Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы №149 Заңына және осы Заңның іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 қаулысына сәйкес, Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 31 шілдедегі №2-2/1452 заң бұзушылықты жою туралы ұсынымын ескере отырып, Қарқаралы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 5 қантардағы №2 қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 2
2. Аудан бойынша әлеуметтік жағынан қорғауға мұқтаж, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыздар есебінде тіркелген азаматтарың арасынан 2007 жылы 550 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылып, төмендегідей жұмыс түрлері белгіленсін:
Тармақша 1
1) көктемгі, жазғы, күзге ауылшаруашылық науқандық жұмыстарына («Ауылшаруашылық жұмыстары» бағдарламасы бойынша) – 150 адам;
Тармақша 2
2) қала аумағын, елді мекендерді тазарту, көгалдандыру жұмыстарына – 100 адам;
Тармақша 3
3) құрылыс және жол жөндеу жұмыстарына – 60 адам;
Тармақша 4
4) коммуналдық шаруашылық саласындағы жұмыстарға – 50 адам;
Тармақша 5
5) «Аулалық клубтарды» ұйымдастыру жұмыстарына (педагог – тәрбиеші) – 5 адам;
Тармақша 6
6) әлеуметтік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарға – 10 адам;
Тармақша 7
7) ауқымды бұқаралық – мәдени шараларды ұйымдастыру жұмыстарына – 20 адам;
Тармақша 8
8) әкімшілік басқару органдары - 55 адам;
Тармақша 9
9) аймақтық экологиялық сауықтандыру, көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарына - 50 адам;
Тармақша 10
10) республикалық аймақтық санақ жұмыстарына – 20 адам;
Тармақша 11
11) тарихи архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарына – 20 адам;
Тармақша 12
12) денсаулық сақтау саласына, мейірбикелер көмегі және жасөспірімдермен жұмыс жасауға - 10 адам.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстар атқарылатын мекемелердің тізімі, №1 қосымшаға сәйкес, бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б.М.Жұманбаев) жұмыс берушілермен ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру жөнінде келісім шарт жасалсын.
Тармақ 5
5. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға 5 күндік 8 сағаттық еңбек уақыты және сенбі жексенбі күндері демалыс күні болып белгіленсін.
Тармақ 6
6. Аудандық қаржы бөлімі (Б.Қ.Ахметжанов) қоғамдық жұмыстар аудандық бюджеттен қаржыландырылып, аудан бюджеттен 13865,0 теңге бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың орташа айлық жалақасы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы №29/164 «2007 жылға арналған Республикалық бюджет» туралы Заңының негізінде ең төменгі жалақы (9752) мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С.Дүйсетаевқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы 2007 жылдың 1 қантарынан бастап қолданысқа енеді. «КЕЛІСІЛДІ» Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Бөлімінің меңгерушісі _________________________ Б.М.Жұманбаев «2» 09 2007 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі ___________________________ Б.К.Ахметжанов «2» 09 2007 жыл
Басқа 1. Қоғамдық жұмыстар атқарылатын мекемелердің тізімі
Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2007 жылдың 2 қыркүйектегі № 205 қаулысымен бекітілген № 1 қосымша Қоғамдық жұмыстар атқарылатын мекемелердің тізімі № Мекемелер Саны Сомасы 1 Қарқаралы қаласы әкімдігі 120 3147,1 2 Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар 5 210,0 3 Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2 105,0 4 Аудандық білім бөлімі 2 63,0 5 Аудандық медицина бірлестігі 3 210,0 6 Аудандық ішкі істер бөлімі 5 63,0 7 Аудандық спорт бөлімі 2 63,0 8 Балалар және жасөспірімдер орталығы 2 63,0 9 Статистика бөлімі 3 42,0 10 Қарқаралы аудандық қылмыстық атқару инспекциясы 6 63,0 11 Аудандық «Қарқаралы» газетінің редакциясы 2 42,0 12 Қарқаралы мемлекеттік ұлттық тәбиғат паркі 5 100,0 13 Аудандық әскери комиссариаты 5 126,0 14 Қарқаралы ауданы бойынша салық комитеті 5 100,0 15 Соттар әкімшісінің Қарқаралы аумақтық учаскесі 5 100,0 16 Аудандық прокуратуры 4 50,0 17 Қарқаралы аудандық пошта байланыс торабы 2 42,0 18 Мұрағат 5 42,0 19 Мұражай 4 50,0 20 Орталық кітапхана 6 42,0 21 Балалар кітапханасы 6 42,0 22 Әділет басқармасы 5 100,0 23 Зейнетақы тағайындау және төлеу орталығы 6 100,0 24 Телекоммуникация 1 36,8 25 Қарағайлы поселкесінің әкімдігі 20 350,0 26 Егіндібұлақ селолық әкімдігі 56 1800,0 27 Абай селолық әкімдігі 15 304,8 28 М.Мамраев селолық әкімдігі 15 268,3 29 Аманжолов селолық әкімдігі 15 263,6 30 Арқалық селолық әкімдігі 15 260,3 31 Балқантау селолық әкімдігі 15 322,6 32 Бақты селолық әкімдігі 10 287,6 33 Бесоба селолық әкімдігі 10 320,1 34 Н.Абдіров селолық әкімдігі 10 341,8 35 Жанатоған селолық әкімдігі 6 330,1 36 Ынталы селолық әкімдігі 10 297,3 37 Қайнарбұлақ селолық әкімдігі 10 300,3 38 Қаракөл селолық әкімдігі 15 272,3 39 Қаршығалы селолық әкімдігі 10 343,0 40 Қырғыз селолық әкімдігі 10 300,0 41 Қоянды селолық әкімдігі 15 323,0 42 Мәди селолық әкімдігі 15 294,5 43 Н.Нұрмақов селолық әкімдігі 15 343,5 44 Тегісшілдік селолық әкімдігі 10 323,5 45 Темірші селолық әкімдігі 10 307,5 46 Томар селолық әкімдігі 7 302,5 47 Угар селолық әкімдігі 10 263,0 48 Шарықты селолық әкімдігі 15 343,5 49 Барлығы 550 13865,0