Об утверждении Правил выплаты по оказанию социальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на расходы за коммунальные услуги Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету төлемдерінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңдестірілген адамдарға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, сонымен бірге Ақмола облыстық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 6 шілдедегі №ЗС-24-3 «2007 жылға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облысы Әділет департаментінде 2007 жылдың 18 шілдесінде №3229 тіркелгең шешімін және Ақмола облысы әкімдігінің «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» 2007 жылғы 28 шілдедегі №А-7/277 қаулысын негізге алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету төлемдерінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық қаржы бөлімі мақсатты трансфереттерің пайдаланылуына бақылау жасасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының әсері 2007 жылғы 1 шілдеде туындаған қатынастарға қатысты таралады.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сүйіндіков Қ.О.жүктелсін.
Тармақ 5
5. Қаулы Ақмола облысы Есіл ауданы әділет басқармасында мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілелі.
КЕЛІСІЛГЕН:
Искаков Абай Кокешевнч
Есіл аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бастығы
Корн Любовь Васильевна
Есіл аудандық Каржы
бөлімінің бастығы
Басқа 6
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
29 тамыздағы № а-8/192
қаулысына қосымша
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек көрсету төлемдерінің Ережесі
Осы ереже Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмекті төлеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әр айдың 25-нен кешіктірмей облыстық бюджеттің мақсатты ағымдағы трансфереттері есебінен 451007000 «Әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлем» аудандық бағдарламасы бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын өтеуге әлеуметтік көмек аударады.
Тармақ 2
2. Бір жолғы көмекті төлеу Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан әлеуметтік төлем төленетін Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, мүгедектерге жинақтық тізімге сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:
Тармақша 1
1) тармақта көрсетілгендей органдардың берген Ұлы Отан соғысына қатысушылары, мүгедектері тізімін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) әлеуметтік төлем төлеуді қалыптастырылған тізімнің негізімен Есіл аудандық пошта байланысы басқармасындағы жеке шоттарына мынадай көлемдерде аударумен жүзеге асырады;
әрбір Ұлы Отан соғысына қатысушыға және мүгедекке ай сайын 1686 теңгеден;
әрбір Ұлы Отан соғысына қатысушыға және мүгедекке жылыту маусымы кезеңдерінде 2730 теңгеден;
Тармақ 4
4. Әлеуметтік төлемінің есебі мен бақылауы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.