттiң қаржылық күй-жайын растайтын құжаттарға мыналар жатады: Салық инспекциясының белгiсi қойылған соңғы үш қаржы  жылдарының бухгалтерлiк балансы (ЕҚЖЖ бойынша N 1-үлгi) және  балансқа қосымша (ЕҚЖЖ бойынша N 2 және N 3-үлгiлер). Соңғы есептi кезең жағдайы бойынша бухгалтерлiк баланстар және бухгалтерлiк балансқа қосымшалар. Облигациялар шығарылымы туралы шешiмдi қабылдау датасы мен құжаттарды тiркеуге ұсыну датасы арасындағы кезең үш айдан аспау керек.
Тармақ 13
13. Барлық қаржылық құжаттар облигациялардың айналымға шығу шартына сәйкес тігілуі керек. Ескерту: 13-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392 қаулысымен .
Тармақ iii. III. Келешектегi облигация шығарылымы туралы мәлiметтер
III. Келешектегi облигация шығарылымы туралы мәлiметтер
Тармақ 14
14. Облигация шығарылымы туралы жалпы мәлiметтер:
Тармақша а
а) шығарылымның жалпы көлемi және облигацияның нақтылы құны;
Тармақша ә
ә) шығарылатын облигациялардың түрлерi;
Тармақша б
б) шығарылатын облигациялардың жалпы саны;
Тармақша в
в) айналыс мерзiмi;
Тармақша г
г) облигациялар бойынша мiндеттемелердiң орындалысын қамтамасыз ету тәсiлдерi;
Тармақша ғ
ғ) орналастыру мерзiмi; д-1) эмитенттiң облигацияларды листингтiң осы облигациялар сәйкес келетiн санатын көрсете отырып сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiндегi айналысқа рұқсат етiлген бағалы қағаздардың ресми тiзiмiне енгiзу бастамасы жөнiндегі ниетi туралы мәлiмет. Ескерту: д-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 11 қаңтардағы N 98 қаулысымен .
Тармақ 15
15. Шығарылымды өтеу тәртiбi туралы мәлiметтер:
Тармақша а
а) проценттердi төлеу мерзiмдерi;
Тармақша ә
ә) ұтыс тираждарын өткiзу шарттары (егер бұл қарастырылса);
Тармақша б
б) өтеу шарттары.
Тармақ 16
16. Эмитенттiң мiндеттемелерiн орындайтын орын.
Тармақ 17
17. Облигация шығару арқылы жұмылдырылатын қаражаттарды пайдалану бағыттары мен тәртiбi: - жаңа өндiрiстi ұйымдастыру (нақты қайсы екенiн атаңыз); - жұмыс iстеп тұрған өндiрiстi кеңейту, түрлендiру немесе қайта құру (қайта құрылатын өндiрiстiк бөлiмшелердi атаңыз); - жаңа технология жасау және игеру; - басқасы.
Тармақ 18
18. Облигациялық заем бағдарламасын енгiзу кезiнде жұмсалған қаражаттардың есебi және жобаланған пайданың есебi.
Тармақ 19. Облигация шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы КУӘЛIК
19. Топтар бойынша тәуекел факторларын талдау: - экономикалық (мысалы: эмитент қызметi жүйесiнiң инфляцияға ұшырауы, кәсiпорынның айналыс қаражаттарын құруға банктiк проценттiң әсерi және т.б.); - бәсекелер әсерi (мысалы: саладағы аса төмен бағалармен ұқсас өнiмдер шығаратын кәсiпорындар және т.б.); - техникалық (мысалы: құрал-саймандар бөлшектерiнiң тозуы және т.б.); - экологиялық (мысалы: экологиялық нормативтердiң бұзылуынан кәсiпорынның жабылу мүмкiндiгi). "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" № 3 қосымша Облигация шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы КУӘЛIК Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы ____________________________________________________ (тiркеушi органның орналасқан жерi) тiркелген ____________________________________________________ (толық атауы және заңды мекенi) мынадай бағалы қағаздардың __________________ шығарылымына рұқсат (эмиссия нөмiрi) етедi: облигация түрi    саны    номиналы    сомасы    ҰИН ______________    ____    ________    ______    ___ жарғылық қоры ________ теңге болғанда, жалпы сомасы _______ теңгеге. Облигацияның эмиссиясы _________ нысанда жүзеге асырылады. Облигацияның эмиссиясы Мемлекеттiк тiзiлiмге N _____ енгiзiлдi. Ұлттық комиссияның Төрағасы     __________________ (қолы) "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" N 4 қосымша Облигация шығарылымын орналастыру қорытындылары туралы бiрыңғай есеп
Тармақ 1
1. Эмитенттiң толық және қысқаша атауы _______________________ (шаруашылық субъектiсiнiң ____________________________________________________________________ түрiн және үлгiсiн, орналасқан жерiн, қашан, кiм және қайда ____________________________________________________________________ тiркелгенiн көрсету керек)
Тармақ 2
2. Пошталық (заңды) мекенi ___________________________________
Тармақ 3
3. Облигация шығарылымын мемлекеттiк тiркеу датасы мен нөмiрi ____________________________________________________________________  (жалпы сомасы, түрлерi, үлгiлерi және номиналдары бойынша саны)
Тармақ 4
4. Шығарылым нысаны___________________________________________ (материалдық немесе материалдық емес) Егер эмиссия материалдық нысанда орналастырылса, онда облигацияны дайындауға тапсырысты кiм орындағанын көрсету керек.
Тармақ 5
5. Облигацияның осы шығарылымының тiзiлiм ұстаушысының атауы ____________________________________________________________________
Тармақ 6
6. Облигация шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған баспа органының атауы және жариялау датасы__________________________
Тармақ 7
7. Облигацияны орналастырудың басталуы________________________ және облигацияны орналастырудың аяқталуы ___________________________
Тармақ 7-1
7-1. Ипотекалық облигациялар шығару кезінде эмитент жылжымайтын мүлік ипотекасымен қамтамасыз етілген, ипотекалық банктік заем (кредит) шарттары бойынша талап ету құқықтарының кепілі және/немесе осындай шарттар бойынша ипотекалық куәліктер кепілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиттер бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылдауы мүмкін бағалы қағаздар және ақша кепілі шартының (шарттарының) олардың мемлекеттік тіркелгендігі туралы белгісімен қоса көшірмесін (көшірмелерін) ұсынады. Ескерту: 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 23 қыркүйектегі N 392 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Облигацияларды төлеу _____________ сомада ақша қаражаттарын енгiзу арқылы жүргiзiлдi.
Тармақ 9. Облигация шығарылымын өтеу қорытындылары туралы бiрыңғай есеп
9. Облигация шығарылымының орналастырылмаған көлемi___________ Президент __________________________ М.О .                   Бас бухгалтер_______________________ Тексеру комиссиясының төрағасы _____ "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" № 5 қосымша Облигация шығарылымын өтеу қорытындылары туралы бiрыңғай есеп
Тармақ 1
1. Эмитенттiң толық және қысқаша атауы ________________________ (шаруашылық субъектiсiнiң ____________________________________________________________________ түрiн және үлгiсiн, орналасқан жерiн, қашан, кiм және қайда ____________________________________________________________________ тiркелгенiн көрсету керек)
Тармақ 2
2. Пошталық (заңды) мекенi ____________________________________
Тармақ 3
3. Облигация шығарылымын мемлекеттiк тiркеу датасы мен нөмiрi__ Эмиссияның мөлшерi мен құрылымы _______________________________ (жалпы сомасы, түрлерi, ____________________________________________________________________ үлгiлерi және номиналдары бойынша саны)
Тармақ 4
4. Шығарылым нысаны____________________________________________ (материалдық немесе материалдық емес) Егер эмиссия материалдық нысанда орналастырылса, онда облигацияны дайындауға тапсырысты кiм орындағанын көрсету керек.
Тармақ 5
5. Облигацияның осы шығарылымының тiзiлiм ұстаушысы туралы мәлiметтер.
Тармақ 6
6. Облигация шығарылымын орналастыру туралы есептi БҚҰК бекiткен датасы____________________
Тармақ 7
7. Облигацияны орналастырудың басталуы_________________________ және облигацияны орналастырудың аяқталуы ___________________________
Тармақ 8
8. Төленген проценттердiң мөлшерi _____________________________
Тармақ 9. Ұсынылатын құжаттамаларды ресiмдеу үлгiсi
9. Өтелмеген облигациялардың саны _____________________________ Президент __________________________ М.О.                   Бас бухгалтер_______________________ Тексеру комиссиясының төрағасы _____ "Облигациялар шығарылымын тiркеу және өтеу тәртiбi туралы Ережеге" № 6 қосымша Ұсынылатын құжаттамаларды ресiмдеу үлгiсi Облигация эмиссиясын тiркеу үшiн ұсынған құжаттар БҚҰК келiп түскен датасы "__"__________ 199__ ж. Эмитенттiң атауы ________________________________ Эмитенттiң мекенi________________________________ _________________________________________________ Эмитенттiң жауапты қызметкерi____________________ _________________________________________________ (аты-жөнi, телефон, факс нөмiрлерi) Ұсынылған құжаттамалардың тiзбесi:                 Данасы
Тармақ 1
1. Эмитенттiң өтiнiшi                                1
Тармақ 2
2. Жалпы жиналыс шешiмдердiң хаттамасы               1
Тармақ 3
3. Мем.тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi             1
Тармақ 4
4. Жарғының көшiрмесi                                1
Тармақ 5
5. Құрылтай шартының көшiрмесi                       1
Тармақ 6
6. Облигациялардың үлгiлерi                          -
Тармақ 7
7. Тiзiлiм жүргiзу тәртiбiн айқындайтын құжаттар     -
Тармақ 8
8. Айналысқа облигациялар шығару шарттары            2
Тармақ 9
9. Төлем тапсырысының көшiрмесi                      1
Тармақ 10
10. Бұрынғы эмиссия қорытындысы туралы есеп          -
Тармақ 11
11. Статистикалық карточканың көшiрмесi              1
Тармақ 12
12. Облигация шығарылымын қамтамасыз етудi           - растайтын құжаттар Құжаттардың толықтығы тексерiлдi _____________________________ (Ұлттық комиссияның атқарушы аппаратының жауапты қызметкерi) Ескерту: Құжаттардың ресiмдеу үлгiлерiн папкаға желiмдей отырып, құжат тiгiлетiн қағаз папкамен ұсыну керек.